Практикалық сабақ № 7 Қан-тамыр жүйесінің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдісімен анықтау. Мақсаты: 1. Қан-тамыр жүйесінің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдісімен анықтауды үйрену.
2. Қанның систолалық және минуттық көлемiн есептеу әдiсiмен анықтау.
Құралдар: танометр, фонендоскоп, секундомер.
1. Систолалық көлемді анықтау Систолалық көлем дегеніміз - әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қанының мөлшері.
Қанның систолалық және минуттық көлемін анықтау (Мектептегі факультативтік сабаққа арналған)
Қанның систолалық және минуттық көлемін (СК,МК) лабораториялық әдістермен анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, эксперименталдық көрсеткіштердің көмегімен шығарылған формуламен есептеуге болады.
Солардың ішінде ең кең қолданылатын СТАРР формуласы:
СК=101+0,5хПҚ-0,6хДҚ-0,6хА Мұнда: СК-систолалық көлем
ПҚ-пульстық қысым (максималдық және минималдық қысымдардың айырмашылығы)
ДҚ-диастолалық қысым
А-зерттелуші адамның жасы
Осы формуламен анықталған СК мөлшері, классикалық әдістің көмегімен анықталған көрсеткіштерге сәйкес келетіндігі дәлелденген.
Қанның минуттық көлемін анықтау:
МК= СКхТСЖ МК-минуттық көлем
СК-систолалық көлем
ТСЖ-тамыр соғу жиілігі
Тапсырма: Артериялық қан қысымын тонометрмен өлшегенде анықталған көрсеткіштерді қолданып, СТАРР формуласының көмегімен СК мөлшерін қалыпты жағдайда және белгілі бір дене еңбегінен кейін есептеңіздер.
Сонымен бірге қанның минуттық көлемін (ҚМҚ) қалыпты жағдайда және дене еңбегінен кейін есептеңіздер. Ол үшін СК мөлшерін жүректің минуттық соғу жылдамдығына көбейтіңіз (Т.С.Ж)
Анықталған деректерді таблицаға жазыңыз.
Кесте 10
№
Көрсеткіштер
Қалыпты жағдай
1 жұмыс-
тан кейін (10 рет отырып-тұру)
2 жұмыс-
тан кейін (20 рет отырып-тұру)
1
Т.С.Ж.
2
Систолалық қысым
3
Диастолалық қысым
4
Пульстық қысым
5
Систолалық көлем
6
Минуттық көлем
Сонымен қатар, көпшілікті жаппай валеологиялық тексергенде қан айналым жүйесінің бейімделу қорын (потенциал) бағалауға болады. Ол үшін әр тексерушінің бойының ұзындығы, дене салмағы, жасы, тамыр соғу жиілігі, қан қысымы өлшенеді де арнайы формуламен қан айналым жүйесінің бейімделу қоры есептеледі.