Құндылықтарды бойға сіңіру.
|
Ынтымақтастық, айқындық, шындық.
|
Пәнаралық байланыс
|
Жаратылыстану.
|
АКТ пайдалану дағдылары
|
https://www.youtube.com/watch?v=JL9s0ny5VwE
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылар үйде, сабақтан тыс уақытта, бұрынғы өткен бөлімдерінен алған жеңіл атлетика туралы дағдылары болады.
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған қызмет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-15 мин.
|
Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау. Мұғалім оқушыларға 3 топты ұсынады: лақтыру, спринтерлік жүгіру және секіру. Оқушы өзінің мәселесіне сай бір топты таңдайды. Оқушылар әр топта әртүрлі лақтыруға, жүгіруге және секіруге арналған жаттығуларды орындайды. Ал мұғалім оқушы орындаған жаттығуларды бақылап оған әдістемелік ұсыныстар жасап тұрады.
А.Ж.Ж және жылдамдыққа жүгіру.
|
Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш.
|
Сабақтың ортасы
16-40 мин.
|
(Т, Ж, Жж) Мұғалім оқушыларға карточкалар арқылы тапсырма беру.
Спринтерлік жүгіріс: сөрелік қалып жоғарғы, 10-15 метрге жылдамдыққа жүгіру, 30 метрге жүгіру. Әр жаттығуды оқушы 3-5 рет орындайды. Дескрипторлар: техникасын дұрыс орындау, қатты жылдамдықты дамыту. Орындап болғаннан соң оқушы өз жұмысын талқылап бағалайды.
Секіру: секіру аяқ тізеден бүгіліп кеудеге тигізу, көбірек секіру бір аяқпен тізеге итерілу, орнынан ұзындыққа секіру. Әр жаттығуды оқушы 3-5 рет орындайды. Дескрипторлар: жақсы нәтиже көрсету, жаттығудың техникасын дұрыс орындау.
Лақтыру: орнынан сол және оң қолмен, жүгіре екпінмен, биіктік траекториясы арқылы кіші допты дәлдікке лақтыру. Бұл бекетте оқушылар 24 минут жұмыс жасайды. Дескрипторлар: қауіпсіздік ержелерді сақтау, орындау техникасын жетілдіру. Жұптық жұмыс кезінде оқушылар арасында бірін-бірі бағалау жүреді, және өз серіктесінің жақсы нәтиже көрсетуіне байланысты көмектеседі. Сабақ барысында мұғалім әр оқушына қадағалай отырып, оларға дұрыс техникасын орындауында өзгерістер еңгізеді.
|
Мектеп алаңы, ысқырық, ноутбук, тапсырма-карточкалары, лақтыруға арналған доптар, уақыт өлшегіш.
|
Сабақтың аяғы
41-45 мин.
|
Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны. Сабақтың қорытындысын топпен талқылау. Әр топтың оқушылары 5 балдық немесе бас бармақпен өздерін бағалайды.
|
Мектеп алаңы.
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
|