Сабақ №1-2 Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы. Мақсаты



бет10/41
Дата01.04.2022
өлшемі235,5 Kb.
#137632
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
тәжірибелік сабақ

Практикалық сабақ № 5
Кардио - респираторлық жүйенің жасқа байланысты ерекшеліктері.
Мақсаты:
Қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде тамырдың соғуын саусақпен басып және тыныс алу жиілігін анықтау әдістерін меңгеру.
Құралдар: Секундомер
Кардио-респираторлық жүйе - тіршілікті қамтамасыз ететін екі жүйенің функционалдық бірлігі: бұл барлық мүшелер мен ұлпаларды қоректік заттармен және оттегімен қамтамасыз ететін қан айналым және тыныс алу мүшелері.
Жұмыстың барысы.
1. Тамыр соғуын саусақпен басу арқылы анықтау әдісін үйрену
Тамыр соғуын оң қолдың ортаңғы үш саусақтарымен сол қолдың білезік тұсындағы күре тамырды басып есептейді. Бұл кезде сол қол столдың үстінде бос орналасып, есептеушімен зерттелушіге қарсы отырады тамыр соғуын секундомердің көмегімен есептейді: 1 минут уақыт аралығында, 30 сек ішінде (көрсеткіш екі еселенеді), 20 сек ішінде (көрсеткіш 3 еселенеді), 15 сек ішінде (көрсеткіш 4 еселенеді) және 10 сек. ішінде (көрсеткіш 6 еселенеді). Соңғы бөлшектеп есептеуді бірнеше рет қайталап, тамыр соғуының орта мөлшерін анықтауға болады.
Өзіңіздің және жолдасыңыздың 1 мин. тамыр соғуын бөлшектеп есептеңіз. Егер айырмашылық байқалса, орта мөлшерін анықтап, есте сақтауға тырысыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет