Балаларда жақыннан көргіштікті болдырмау шаралары
1. Мектепке дейінгі бастап стол басында дұрыс отыруды үйрету.
2. Мектепте және үйде көзге арналған жаттығулар жасау.
3. Көздегі өзгерістерді уақытында білу үшін балалардың әлсін - әлсін окулистің тексерісінен өтуі.
4. Көзі қыли балаларды арнаулы топтарға бқліп емдеу.
5. Демалыс пен жұмысты дұрыс алмастырып отыру.
6. Көзбен істейтін жұмысты арнаулы режиммен жүргізу (жұмыс істейтін жердің жарығы, қолайлы жиһаздар, кластың микроклиматы және т.б.)
7. Көз дәрігеріңіз (окулистің) ұсыныстарын (есте сақтау) (көзілдірік кию емделу)
Практикалық сабақ №15
Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемділік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік – денсаулыққа қатер.
Мақсаты:
1. Студенттердi iшiмдiктiң, темекiнің, есiрткiнің және зиянды дағдылардың алдын-алу амалдарымен танысу.
2. Сабақ нәтижесінде студенттер темекі мен алкогольдің тірі ұлпаға физиологиялық кеселін анықтау.
Тақырып бойынша талқыланатын мәселелер:
1. Дағдылар, олардьң түрлерi
2. Есiрткi заттардың жiктемесi
3. Адам ағзасына есiрткiнiң әсерi
4. Алкогольдi ішiмдiктер, олардың адам ағзасына әсерi
5. Темекi түтінінің адам ағзасына әсері.
6. Зиянды дағдылардың алдын алу амалдары.
Алкоголизмнің дамуының үш кезеңі
1. Невростеникалық. Ағзалар мен жүйелер қызметінде
өзгерістер туындайды: жад жадаулайды, назар тұрақтамайды,
ұйқы нашарлайды, ой жұмысына деген қабілет кете
бастайды, бас ауырады, ашуланшақ келеді.
2. Наркоманиялық Алкогольдық психоз, тәуелділік,
спирттік ішімдіктің мөлшері молаяды, тұрақты маскүнемдік
көзге түседі.
3. Қортынды немесе энцефалопатиялық. Үзілісті
білмейтін, салынған маскүнемдік, психоз, сандырақ, бүкіл
ағзаның әлсіреуі, қуаттың кетуі. адамгершіліктен ада болу -
бұл кезеңге тән сипаттар.
1. Темекі мен алкоголизмнің физиологиялық кеселі
Достарыңызбен бөлісу: |