ІІІ. Жарық қуатын анықтау Барлық шамдардың қуатының (Вт) еденнің ауданына қатынасы. Бұл мына формуламен есептеледі:
ЖҚ = W*n S W – бір шамның қураты (Вт)
n – шам саны
S – еденнің ауданы (м2)
Мысалы: бөлменің ауданы 50 м2, шамдардың саны-6, бір люминесценттік шамның қуаты-40 Вт болса, жарық қуатының мөлшері қандай ?
ЖҚ = 40*6 =4,8 Вт/м2 50 Алынған нәтижені кестеге жазыңыз.
Жарық көрсеткіштері.
Кесте 14
Көрсеткіштер
Норма
Анықталған деректер
Терезе шынысының тазалығы
Жарық коэффициенті / ЖҚ/
Тереңдік коэффициенті /ТК/
Шамның жарық қуаты
+
Келесі жағдайларда ескере отырып, класс бөлмесінің схемасын салыңыз:
А) терезелердің орналасуы,
Ә) терезенің төменгі жиегінің биіктігі,
Б) терезелер аралығы (40-50 см болуы керек),
В) шамдардың орналасуы,
Г) бөлме қабырғаларының, жиһаздардың, тақтаның бояуы.
Қорытынды:анықталған нәтижелердің негізінде табиғи және жасанды жарықтың жеткіліктілігін көрсетіңіз.
Бақылау сұрақтары: 1. Анализатор және оның бөлімдері туралы не білесіз ?
2. Аккомодация көру өткірлігі және адаптация туралы не білесіз?
3. Жақыннан және алыстан көргіштікті қалай түсінесіз ?
4. Табиғи және жасанды жарыққа қандай гигиеналық талаптар қойылады?
5. Жақыннан көргіштікті болдырмау шаралары қандай ?
6. Күн сәулесі өсіп келе жатқан организмге қалай әсер етеді ? Рахит ауруының алдын алу шаралары қалай ?
Есептер: Балалар ойыншықтары әр түрлі түске боялады. қандай мақсатпен балаларға түрлі қарындаштарды ерте береді ?
Көзбен кітаптың немесе дәптерді аралығы 25 – 35 см не артық, не кем болмауы керек. Не себептен ?
Партаның (столдың) номері оқушының бойына сәйкес келуі керек. бұл ереженің көру анализаторының жұмысына қатысы бар ма ?
Рефракцияның бір түрі – миопия (жақыннан көргіштік). Бұл ауру ма, әлде норманың бір түрі ме ?
Адам көзінің құрылысы мен фотоаппараттың арасында ұқсайтың, айырмашылық та бар. Соларды атаңыз.