Байланысты: Саба №1-2 Балалар мен жас спірімдерді физикалы дамуы. Ма саты
Практикалық сабақ № 12 Табиғи және жасанды жарыққа қойылатын гигиеналық талаптар. Мақсаты: Класс бөлмесінің табиғи және жасанды жарығына гигиеналық баға беру.
Құралдар: Рулетка, метрлік таспа, сызғыш, транспортир.
Табиғи жарық терезелердің және олардың әйнектерінің көлеміне байланысты. Неғұрлым олардың ауданы үлкен, көлемі көп болса соғұрлым жарық сәулелері мол өтіп, бөлме жарық болады. Бірақ терезелердің тым үлкен болуы бөлмені не тым суытып, не тым ысытып жіберуі мүмкін. Сондықтан жарық коэффициенті терезінің әйнектелген беттерінің еденнің ауданына қатынасы 1:4-1:5 болса, ауылдық жерлерде 1:6 болуы керек. ауылдық жерлерде бұның азырақ болуы мектептердің жанында күн сәулесін ұстап қалатын биік үйлер болмайды.
Терезелерінің төменгі жиегінің еденнен биіктігі 80-85
см – ден биік болмауы керек, ол жоғары жиегі төбеге неғұрлым жақын (20-30 см) болуы керек. Сондықтан жоғары жағы дөңгеленіп келген терезелер (готика архитектурасы) жасаудың қажеті жоқ, оқушылардың алдыңғы және артқы жақтарында орналасқан терезелердің де қажеті жоқ, олар күн сәулесін шағылыстырып кейде көлеңке де жасауы мүмкін. Лабораториялық бөлмелерде терезелері екі жақ қырдан орналасуы қажет. Терезелер арасындағы қашықтық 40–50 –ден аспауы керек.
Мектептер мен көп қабатты үйлер арасында арнайы қашықтық сақталғаны жөн. Сонымен бірге мектеп үйіне тым жақын биік өсетін ағаштарды отырғызудың да қажеті шамалы.
Бөлмедегі табиғи жарықтың мөлшерін қарапайым әдістің көмегімен анықтауға болады.
Егер бөлменің ең түпкірінен аспан терезенің барлық ауданы арқылы көрінсе, бөлме жарықтығы жақсы, 2/3 бөлігін ғана қамтыса, орташа және 1/2 бөлігінде ғана көрінсе, нашар деп есептеледі.
Жарықтың жеткілікті екенідігін анықтаудың келесі бір әдісі: көзі жақсы көретін оқушының 50 см қашықтықта ұстаған ұсақ шрифты кітапты «петит» еркін оқи алуы. Терезе әйнектері таза болуы керек. Күннің сәулесі мол түсу үшін терезелер оңтүстікке және оңтүстік батысқа қарай орнатылғаны жөн.
Мектеп үйінің жарық болуы сондай-ақ жиһаздардың, қабырғаларының, тіпті көршілес орналасқан үйлердің бояуының түсінеде байланысты. Олар ашық түсті бояулармен, соңғы кезде класс тақтасын қоңыр кейде жасыл түске бояйды. Кейбір оқымыстылардың айтуы бойынша көмірмен жазуға болатын ақ түсті тақталар қолдану дұрыс деп есептелінеді.