Сабақ №1 2011 жыл 7-сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл



бет3/5
Дата29.03.2017
өлшемі1,14 Mb.
#12696
түріСабақ
1   2   3   4   5

Мәтінмен жұмыс.

41-жаттығу.

Тапсырма.Өлең мәтінін рөлге бөліп оқу. Әр септіктің сұрақтары мен жалғауларын естеріңе түсіріңдер.
42-жаттығу

Тапсырма. Өлеңді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөздердің қай септікте тұрғанын ажыратыңдар.
«Септеу эстафетасы» ойыны.

Шарты: Тақтаға үш қатардан үш оқушы шығып, берілген зат есімді септейді. Қайсысы бұрын аяқтаса, қатесіз орындаса, жеңімпаз болады. Септіктердің орны ауысып кетпеу және жалғаулары дұрыс жалғануы керек.
Отан, баласы, әжесі, ата, ел.
47- жаттығу. Берілген көмекші сөздердің негізгі сөздермен тіркестіріп, сол тіркесті қатыстырып сөйлем құраңдар.

Маң, қас, орта, үст, аст, іш, шет, қыр.



Үлгі: Ауылдың маңы көкорай шалғын. (Маңы- көмекші есім, ол ауылдың деген сөзбен байланысып тұр.)
46-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауын қойып жазып, қай септік екенін анықтаңдар.

Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат аңталас,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен,

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

(Абай)
Сабақты қорытындылау.



  • Септік жалағулардың ерекшеліктері неде?

  • Зат есімнің сөйлемдегі қызметі септік жалғаумен тікелей байланыстылығын қалай дәлелдейміз?

  • Көмекші есімдердің мағыналық қызметі жағынан қандай ерекшеліктері бар?


Үйге тапсырма.

  1. 45-жаттығу.

Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңдер, ол жалғаудың неліктен түрліше болғанын түсіндіру.

  1. 47-жаттығу.

  2. Ережені оқу.



Сабақ № 12 « »________ жыл

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

Сабақтың

білімділік мақсаты: Зат есімнің түрленуі туралы білімдерін кеңейте отырып, лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер ғана жіктелетіндігін, бұрынғы түсініктерін тереңдету.

дамытушылық мақсаты: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік мақсаты: : оқушыларды тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың өту әдістері : баяндау, түсіндіру жолымен қозғау салу, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 45-жаттығу.

Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңдер, ол жалғаудың неліктен түрліше болғанын түсіндіру.

  1. 47-жаттығу.


Тапсырма. Ойлан.Ізден.Тап.

  1. Кімге кім ие? Неге не ие? Қайсысы қай жалғауда тұр?

  2. Нысананы (обьектіні) және мезгілді білдіретін барыс жалғаулы сөздері бар екі сөйлем ойлап айтыңдар.

  3. Салыстыру мәнін білдіретін қай септіктегі сөз?

  4. Істің бірлестігін және себебін білдіретін сөздері бар екі сөйлем тауып айтыңдар. Олар қай септіктегі сөздер болуы керек?

  5. Жуан, жіңішке буындарға бірдей жалғана беретін және бір ғана дыбыстан тұратын жалғау қай септіктікі?

  1. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.


  • Тапсырма. Төмендегі зат есімдердің қайсысы жіктеліп, қайсысы жіктелмейді? Жіктелетіндерін үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеңдер.

Заңгер, құжат, заң, зейнетақы, зейнеткер, ғарыш, ғарышкер, үйрек, бүркіт, бүркіші, қой, жылқышы, ар, тілек, тілекші, Арман, Қанат, Сәуле.



Үлгі:

Жақ

Жекеше

Көпше

І

ІІ
ІІІ



Мен заңгермін, зейнеткермін

Сен заңгерсің, зейнеткерсің

Сіз заңгерсіз, зейнеткерсіз

Ол заңгер, зейнеткер




Біз заңгерміз, зейнеткерміз

Сендер заңгерсіңдер, зейнеткерсіңдер

Сіздер заңгерсіздер, зейнеткерсіздер

Олар заңгер, зейнеткер




Зат есімнің жіктелуі.

  • Лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер ғана жіктеліп келіп, жіктеу есімдіктерімен қатынасқа түседі. Адам аттары мен мамандық кәсібіне қатысты зат есімдерді үш жақта бірдей жекеше, көпше түрде жіктеп айтуға болады.

  • Кейде көркем әдебиетте нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың аттары адамның әр алуан қасиеттерін бейнелеу үшін ауыспалы мәнде жұмсалады.

Мысалы:

Шамдансам, жығар асаумын,

Шамырқансам, сынар болатпын. (Махамбет)


  1. Мәтінмен жұмыс.

49-жаттығу.

Төмендегі өлеңдерден жіктеліп тұрған зат есімдерді тауып, жіктелу себебін түсіндіріңдер.



50-жаттығу.

  1. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге түсінік беру.

  2. Олар қай сөз табы және қай формада тұрғанын талдау.

  3. Қазақ халқы қолданған ыдыс-аяқтар неден және қалай жасалғанын мәтінге сүйене отырып әңгімелеу.



5.Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей тапсырмасы. Зат есімнің жіктелуіне сөйлем құра. Оған синтаксистік талдау жаса.
ІІ деңгей тапсырмасы. Мына өлең шумақтарынан жіктік жалғаулы зат есімдерді тап.
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.


Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім! (Ж.Молдағалиев)


ІІІ деңгей тапсырмасы. Жіктік жалғаулы зат есмідер қатысқан жұмбақтарды жатқа жазыңдар.

6. Сабақты қорытындылау.

  • Зат есімнің жіктелуінде қандай ерекшелік бар?



Тапсырма.Ойлан.Ізден.Тап.

  1. Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер бола ма?

  2. Тәуелдік жалғауы қандай сөзден соң түсіп қалып айтылады?

  3. Септік жалғауларын бір-бірінен қалай ажыратуға болады?



7. Үйге тапсырма.

  1. 50-жаттығу.

  2. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімдерді қатыстыра отырып, «Сүйінші» атты мәтін құрастыру. Оған синтаксистік талдау жаса.

  3. Ережені оқу.

8. Бағалау.

Сабақ №13

Күні: _______________

Сыныбы: _________

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: Оқушылардың зат есім туралы білімдерін еске түсірту, зат есімнің сөйлемдегі қызметі туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың зат есім туралы білімдерін кеңейту.

ІІ. Дамытушылық: Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Тәрбиелік:Оқушылардың бойына адамгершілік, әдептілік, ұлтжандылық қасиеттерді сіңірту, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, плакатқа салынған суреттер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды сабақ процесіне дайындау.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Зат есімнің жіктелуі, оның жасалу жолдарын сұрау

  2. 49-50 жаттығуларды талабына сай тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар, бүгін біз сендермен зат есім тақырыбын ары қарай жалғастырамыз. Бүгінгі біздің тақырыбымыз – зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Бүгінгі біздің мақсатымыз – зат есімнің сөйлемдегі қызметін түсіну, осыған байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.

Бүгінгі тақырыбымыз да зат есімге байланысты болғандықтан, зат есімнен өткенді еске түсірейік. Зат есім бойынша білгендерін топтастыру

Жалпы зат есімнің сөйлемдегі қызметі дегенді кім қалай түсінеді екен өз ойымызды ортаға салайық.

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі ,оның қай септік жалғауында жұмсалуына байланысты болғандықтан септікті еске түсірейік. Қазақ тілінде қанша септік бар, сұрақтарымен кім айтып шағады.Әр қатардан бір-бір оқушы шығып бір сөздғ септейді.

Сонымен, зат есімнің сөйлемдегі қызметі септік жалғауларына байланысты жұмсалады.

Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. Кейде кім? Не? сұрақтары тәуелденіп қойыла береді (Кімім? Неңіз?)

Мысалы: Жел күшейе түсті. Ер елімен көрікті, жер кенімен көрікті.

Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып баяндауыш болады.



Мысалы: Біз-бейбіт еңбекті сүйетін елміз. Бала – артта қалған із, байлық – қолдағы мұз.

Зат есім ілік септігінде немесе түбір тұлғада тұрып анықтауыш болады.



Мысалы: Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді. Дайрабай әрі әнші, күйші, ақын адам болған.

Зат есім табыс септігінде және барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.



Мысалы: Тәрбие тілден басталады. Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке байлап бұлттан асқан.

Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып немесе түбір тұлғада мезгілдік, мекен-бағыттық, себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп, пысықтауыш болады.Мысалы: Біз мектепке қарай жүгірдік. Көлеңкеде атам отыр.

Балалар, оқулығымыздың 28-бетіндегі «Қосымша түсінік» дегенге қысқаша шолу жасайық. Оқушыларға оқытқызу.

ІV. Оқулықпен жұмыс

51-жаттығу. Зат есімнің қай септікте және қай сөйлем мүшесі екенін айтыңдар.

Парашютпен (немен?) – көмектес септігінде, толықтауыш қызметін атқарып тұр.

Ұшақтан (неден?) – шығыс септігінде, толықтауыш.

Мұнарадан (қайдан) – шығыс септігінде, пысықтауыш.

Парашют (не?) – атау септігінде, бастауыш.

Ұшаққа (қайда?) – барыс септігінде, пысықтауыш.

Ұшақ (не?) – атау септігінде. Бастауыш.

Жерден (қайдан?) - шығыс септігінде, пысықтауыш.

Ұшақтың (ненің?) – ілік септігінде, анықтауыш.

Үшқыш (кім?) – атау септігінде, бастауыш.

Қолын (несін?) – табыс септігінде, толықтауыш.

Селоның (ненің?) – ілік септігінде, анықтауыш.


53-жаттығу. Әр қатардан үш оқушы шығып, сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеп жазады.

І қатар – азамат, ІІ қатар – инженер, ІІІ қатар – оқушы


Шығармашылық тапсырма

Балалар, тақтадағы жаз, қыс, күз мезгілдерінің суреті бойынша І қатар жаз мезгіліне, ІІ қатар күз мезгіліне, ІІІ қатар қыс мезгіліне шағын мәтін құраңдар. Сөйлемдегі зат есімдерді тауып, сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын жазыңыздар.



Ү.Бекіту

Зат есімнен өткенді қорыту, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін әр балаға үлестірмелі парақшамен жұмыс беріледі.


VІ .Үй тапсырмасы

  1. Зат есімнің сөйлемдегі қызметін оқу

  2. 28-беттегі «Қосымша түсініктің» анықтамаларын жаттау

  3. 55-57 жаттығулар


VІІ. Бағалау.

Сабақ №14

Күні: _______________

Сыныбы: _________

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: Оқушылардың зат есім туралы білімдерін деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы тереңдету.

ІІ. Дамытушылық. Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Тәрбиелік. Адамгершілікке,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды сабақ процесіне дайындау.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 55-жаттығу. Өлең жолдарындағы зат есімдер қандай мүшенің қызметін атқарып тұрғаныдығын анықтау. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып, көшіріп жазу.

  2. 57-жаттығу. Берілген сөз тіркестеріне бірнеше қосымша қатар жалғанған сөздерді бөліп алып, ретін біліп алу.


3.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
54-жаттығу.

1.Сөйлемдерді оқып, негізгі сөздер мен көмекші есімдерді анықтаңдар. Негізгі сөздер қай сөз табы екенін талдаңдар.


Ой қозғау.


  • Негізгі сөз бен көмекші сөздің айырмашылығы қандай?

  • Көмекші сөздер сөйлемде не себепті сөйлем мүшесі бола аламйды?

  • Көмекші сөздер сөйлемде қалай қолданылады?


4.Шығармашылық тапсырма.

Ауыл тіршілігін кеңейтіп жазыңдар.


58-жаттығу. Жұрнақ арқылы жасалған зат есімдердің есім түбірден жасалғанын бір бөлек, етістік түбірден жасалғанын бір бөлек жазып, оларды қатыстырып сөйлем құраңдар.

Үлгі:

Есім түбірден жасалған зат есімдер

Етістік түбірден жасалған зат есімдер

Төбе-шік, тал-шық, іні-шек, ойын-шық, балмұз-дақ, бала-лық

Қондыр-ма, қапта-ма, түйін-шек, аялда-ма, Өндір-бай, өндір-іс, көрер-мен, оқыр-ман, суар-ма, бастыр-ма



5.Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей тапсырмасы. Мәтіннен ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерді тап. Қалаған бір сөйлеміне морфологиялық талдау жаса.

-Мама, мына түріңде көзің мен мұрныңнан басқаның бәрі бөтен, бәрі бөтен.....Әжем түгіл мен әрең таныдым........Мама, сен қараңғы түндерде орман ішінде жүргенде неғып қорықпайсың?...... Түнде жиналысқа баратын болсаң, мені ерте жүретінің есіңде ме, мама! Қорықпайды деп әжемді айт....Ол түн ішінде қараңғы моншаға да жалғыз кіріп шыға алады,-деп, Лида ақырын ғана жымиып, шешесі алдында тұрғандай қолын соза беріп еді, әлсіз қолы сылқ етіп түсіп кетті. Өз шешесі әлдеқайда, алыс ормандарда жортуылда жүрсе, әжесі есіктен қарап жылап тұр еді.

- Иә, балапаным, шешеңді сағынатын уақытың да болды, құлыным,-деп наталья немересінің ыстық басына қолын салғанда, кемпір жүрегінде қызғаныш қытығы да бар еді.
ІІ деңгей тапсырмасы. Төмендегі өлең шумағынан жай септеулерді тап, морфологиялық талдау жаса.

Ақ көгершін, көгершін,

Қол қанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

ІІІ деңгей тапсырмасы.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар. Бұл шумақ қай өлеңнен алынған, авторы кім?

Бөкеннен ... аңды мен көрмедім,

Басқаға жануарды теңгермедім.

Көздері .......қара ақы бөкенді

Адамның баласынан кем көрмедім.


ІҮ деңгей тапсырмасы.

Зат есімнің септелуіне «Сыбаға» атты тақырыпта мәтін құрастыр.


6.Тест жұмысы арқылы сабақты қорытындылау.

1.Заттың атын білдіретін сөзді табыңыз.

А) Қызылкүрең В) Жиырма сегіз С) Отырып қалды Д) Қызметкер Е) Ілгері



2. Зат есімнің жалқы есім түрін табыңыз.

А) Әке – шеше В) Аспан әлемі С) Еңбекші халық Д) Қарағанды Е) Ата-ана



3. Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр. Кітап оқыдық.

А) Бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш Е) анықтауыш



4. Дара зат есімді көрсетіңіз.

А) Тұрған В) оқу С) күшті Д) қиял Е) ата-ана



5. Зат есімнің жалпы есім түрін табыңыз.

А) Нұра өзені В) Қазақстан Республикасы С) Ердің сыншысы – елі

Д) Тарбағатай өңірі Е) Ертіс маңы

6. Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есімді табыңыз.

А) Аспанбыз В) керегесіздер С) шәкіртпіз Д) оқулықтарымыз Е) тіліміз


7. Зат есімнің пысықтауыш қызметіндегі сөзді табыңыз.

А) Дала гүлін терді В) Еріншектің ертеңі бітпес С) Қарағым, кітабыңыз сөреде тұр

Д) Гүл үйдің көркі Е) Перизат өлең айтты

8. Зат есімнің баяндауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.

А) Асығыс кетіп қалды В) Ақылды бала – арлы бала

С) Ақылды басшы болса, адаспассың Д) Бес жержегі бес – жиырма бес

Е) Жаз келді



9. Сөйлемдегі зат есім қай сөз табынан жасалып тұр?

Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым.

А) сын есім В) зат есім С) үстеу Д) есімдік Е) еліктеу

10. Етістік сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз.

А) Қаламсыз В) басшы С) тарақ Д) еңбекші Е) жерлес


Үйге тапсырма.

59-жаттығу.

  1. Мәтінді оқып, әңгімелеу.

  2. Зат есімдерді табу, жасалу жолдарын түсіндіру.

  3. «Кішіпейілділік» тақырыбына ойтолғау.


Сабақ № 15 « »________ жыл

Пәні : қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Ақынмен қоштасу»

Сабақтың мақсаты: Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.

Пайдаланылған әдебиет: Диктанттар жинағы Арын Е., Аққұлова А., Махамбетова Г., «Білім» баспасы, 2007.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.



ІІ. Мәтінді оқу.

Нөсер құйып берд. Жол лайсаң. Алтай күзінің басталысы қатты. Тау басы аппақ, қар жауып қалған. Күн нөсері үнсіз, күркіремей жауады. Терек басында қарғалар қарқылдап жүр. Жылдың қай мезгілінде де мынау атамекенінен ешқайда ұзап кетпей, туған жердің үстіне қалбақтап жүрудің өзі де ғанибет-ау. Шағиман шалдың баран торысы-бұл. Шағиман Махмұттың кітап толы қоржынын қанжығаға бөктеріп тұрып:



  • Шырағым, бұл әрі- бері ұшыртып барып, болдырып қалатын ұшқыр ат емес. Бүлкек желіспен-ақ жер танабын қуыратын шаруаның торысы. Мә, қамшы. Ал жолың болсын, балам! Артыңнан ай, алдыңнан Күн туғай!

  • Қош болыңыз,махмұт аға! –Бұл шәкірт бала Көксеген еді.

  • Қош , аяулы аға!- Бұл Нұрмаш еді.

(Оралхан Бөкей, 117 сөз)
ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі.
Ү. Жазба жұмыстарын жинап алу.
ҮІ.Үйге тапсырма.

Сүйікті ақындарың туралы шағын шығарма жазып келу.




Сабақ№ 16 « »________ жыл
Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту

Сабақтың

білімділік мақсаты: Сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту; өз ойын жинақы, әдемі, көркем тілмен жеткізе білуге ұмтылдыру.

дамытушылық мақсаты: ойын арқылы оқушының ойын дамыту; тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу; оқушының тіл байлығын жетілдіру.

тәрбиелік мақсаты: Тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу;елін қадірлеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ жері» тақырыбына слайдтар.

Сабақтың барысы.

І . Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты түсіндіріледі.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сүйікті ақындарың туралы шағын шығарма жазып келу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тіл ұстарту
Қызығушылықты ояту.

ІҮ. «Сөзтізбек» ойыны.



Шарты: Сөзтізбектің әрбір сөзі бірдей дыбыстан басталады әрі нақыл, мақал сөз болып келуі тиіс.

Мысалы:

Айтыста ақиық атану- ақындардың арманы.

Көшеде кемтар кісіні көрсең күлме.
Ү. Мәтінмен жұмыс.

60-жаттығу. Аңыз әңгімені оқып, шешендердің сөз қолданысына назар аударыңдар.

Көңіл сұрау- мағынасын ашу.
61-жаттығу. Өлең мәтінін мәнерлеп оқып, көптік жалғаулы сөздерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар да, олардың өлеңге қандай көркемдік әсер беріп тұрғанын айтыңдар.
ҮІ. Шығармашылық жұмыс.

Зат есімдерді түрлендіре отырып «Қазақ жері» тақырыбына мәтін құраңдар.

Туған өлке. Таулы жер. Хош иісті гүлдер. Өзен. Жазғы демалыс. Күзгі жиын-терін. Жасыл. Жапырақ. Ағаш. Қазақстан. Республика. Кең. Халық. Суретші. Өмір. Сурет. Дала. Малды ауыл. Ыстық. Ел. Тіршілік. Отан.

63-жаттығу. Мәтінді дауыстап оқып, құрамындағы сын есімдерге жасылу жолы мен мағыналық ерекшелігіне талдау жасау.

ҮІІ. Сабақты қорыту.

«Сұрақтарға мақалмен жауап бер» ойыны.

Сиырдың сүті қай жерінде? (Сиырдың сүті тілінде)

Қарғыстың ең жаманы не?

Қандай бала сүйкімді?

Тастың жеңілі бола ма?

Қандай кілт аспанда болады?

Неден не жаман?

Тауық түс көре ме?

Қар жана ма?

Кімге жан жуымайды?

Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек?

Неменеге өкпелеп жүргенде не шықты?

Өтірікші кімді алдайды?
ҮІІІ.Үйге тапсырма.

Тәуелсіздік, тіл туралы шағын шығарма жазып келу.


ІХ. Бағалау.

Сабақ №17

Күні: _______________

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Сын есімнің түрленуі. Салыстырмалы шырай

Сабақтың мақсаты:

. Білімділік: Сын есімнің түрлену ерекшелігін, сөйлемдегі орнын түсіндіру арқылы сын есім туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,білім алуға ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі парақшалар, флипчарттар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды сабақ процесіне дайындау.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 49-50 жаттығуларды талабына сай тексеру.

  2. Сын есім дегеніміз не? Сын есімнің мағыналық түрлерін ата. Мысал келтір.

  3. Сын есім жасайтын жұрнақтарды ата. Мысал келтір.

ІІІ. Жаңа сабақ
Заттың сапалық сыны ір кез бір дәрежеде бола бермейді. Сын есімнің түрленуі оның шырай формасына енуі. Яғни сапалық сын есімдерден белгілі қосымшалар арқылы шырай түрі жасалады.

Мысалы:


Сары деген түстің сарғыш, сарырақ, сарылау, тым сары, сап-сары сияқты бір-біріне жақын түстері бар.

Үлкен- үлкенірек, үлкендеу, үп-үлкен, өте үлкен, тым үлкен.


Сын есім


Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай

Шырайдың жасалуы:

  1. Сапалық сын есімнен жасалады.

  2. Сапалық сын есімдерге белігі бір қосымшалар жалғану арқылы және күшейткіш буын үстелуі н/е күшейткіш үстеулер тіркесу арқылы жасалады.


Салыстырмалы шырай

Мысалы: Жақсы-жақсырақ, терең-тереңірек, ащы- ащылау.


Сапалық сын есімге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:


  1. рақ,-рек,- ырақ,- ірек;

  2. лау,-леу,- дау,-деу,- тау,-теу;

Жекелеген сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:



  1. ғыл,-қыл,- ғылт,-қылт,-ғылтым,-қылтым.

Мысалы: сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым т.б.

  1. - шыл,-шіл,-шылтым,- шілтім.

Мысалы: ақшыл, ақшылтым, көкшіл, көкшілтім т.б.

  1. –ғыш,- ілдір. Мысалы: сарғыш, көгілдір т.б.

  2. –аң,-қай,- ша,-ше. Мысалы: қуаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкшк, сұрша т.б.



64-жаттығу (шығармашылық тапсырма)

Тапсырма: мәтінді өзіндік диктант етіп жазып, құрамынан сапалық сын есімдерді тауып, ерекшелігін анықтау.
65-жаттығу.

Тапсырма: Берілген сын есімдердің бір тектес сапалық белгілерін көрсететін жұрнақтарды жалғап жазу.

67-жаттығу.

Тапсырма: Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңдар.

Үлгі: толық-толықтау-толығырақ-толықша.
Толық. Биік. Көк. Сұр.Жаман. Жеңіл. Тар. Мықты. Кіші. Қатты. Жақсы.
Тапсырма.Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді тауып, жұрнақтарын дефис арқылы бөліп жазыңдар.
Ақылды-от, ауырлау, сиректеу, көргіш, жинақы, сергек, қоңырқай, сарғыштау, ақшылтым, таяз, қышқылтым, тереңірек, тәуірлеу боз, тәтті, сүйкімді, тәртіпті, сылбыр, қышқыл, көкшіл, жасық, өткір, өжет, әдемі, сыпайы, мәдениетті, иманды.
69-жаттығу.

  1. Мәтінді дауыстап оқып шығыңдар.

  2. Балалардың портретін жасауға қатысып тұрған сапалық сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдырып көшіріп жазыңдар.



Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.

  1. 70-жаттығу. Салыстырмалы шырайды көбірек пайдаланып, бірге оқитын жолдастарыңның салыстырмалы портретін жазып келу.

  2. Ережені оқу.

Сабақ№ 18 « »________2011 жыл
Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Күшейтпелі, асырмалы шырай

Сабақтың

білімділік мақсаты: Сын есімнің күшейтпелі,асырмалы шырайларын түсіндіріп, сын есімнен алған білімдерін кеңейту.

дамытушылық мақсаты: оқушылардың алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, іздене білуге бағыттау.

тәрбиелік мақсаты: сөздің мағынасына мән беруге, білімін кеңейтуге, имандылыққа, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, өз ана тілін жете меңгеріп, өзге тілді үйретіп, қадірлей білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы, талдау.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген жаттығудың орындалу барысын тексеру.

Сұрақтар қою арқылы өткен сабақты еске түсіру.


  • Сын есемнің түрленуі дегеніміз не?

  • Салыстырмалы шырай дегеніміз не? Мысал келтір.

ІІІ Жаңа сабақ.

Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады.

Күшейтпелі шырайдың жасалуы

Сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы

Сапалық негізгі сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңғай, кілең сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесі арқылы жасалады.

Биік-біп-биік

Ұзын-ұп-ұзын

Үлкен - үп- үлкен

Жақын-жап-жақын

Тамаша - тап-тамаша

Жақсы - жап-жақсы

Кіші -кіп-кішкентай



Тым үлкен

Өте тамаша

Аса жақсы

Тым кіші


Нағыз жүйрік, шымқай қызыл, оразан зор

Аса терең

Өте күшті

Күшейткіш буындар (сын есімнің алғашқы буыны п дыбысына бітеді: біп-биік, жап-жақсы) негізгі сын есемдеррмен дефис (-) арқылы жазылады.

Тек ақ,көк сөздері күшейткіш буын үстелгенде аппақ (ап-ақ емес), көкпеңбек (көп-көк емес) болып бірге жазылады.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма: Сын есімдерден күшейтпелі шырай жасап, сөйлем құраңдар.

Біп-биік, жап-жақсы, қап-қатты, теп-терең, жап-жарық, сап-сары, көкпеңбек, қып-қызыл.



Ү. Кім көп біледі ? (ойын)

Тапсырма. Күшейткіш буындар арқылы құралған қос сөздерді кім көп тауып жазса, сол озып шығады. Олар қандай сөз табы болады?
Тап - (5 сөз)

Ап - (6 сөз)

Жап - (10 сөз)
72-жаттығу (ауызша)

Тапсырма: Сөйлемдерді оқып, құрамындағы күшейтпелі шырайды көрсетіңдер. Жасалу жолдарын түсіндіріңдер.


73-жаттығу.

Тапсырма: Берілген күшейтпелі шырайды қатыстырып, сөз тіркесін құрап жазыңдар.

Үлгі: өте ауыр жүк, ең тамаша ойын алаңы, тым әлсіз адам, тіпті қысқа жіп, сап-сапы жапырақтар, орасан зор күш, ап-аласа үй, әп-әдемі бала, кіп-кішкентай қыз.
Сабақты бекіту.

74-жаттығу.

Тапсырма: Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңдар.

Түп- түзу қайыңдар. Кеп-кең көшелер. Біп-биік үйлер. Өте ұзын көше. Тым ыстық күн. Тұп-тұщы су. Мөп-мөлдір бұлақ. Өте таза жер.



Сабақты қорытындылау

  • Күшейтпелі шырай дегеніміз не?

  • Күшейтпелі шырай қалай жасалады? Мысалмен дәлелде.

Үйге тапсырма:

  1. 75 жаттығу.

Тапсырма: Өздеріңмен бірге жүрген оқушылардың жақсы оқитыны туралы «Өте зейінді оқушы» деген атпен шағын шығарма жазып келу.

  1. 76-жаттығу.

Тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді тауып, мағыналық ерекшелігіне, шырай түріне ажыратып жазу.
Бағалау.

Сабақ№ 19 « »_______2011 жыл
Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің емлесі. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

Сабақтың

  1. білімділік мақсаты: Сын есімдердің жазылу ережелерімен, сөйлемдегі қызметімен таныстыру, практикада дұрыс пайдалана білуге дағдалындыру.

  2. дамытушылық мақсаты: шапшаңдыққа, ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдаландыру.

  3. тәрбиелік мақсаты: Отанын, елін-жерін сүюге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.



Үй тапсырмасын сұрау..

Үйге берілген жаттығудың орындалысын тексеру.

Ой қозғау


  • Сын есім дегеніміз не?

  • Сын есім қалай түрленеді. Мысал келтір.

  • Шырай дегеніміз не?

  • Салыстырмалы шырай дегеніміз не? Мысал келтір.

  • Күшейтпелі шырай дегеніміз не? Мысал келтір.

ІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып түсіндіріледі.



Сын есімдердің емлесі


Қосарлану, қайталану арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады.

Күшейткіш буны арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады.

Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады.

Күшейткіш үстеу арқылы жасалатын күшейтпелі шырай тұлғалы сын есімдер бөлек-бөлек жазылады.

Жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, балалы-шағалы, үлкен-үлкен, ұзын-ұзын, кішкене-кішкене т.б.

Жап-жасыл, сұп-сұр, кіп-кішкентай, әп-әдемі т.б.

Тек ақ, көк сөздері ғана күшейтпелі шырай тұлғасында аппақ, көкпеңбек түрінде біріктіріліп жазылады.



Қызыл ала, ұзын бойлы, қара торы, ал қара көк т.б.

Өте әдемі, тым жақсы, нағыз адам т.б.


Сын есімдердің сөйлемдегі қызметі


Бастауыш

Баяндауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш

Толықтауыш

Көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер я тәуелдік, көптік, септік жалғауы жалғанса зат есімнің орнына жүреді.

Жіктік тұлғада тұрып сөйлемнің баяндауышы болады.

Әдетте сөйлемде анықтауыштың қызметін атқарады.

Етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш болады.

Табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп, заттанып, толықтауыш та болады.

Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (мақал)

Шығыс септігі жалғауында тұрып, зат есімнің орнына заттанып қолданылған.



Сен бір артық көркемсің. (Жамбыл)

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.(Абай)

Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан. (Жамбыл)

Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез (Абай)

Заттанған сын есім атау септік тұлғасында тұрып бастауыш болады.

Көркемсің (ІІ жақ) сөзі жіктік тұлғада баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Бұл сөйлемде сұр және (түсі) суық деген сын есімдер (қандай?) бұлт деген зат есімді анықтап тұр.

Қалай құйындатқан? Желдей құйындатқан пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

Білімдіден (кімнен шыққан?), талаптыға (кімге болсын кез?) заттанып келіп толықтауыш қызметін атқарып тұр.



77-жаттығу (ауызша)

Тапсырма: Оқып шығып, сын есімдерді тауып, жазылу емлесін түсіндіріңдер.

78-жаттығу. Өздік жұмыс.

Тапсырма: Мәтінді көшіріп жазып, күрделі сын есімнің емлесін есте сақтааңдар.
80-жаттығу.

Тапсырма: Сөйлемдегі сын есімдерді тауып, талдаңдар.

Үлгі: Толық айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып-тыныш.

Қандай айдың?- толық-сапалық сын есім, анықтауыш қызметін атқарып тұр.

Айнала қандай?- тып-тыныш- күрделі сын есім, күшейтпелі шырай, баяндауыштың қызметін атқарып тұр.

Қай(қандай) айнала?- түнгі-қатыстық сын есім, анықтауыш қызметін атқарып тұр.



81-жаттығу.

  1. Мақалдарды оқып, зат есімнің қазметін атқарып тұрған сын есімдерге назар аударыңдар.

  2. Қай септікте тұрғанын, қандай сөйлем мүшесі екнін айтыңдар.


«Сыңарын тап» ойыны

Мысалы: 1.Әдепті бала-арлы бала

(Әдепсіз бала-сорлы бала)

2.Батыл жігіт жол бастар,

...... ........... ............

3.Көз қорқақ, ................

4. Өнерсіз қыздан без,

..... ........ .............

83-жаттығу.

Туынды сын есімдердің жұрнағын дефис (-) арқылы бөліп жазып, олардың қай сөз табынан жасалғанын түсіндіріңдер. Сын есімдермен сөйлем құраңдар.


Сабақты қорытындылау.

  • Сын есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады?

  • Сын есімнің негізгі қызметі не себепті анықтауыш делінген?


Үйге тапсырма.

1.87-жаттығу.

2. Сын есімді қатыстыра отырып, жыл мезгілдеріне шағын шығарма жаз.

3. Ережені оқу.

Сабақ №14

Күні: _______________

Сыныбы: _________

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Пысықтауға арналған жаттығулар.



Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: Оқушылардың сын есім туралы білімдерін деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы тереңдету.

ІІ. Дамытушылық. Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Тәрбиелік. Адамгершілікке,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды сабақ процесіне дайындау.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. 87-жаттығу.

2. Сын есімді қатыстыра отырып, жыл мезгілдеріне шағын шығарма жаз.
3.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
І деңгей тапсырмасы. Қаттырақ, еріншектеу, көлеңкелеу, ақшылт сөздерін пайдаланып, салыстырмалы шырайға мысалдар құра.
ІІ деңгей тапсырмасы. Сөйлемдерді оқып, құрамынан сын есімдерді тауып, оларға сұрақ қойып, мағыналарын анықта.
Қызыл тал мен ақ қайыңның қырау басқан ұзын бұтақтары жылтырап күнмен шығылысады. Таза ауа, салқын Алатаудың қойнауынан, биік басынан ақырын есіп, баяу шалқыды. Қалың орман, сазды батпақтарды күртік қар басқан. Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде қызғылт күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Бұл кезде Абайдың де денесі іріленген, жауырынды, сүйекті боп қалған екен. (М.Әуезов).
ІІІ деңгей тапсырмасы.Сұрғылт, дымқыл деген сын есімдері бар Абайдың өлеңін жатқа жаз.
ІҮ деңгей тапсырмасы. Сызбадағы күшейтпелі шырайды қатыстыра отырып, досыңның портретін жаз.

Берілген сөз

Синонимдес сөз

Антонимдес сөз

Жап-жақсы

Үп-үлкен


Сеп-семіз








Шығармашылық жұмыс.

Мәтінді оқып, «Атамекен» деген ұғымды қалай түсінетініңді әңгімелеп бер. Атамекен

Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жаұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл оысндай көріністі көз алдыңа келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.

Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар- бәрі көзіңе оттай басылады. Тіпті басқа жердің балаларымен қосыла қалсаң, арасына аздап өтірік қосып аулыңды мақтап жібересің. Осының соншалықты қымбат, сүйкімді болуының сыры неде? Өйткені бұл сенің туған жерің, балалық бал өмірің өткен жер. Сондықтан бұл саған соншалықты ыстық, соншалықты қымбат, соншалықты сүйкімді.

Осылайша ойлап жатып, ұйықтап кетіппін.

Сабақты қорытындылау.

Блиц – турнир

Қай қатар бір минутта қанша сұраққа жауап бере алатынын тексеру.




І қатар

1. боз (сын есім)

2. ерінбе (етістік)

3. оқулық (зат есім)

4. икемсіз (сын есім)

5. әсерлі (сын есім)

6. бүркіт (зат есім)

7. суретші (зат есім)

8. әдеміле (етістік)

9. көшеді (етістік)

10. тәтті (сын есім)

11. толқиды (етістік)

12. айнадай (сын есім)

13. байқадым (етістік)

14. сайрады (етістік)

15. мейірімді (сын есім)

16. ақылдас (етістік)

17. жүйрік (сын есім)

18. сенгіш (сын есім)

19. жүгіріп келемін (етістік)

20. айбатты (сын есім)

ІІ қатар


  1. оқушы (зат есім)

  2. ойнап жүр (етістік)

  3. бойшаң (сын есім)

  4. инабатты (сын есім)

  5. әндет (етістік)

  6. алғыр (сын есім)

  7. тазала (етістік)

  8. гүлдей (сын есім)

  9. жазушы (зат есім)

  10. ойлан (етістік)

  11. кең (сын есім)

  12. шақырды (етістік)

  13. сәнді (сын есім)

  14. таулы (сын есім)

  15. оқып жатыр (етістік)

  16. достас (етістік)

  17. дәмді (сын есім)

  18. балдай (сын есім)

  19. ойнағысы келеді (етістік)

  20. сарғыш (сын есім)





ІІІ қатар

  1. сыйлық (зат есім)

  2. еріді (етістік)

  3. үтікте (етістік)

  4. күйші (зат есім)

  5. көк (сын есім)

  6. қараңғы (сын есім)

  7. қызылша (зат есім)

  8. суытты (етістік)

  9. бұлттанды (етістік)

  10. бұлбұл (зат есім)

  11. аппақ (сын есім)

  12. ақылды (сын есім)

  13. әдеттен (етістік)

  14. білгіш (сын есім)

  15. жұлдыз (зат есім)

  16. талапты (сын есім)

  17. мұздай (сын есім)

  18. жылынды (етістік)

  19. шыдамсыз (сын есім)

  20. зәулім (сын есім)



Үйге тапсырма.

Осы мәтіннің желісімен өзің туып-өскен ортаң жөнінде әңгімелеп, суреттеп шағын мақала жаз.


Бағалау.

Сабақ№ 22 « »________ жыл
Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі

Сабақтың

білімділік мақсаты: Сан есімнің түрленуін түсіндіру.

дамытушылық мақсаты: әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту.

тәрбиелік мақсаты: тілін сүюге, елжандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,жаттығу., талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.



Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығудың орындалысын тексеру.

Ой қозғау


  • Сан есім дегеніміз не?

ІІ.Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып түсіндіріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет