Сабақ №1-2 Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы. Мақсаты



бет3/41
Дата01.04.2022
өлшемі235,5 Kb.
#137632
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
тәжірибелік сабақ
Тест по теме Линейная функция и ее график для 7 класса
L= 75+5 * n
n- жасы
Әртүрлі жас кезеңдегі бойдың ұзындығы және дене салмағы
Кесте 1

Көрсеткіштер

8 жас

10 жас

12 жас

14 жас

16 жас

18 жас

L, см

Ұл бала

126,3

136,3

143,9

157,0

169,8

172,3

Қызбала

126,4

137,3

147,8

157,3

160,2

161,8

m, кг

Ұл бала

26,1

32,9

35,8

46,1

59,1

67,6

Қыз бала

25,6

31,8

38,5

49,1

56,8

56,8



3. Кеуде қуысының шеңберін анықтау.
Т- қалыпты жағдайдағы кеуде қуысының шеңбері
Т1- дем алған кездегі кеуде қуысының шеңбері
Т2- дем шығарған кездегі кеуде қуысының шеңбері
Кеуде қуысының шеңберін өлшегенде сантиметрлік таспа дененің артында жауырының төменгі бұрышының деңгейінде, ал алдыңғы жақта төртінші жұп қабырғаның төстікке бекитін деңгейінде орналасуы қажет. Кеуде қуысының қалыпты жағдайда дем алуы және дем шығаруы кеуде қуысының эскурсиясы деп аталады. Кеуде куысының экскурсиясы келесі формуламен анықталады: (Т1 - Т2)
Ол ер балаларда 6-8см., қыз балаларда 3-6 см. болады.
КҚШ- кеуде куысының шеңбері
КҚШ=63+3 *(n-10)
4. Спирометрия. Бұл әдістің көмегімен өкпенің тіршілік сиымдылығын (Ө.Т.С.) анықтауға болады. Оны арнаулы спирометр арқылы өлшейді. Спирометрдің екі түрі бар: құрғақ және су құйылатын. Су құйылатын спирометр металдан жасалған іші қуыс бір- біріне салынған екі цилиндрден тұрады. Өкпенің тіршілік сиымдылығын терең дем алғанда ауаны арнаулы резина түтік арқылы дем шығарып спирометрдің ішкі цилиндрдің көтерілу мөлшері бойынша анықтайды.
Спирометрия - тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайын анықтайтын ең қолайлы әдіс.
Өкпенің тіршілік сиымдылығының орта көрсеткіштері: ер балаларда- 3500-5000 см3, қыз балаларда- 2500-3000см3.
5. Динамометрия- қол басы бұлшық еттерінің және арқаны жазатын бұлшық еттердің күшін анықтайтын әдіс.
d- қол басының күші. Қолды иық деңгейінде жазып ұстап, динамометрді саусақтарына қатты қысу керек. Өлшеу 3 рет қайталанады да, ең жоғарғы көрсеткіш есепке алынады.
Қол күшінің орта көрсеткіші ер балалар үшін 40-45 кг, ал қыз балалар үшін- 30-35 кг.
S- арқа бұлшық еттерінің күші. Динамометрдің платформасын екі аяқпен басып, тізені бүктеп, екі қолды тізенің деңгейінде ұстап құралдың тұтқасын жоғары тартып, арқаны біртіндеп жазу керек.
Арқа бұлшық етінің ер балаларда 130-150 кг, қыз балаларда 80-130кг болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет