Сабақ №1 2011 жыл 7-сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл



бет5/5
Дата29.03.2017
өлшемі1,14 Mb.
#12696
түріСабақ
1   2   3   4   5

Ескерту. Болжалды келер шақ-с жұрнағы арқылы болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс-әректтің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі жігерлі, үзілді-кесілді мән беруге бейім болады:

Бар-ма-с-пын, кел-ме-с-пін.

Кейде І жақ жіктік жалғауы –пын, -пін ықшамдалып , -н түрінде ғана жұмсалады.

Мысалы, бар-ма-с-пын- бар-ман, сөйле+ме+с+пін-сөйле+мен болып та қолданыла береді. Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі.
Жаңа материалды меңгерту.

136-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқып шығып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

Үлгі: жетер- есімшенің-ер жұрнағы арқылы жасалған.
137-жаттығу. Көшіріп жазып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктің астын сызыңдар.

138-жаттығу. Келер, жазар, көрінбес, оқыр деген келер шақ етістіктерін жекеше, көпше түрде жіктеп жазыңдар.

жақ

жекеше

көпше

І
ІІ

ІІІ


Келермін,жазармын, көрінбеспін, оқырмын

Келерсің, жазарсың, көрінерсің, оқырсың

Келерсіз, жазарсыз,көрінерсіз, оқырсыз

Келер, жазар, көрінбес,оқыр



Келерміз,жазармыз,көрінбеспіз,оқырмыз
Келерсіңдер,жазарсыңдар,көрінбессіңдер,оқырсыңдар

Келерсіздер, жазарсыздар,көрінбессіздер, оқырсыздар

Келер,жазар,көрінбес,оқыр



Сабақты қорытындылау.


  • Келер шақтың түрлері

  • Келер шақ дегеніміз не?

  • Болжалды келер шақ қалай жасалады?

Үйге тапсырма.

  1. 139-жаттығу. Берілген етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп, әрқайсысына сөйлем құрап жазу.

  2. Ж.Аймауытұлының «Әнші» әңгімесінен етістіктің шақтарына 2-3 мысал жазып келу.

  3. Ережені оқу.

Бағалау.
Сабақ№ 13 « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мақсатты келер шақ

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Мақсатты келер шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 139-жаттығу. Берілген етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп, әрқайсысына сөйлем құрап жазу.

  2. Ж.Аймауытұлының «Әнші» әңгімесінен етістіктің шақтарына 2-3 мысал жазып келу.

- Етістіктің шақтары дегеніміз не?

- Келер шақтың түрлерін ата.

- Болжалды келер шақ қалай жасалады? Мысал келтір.

Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.


  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.



Жасалуы:


Етістіктің түбіріне –мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы арқылы жасалады.

Етістіктің –мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнағынан соң –шы,-ші жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы арқылы жасалады.

–мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек және –шы,-ші тұлғалы негізгі етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы мақсатты келер шақтың болымсыз түрі жасалады.

Мен ауылға бар+мақ+пын.

Сен ерте кет+пек+сің



Мен ауылға бар+мақ+шы+мын. Сен ерте кет+пек+ші+сің.

Кемекші емеспін, бармақ емес-сің.


Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі


жақ

жекеше

көпше

І

ІІ
ІІІ



бармақпын, бармақшымын

бармақсың, бармақшысың

бармақсыз, бармақшысыз

бармақ-, бармақшы-



бармақпыз, бармақшымыз

бармақсыңыдар, бармақшысыңдар

бармақсыздар, бармақшысыздар

бармақ-, бармақшы-




140-жаттығу. Оқып шығып, мақсатты келер шақты тауып, қалай жасалғанын түсіндіріңдер.

Морфологиялық талдау (келер шақ тұлғасындағы етістіктерге)
Үйренбек- бек жұрнағы арқылы жасалған, түбірі-үйрен, салт етістік.

Саумақ- мақ жұрнағы арқылы жасалған, түбірі- сау, салт етістік.


141-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Өлеңмен мақсатты келер шақта тұрған етістіктерді тауып, жағымды не жағымсыз мағынада айтылғанын айырыңдар.
Шығармашалық тапсырма.

Ақынның айтпақ ойын өз сөздеріңмен жазып шығыңдар.



Сабақты бекіту.

Айтпақпын, келмекшімін етістіктерін жіктеу.
Сабақты қорытындылау.

-Мақсатты келер шақ қалай жасалады?

Болжалды келер шақ пен мақсатты келер шақтың айырмашылығы неде?

Үйге тапсырма:


  1. 142-жаттығу. Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап, жіктеп, әрқайсысына сөйлем құрап жазу.

  2. Ережені оқу.

Бағалау.

Сабақ№ « »________ жыл
Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы келер шақ

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Ауыспалы келер шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 142-жаттығу. Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап, жіктеп, әрқайсысына сөйлем құрап жазу.




  • Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.

  • Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.

- Етістіктің шақтары дегеніміз не?

- Келер шақтың түрлерін ата.

- Мақсатты келер шақ қалай жасалады? Мысал келтір.

Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.


  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты көсемшенің –а,-е,-й жұрнақтарының жіктелуі арқылы жасалады.

Сөйлемдегі мағынасы арқылы ажыратылады.



Ауыспалы осы шақ

Ауыспалы келер шақ

Ол нағашысының қолында тұрады. Келемін тау ішінде түнделетіп.

Ол ертең барады. Ауылға мен кешке келемін.




Осы шақ

Келер шақ

Ол мектепте оқиды.

Бұл жерде ағаш өседі.

Мен ылғи ерте тұрамын.

Ол өлең жазады.



Ол сабағын кешке оқиды.

Ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі.

Мен ертең ерте тұрамын.

Өлеңді ол есейгенде жазады.


Ескерту. Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақта І жақ жіктік жалғауы (мын,-мін) кейде ықшамдалып, -м түрінде жалғанады.



Мысалы:

Айт+а+мын- айт+а+м,

Кел+е+мін- кел+е+м ( көбіне ауызекі сөйлеу тіліне тән)


Оқулықпен жұмыс.

143-жаттығу. Болжалды келер шақты ауыспалы келер шаққа, ауыспалы келер шақты болжалды келер шаққа айналдырып жазыңдар.
144-жаттығу. Көшіріп жазып, келер шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар, келер шақтың қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.
Сабақты бекіту.

145-жаттығу. Баяндаймын, баяндамақпын, баяндармын деген сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеңдер.

Жақ

жекеше

көпше

І
ІІ

ІІІ


Баяндаймын, баяндамақпын, баяндармын

Баяндайсың, баяндамақсың, баяндарсың

Баяндайсыз, баяндамақсыз, баяндарсыз
Баяндайды, баяндамақ, баяндар


Баяндаймыз, баяндамақпыз, баяндармыз
Баяндайсыңдар,баяндамақсыңдар,

баяндарсыңдар

Баяндайсыздар, баяндамақсыздар, баяндарсыздар
Баяндайды, баяндамақ, баяндар



Сабақты қорытындылау.


  • Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақ қалай ажыратылады?

  • Ауыспалы келер шақ қалай жасалады?

Үйге тапсырма.

  1. 146-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын толық жазып келу.

  2. Сөйлемдерді аяқтап тұрған етістіктердің осы шақ немесе келер шақ екенін анықтаңдар.

  3. Ережені оқу.

Бағалау.


Сабақ№ « »________ жыл
Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Өткен шақтың түрлері. Жедел өткен шақ.

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Өткен шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 146-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын толық жазып келу.

  2. Сөйлемдерді аяқтап тұрған етістіктердің осы шақ немесе келер шақ екенін анықтаңдар.




  • Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.

  • Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.

- Етістіктің шақтары дегеніміз не?

- Келер шақтың түрлерін ата.

- Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақ қалай ажыратылады?
Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.

Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді.

Мысалы: Ол оқуды бітірді.(бітіру) Мен бұл кітапты оқыдым.(оқу) Ол кезде сен оннан асқансың. (асу) Шалдың бір баласы болыпты.(болу)




Жедел өткен шақ- қимылдың ,іс-әркеттің таяу уақытта болғанын, орындалғанын білдіреді.

Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды,-ді,ты,-ті жұрнағы қосылу арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады.



Мысалы: асан домбыра тарт-ты, мен өлең айт-ты-м. Сен үйге келме-ді-ң.
Жедел өткен шақтың жіктелу үлгісі


жақ

жекше

көпше

І

ІІ
ІІІ

Келдім, айттым, алмадым

Келдің, айттың, алмадың

Келдіңіз, айттыңыз, алмадыңыз

Келді-,айтты-, алмады-



Келдік, айттық, алмадық

Келдіңдер, айттыңдар, алмадыңдар

Келдіңіздер, айттыңыздар, алмадыңыздар

Келді-, айтты-,алмады-




жақ

жекеше

көпше

І

ІІ
ІІІ

-ң (анайы түрі)

-ңыз,-ңіз (сыпайы түрі)

(жалғауы жоқ)



-қ,,-к

ңдар,-ңдер (анайы түрі)

ңыздар,-ңіздер(сыпайы түрі)

(жалғауы жоқ)




Оқулықпен жұмыс.

148-жаттығу.

Тапсырма.

  1. Оқып шығып, қазақ елі түрлі ұлттардың Отаны бола білгендігін түсініңдер.

  2. Мәтіннен жедел өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалғанын түсіндіріңдер.


Сабақты бекіту.

149-жаттығу.Берілген етістіктерден жедел өткен шақ жасап, жіктеп, әрқайсысына сөйлем құраңдар.

Бар. Ойна. Жүгір. Жарыс. Сөйле.



Үлгі : бар-бардым, бардың, бардыңыз, барды.

Жартасқа бардым,

Күнде айғай салдым.

Одан да шықты жаңғырық. (Абай)


150-жаттығу.

1.Мәтінді оқу.

2. Жедел өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді теріп жазу.

3. Морфологиялық талдау жасау.


Қорытындылау.

  • Өткен шақтың түрлері.

  • Жедел өткен шақ қалай жасалады? Мысалмен дәлелде.

Үйге тапсырма.

  1. 151-жаттығу.

А) Потанинге мінездеме беру.

Ә) Жедел өткен шақта тұрған етістіктерді тауып жазу.

2. Ережені оқу.

Бағалау.

Сабақ№ « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Бұрынғы өткен шақ.

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Бұрынғы өткен шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


  1. 151-жаттығу.

А) Потанинге мінездеме беру.

Ә) Жедел өткен шақта тұрған етістіктерді тауып жазу.




  • Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.

  • Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.

- Етістіктің шақтары дегеніміз не?

- Өткен шақтың түрлерін ата.

- Жедел өткен шақ қалай жасалады? Мысалмен дәлелде.
Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.


  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді.



Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің.Ол ауылға барыпты.

Жасалуы:

-ып,-іп,-п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады.

-ған,-ген,-қан,-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады.


ған,-ген,-қан,-кен тұлғалы есімшеге немесе ып,-іп,-п тұлғалы көсемшеге де (еді) көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалады.

Мен бар-ып-пын, сен кел-іп-сің, ол айт-ып-ты.

Мен бар-ған-мын, сен ке-ген-сің, ол айт-қан.

Оқыған едім, оқыған едік, білген екенсің,


Бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгілері


жақ

жекеше

көпше

І

ІІ
ІІІ

айтыппын, келіппін

айтыпсың,келіпсің

айтыпсыз, келіпсіз

айтыпты, келіпті



айтыппыз, келіппіз

айтыпсыңдар, келіпсіңдер

айтыпсыздар, келіпсіздер

айтыпты, келіпті



І

ІІ
ІІІ

айтқанмын, келгенмін

айтқансың, келгенсің

айтқансыз,келгенсіз

айтқан-,келген-



айтқанбыз, келгенбіз

айтқансыңдар, келгенсіңдер

айтқансыздар, келгенсіздер

айтқан-, келген-




Оқулықпен жұмыс.

152-жаттығу. Оқып шығып, бұрынғы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, олар қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.
Тапсырма. Өлеңдегі етістіктерді көсемше тұлғасына түсіріп, қайта жазып шығыңдар.
153-жаттығу. –ған,-ген,-қан,-кен формалы бұрынғы өткен шақ етістіктерін тауып, оларды теріп жазыңдар. Жедел өткен шақпен салыстырыңдар. Әңгімеге ат қойыңдар.
154-жаттығу.(ауызша)

Мәтінді оқып, Әлихан Бөкейхан жөнінде білетіндеріңді ортаға салыңдар.



  • Әлихан Бөкейхан қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

  • Ә.Бөкейхан қандай тұлға?

  • Мәтіннен оқығандарыңнан басқа Әлихан Бөкейхан туралы не білесіңдер?


Сабақты қорытындылау.

  • Бұрынғы өткен шақ қалай жасалады?

  • Жедел өткен шақ пен бұрынғы өткен шақтың айырмашылығы неде?

Үйге тапсырма.

1.154-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, бұрынғы өткен шақта тұрған етістіктердің астын сызу.

2. Өткен шақ түрлеріне қатысты етістігі бар 5 мақал-мәтел жазып келу.

2. Ережені оқу.

Бағалау.

Сабақ№ « »________ жыл
Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы өткен шақ

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Ауыспалы өткен шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.154-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, бұрынғы өткен шақта тұрған етістіктердің астын сызу.

2. Өткен шақ түрлеріне қатысты етістігі бар 5 мақал-мәтел жазып келу.




  • Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.

  • Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.

- Етістіктің шақтары дегеніміз не?

- Бұрынғы өткен шақ қалай жасалады?

- Жедел өткен шақ пен бұрынғы өткен шақтың айырмашылығы неде?
Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.


  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Ауыспалы өткен шақ есімшенің атын,-етін,-йтын,-йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Жіктеліп келіп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі)жұмсалады.



Мысалы: Асан ауылға жиі баратын. Сен кітапханаға қашан баратын едің?
Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі


жақ

жекеше

көпше

І

ІІ


ІІІ

Көретінмін, қарайтынмын, баратын едім

Көретінсің,қарайтынсың,баратын едің

Көретінсіз, қарайтынсыз, баратын едіңіз

Көретін-,қарайтын-, баратын еді-



Көретінбіз, қарайтынбыз, баратын едік

Көретінсіңдер, қарайтынсыңдар, баратын едіңдер

Көретінсіздер, қарайтынсыздар, баратын едіңіздер

Көретін-, қарайтын-, баратын еді-




Материалды меңгерту тапсырмалары.

155- жаттығу. Оқып шығып, ауыспалы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалғанын түсіндіріңдер.
Үлгі:


Түбірі

жұрнағы арқылы жасалған

І. Тұр

Оқы


Қайт

Көрін-бе


ІІ.Соқ

Ал

Қара



-атын

-итын


-атын

-йтін


-атын

Атын


-йтын


156-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, етістіктерді шақ түрлеріне қарай талдаңдар.
157-жаттығу. (топқа бөлу)

І топ Осы шақ

ІІ топ Келер шақ

ІІІ топ Өткен шақ


Барлық шаққа (жарыс ойыны)

Ойын бастаушы тақтаға бірнеше етістіктер жазып (жүр, біл, ақылдас, үйрен, жаса, тоқы), оларды барлық шаққа жарыса жіктеуді тапсырады.ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді де, екі топтан екі бала кезекпен шығып, тақтадағы алғашқы етістікті жекеше, көпше түрде жарыса жіктейді. 1-бала жекше түрін айтқанда, 2-бала іле-шала көпше түрін айтуы керек. Әр етістікті жіктеуге екі баладан шығып, ойынды жалғастыра береді. Берілген етістіктің барлығын жаңылмай дұрыс жіктеп шыққан топ жеңіске жетеді.


Сабақты қорытындылау.

  • Ауыспалы өткен шақ қалай жасалады?

  • Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіңдер?

Үйге тапсырма.

  1. 157-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, ондағы өткен шақ етістіктердің түрлері мен жасалу жолын айтыңдар.

  2. Көркем әдебиеттен етістіктің шақтарына мысалдар жазып келу. (шығарманың тақырыбын, авторын жазу)

  3. Ережені оқу.

Бағалау.

Сабақ№ « »________ жыл
Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістік шақтары туралы алған білімдерін нығайту, оқыған материалдарын жинақтау.

дамытушылық мақсаты: шақтық мағынаны білдіретін етістіктердің іс жүзінде қолданылу жолдарын үйрету.

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ақылды болуға, ата-ананы сыйлауға, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.

Әдісі: оқу құралдарымен, дидактикалық материалдармен жұмыс істеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 157-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, ондағы өткен шақ етістіктердің түрлері мен жасалу жолын айтыңдар.

  2. Көркем әдебиеттен етістіктің шақтарына мысалдар жазып келу (шығарманың тақырыбын, авторын жазу)


ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Ой қозғау.

  • Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіңдер? Шақтың қандай түрлері бар?

Топпен жұмыс.

І топ осы шақ туралы баяндама жасайды.

ІІ топ келер шақты сипаттайды.

ІІІ топ өткен шақ туралы баяндама жасайды.

Әр топ бір-біріне сұрақтар қояды.
Өздік жұмыс.

158-жаттығу.

  1. Мәтінді оқып, шақтық мағынаны білдіретін етістіктерді теріп жазып, оны қасында отырған оқушы тексереді.

  2. Е көмекші етістігі тіркескен осы шақтық, келер шақтық және өткен шақтық етістік ойлап айтыңдар.

159-жаттығу. Мәтінді оқып, етістіктерді шақтық мағынасына, тұлғасына қарай бөліп жазыңдар.

Үлгі:

Жеткізер-келер шақ, негізі етістік

Өсер- келер шақ,негізгі етістік

Жасаған- бұрынғы өткен шақ, негізгі етістік

Көрген- бұрынғы өткен шақ, негізі етістік

Сүйрер- келер шақ, негзі етістік

Бар- осы шақ, негзгі етістік

Мекендейтін- ауыспалы өткен шақ, туынды етістік

Көрдім- осы шақ, негізгі етістік

Тереңдейтін- ауыспалы өткен шақ, туынды етістік

Жүреді-осы шақ, негізгі етістік

Көреді- осы шақ, негізгі етістік

Түсінген- бұрынғы өткен шақ, негізгі етістік

Туған- бұрынғы өткен шақ, негізгі етістік


Өздік жұмысы..

Тапсырма: Етістік шақтарына арналған бірнеше сөйлем болады. Сол сөйлемдерден оқушылар үндемей отырып, ішінен етістіктерді теріп жазады және етістіктердің қай шақты білдіретінін айтады.

1. Өнер- білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.(өткен шақ) (Ы.Алтынсарин)

2.Нұрлан хат жазып отыр.(осы шақ)

3. Оқушы кітап оқып тұр. (нақ осы шақ)

4. Атасының ана жылғы айтқан сөзі, ата бейнесі Жұмақанның көз алдына елестейді.

( ауыспалы осы шақ)

5.Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізер. (болжалды келер шақ)

6.Демалыста оқушылар қалаға баратын.(өткен шақ)

7.Асан домбыра тартты, мен өлең айттым. (жедел өткен шақ)

8.Ол ауылға бүгін баратын еді. (ауыспалы өткен шақ)

9. Ол мектепке ерте баратын. (келер шақ)
Сабақты тест сұрақтарымен қорытындылау.


  1. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрінде тұрған көрсетіңіз.

А. Көрдік

Ә. Көріп тұр

Б.Көріппін.

В.Көрмедік.



  1. Етістіктің болжалды келер шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

А. Келеді

Ә. Келермін

Б.Келмейді

В. Келіп кетті



3. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді табыңыз.

А. Қадірледі

Ә. Қадірлейтін+

Б. Қадірлейді

В. Қадірлепті



4. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.

А. Сырласатын

Ә. Демалып жатыр

Б. Пісірді

В.Ызаландырмақ+



5.Етістіктің жедел өткен шақ түрін табыңыз.

А. Баяндалған

Ә.Баяндалды

Б.Баяндама

В.Баяндар



6. Есімше тұлғасында тұрған сөзді табыңыз.

А.Тасуда

Ә.Тасылды

Б.Тасушы

В.Тасымас



7.Етістіктің жедел өткен шақ шағын көрсетіңіз.

А. Жеткізер

Ә.Жеткізген

Б.Жеткізді +

В. Жеткізеді



8. Қалып етістігін табыңыз.

А. Жүр +

Ә. Ет


Б. Де

В. Кел


9. Күрделі нақ осы шақты табыңыз.

А. Айтып тұрды

Ә.Алып жүрген

Б. Оқымай жүр +

В. Бара жатыр еді



10. Ауыспалы келер шақты табыңыз.

А. Кешке әкем жұмыстан келеді.+

Ә. Ол жылда көлге барады.

Б. Қыста көп қар жауды.

В. Мен көп алма жедім.


Үйге тапсырма.

  1. 162-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, ат қойыңдар.

  2. Етістіктің қай шақты білдіріп тұрғанын көрсетіп, шақ түрлеріне талдау жасап, қалай жасалғанын ажырату.

Бағалау.

Пысықтау сабағына жақсы қатысқан, тест жұмысынан көп ұпай жинаған,жақсы жауап берген оқушыларды мадақтап,бағалау.



Сабақ№ 19 « »________ жыл

Пәні : Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қысқы таң»

Сабақтың мақсаты: Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.

Пайдаланылған әдебиет: Диктанттар жинағы М.С.Атабаева «Білім» баспасы, 2006

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.



ІІ. Мәтінді оқу.

Күн бұлыңғыр. Жер жүзі әлі ашыла қоймапты. Суық боз тұман басып тұр. Онша қою емес. Сәл ғана ызғырық еседі.

Түні бойы қылаулаған болу керек. Кеше ғана айнадай қып сыпырып, күреп тастаған есік алданда жаздағы көк теректің басынан төгілген ақ үлпек сияқты боп, шұлықтан асар-аспас қылау қар көлпілдеп жатыр. Сатай торы дөнен тұрған қораға барғанша, үлпек қар табанына шодырайып жабысып қалды.

Бұл кезде таң әбден атқан. Тұман сәл сейілгендей болды, бірақ сол бқлыңғыр қалпы. Аспан мен жердің еш айырмашылығ жоқ, біртегіс ақ бұлыңғыр. Ұшқындаған ақ қырау таусылар емес, құйылып тұр. Қырау басқан торы дөненнің жал-құйрығы апақ. Сатайдың бойы тоңазып, кірпіктері қайта-қайта айқасып, жабысып қап келеді. Ол бойын жылытпақ боп, торы дөненді тебініп, шаба жөнелді.



(С.Мұратбеков, 120 сөз)
ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі.
Ү. Жазба жұмыстарын жинап алу.
ҮІ.Үйге тапсырма.

«Қысқы таң» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.





Сабақ№ « »________ жыл
Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өзіндік пікір білдіру деңгейін, шығармашылық қабілетін дамыту, еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағыттау,ойын жазбаша түрде жүйелі баяндауын қалыптастыру; ұқыптылыққа, адамгершілікке баулу.

Сабақтың әдісі:: шығарма жазу, ауызша мазмұндама.

Көрнекіліктер: Мәтіндер, слайдтар

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кееңі.

ІІ. Жаңа сабақ.


1.Шығармашылық жұмыс (ауызша мазмұндама)

«Атасы мен Жұмахан»

Жұмахан атасын алма ағашының көлеңкесіне бастап әкеліп, қолымен ағаштың бұтағын сипап, аз үнсіз отырды. Сонан бір кезде атасы әлденені күбірлеп айтқандай болды. Жұмахан ата сөзіне құлақ тосып, сөзін ұқпақ болды. Атасы аппақ сақалын қолымен тарамдай отырып:



  • Сақалым ағаш күрек борға малған,-деп жұмулы көзін ашып, айналаға қарады. Бірақ еш нәрсені болжай алмағандай, қайтадан ыңылдап:-Кәрілік немді қойдың қорламаған,-деп ағашқа сүйенді.

  • -Жұмахан күніне бір мезгіл келіп қасында еркелеп отырмаса, атасы іздейтін. Жұмахан қасына келгенде, Жәкең басынан сипап еркелетіп отыратын. Кейде: «Бүгіл, бұрау құсаған қыңырым, қандай адам болар екенсің. Әкең құсаған дарылдаған бақырауық боламысың, әлде шешең құсаған таңғы тауықтай шақырауық боламысың»,- дейтін.

Жәкеңнің қадағалап айтса естіп қалатын құлағына Жұмахан: «тәте, мен өзіңе тартам»,-дейтін. «Жарайсың, Жұмаханым, жарайсың, тек жақсы бол.Заманың жақсы. Оқы, адам бол»,-дейтін Жамбыл ақын.

«Әдемі сөйлеу» минуты.

Шарты:

  1. Бір оқушы жаттығу мәтінін 2 рет мәнерлеп оқиды, ал қалған оқушылар мұқият тыңдап отырады да, толық мазмұнын ауызша баяндайды.

  2. Әрқайсысы өз аталары мен әжелері туралы әңгіме айтуларына да болады.

  3. Оқушы сөйлеп тұрған кезде, оның етістік шақтарын қалай пайдаланып тұрғанын аңғарту.

2.Шығарма жазу.

«Мектептес достар» немесе «Кім болам?» деген тақырыптардың бірін таңдап, етістіктің шақ түрлерін қатыстырып, шағын шығарма жазу.



3.Конспект жазу. Етістіктің шақтарын пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды пайдаланып , ойларын жинақтап, еске түсіру конспектісін жазу.

4. Қорытындылау.

5. Үйге тапсырма. Етістіктің шақтық мағынаны білдіретін етістіктерді пайдалана отырып, оқулықтың ең соңында күнделік жазып үйренуге арналған жаттығумен танысып, келесі сабаққа дейін 2-3 күнге арнап күнделік жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет