САБАҚ №31 «Бекітемін» ------------------- Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ә.Шөменова
Сыныбы: 5
Пәні: Қазақстан тарихы
Күні:
Уақыты:
Сабақ тақырыбы
§ 30 Қазақстан егеменді -мемлекет
Жоспары
Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер» оқулығы -5 сынып, автор Артықбаев Ж.О. Сабданбеков Ә.Ә, Әбіл Е.Н Интернет материалдары
Жалпы мақсаты
Міндеттері
КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.
Тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
Топтасып жұмыс істеуге баулу.
Күтілетін нәтиже
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдермен таныса отырып Қазақстан тарихының жазбаша және заттай деректер негізінде және тарихи жәдігерлермен таныса Топтасып жұмыс істеуге бір – бірімен ой бөлісіп қорытынды жасауды, ойларын ашық және толық жеткізуге үйренеді.
Негізгі идеялар
Тапсырмалар /Wiki материал-дары/
Топтық жұмыс мәтінмен жұмыс,топтастыру стратегиясы
Жеке жұмыс Проблемалық сұрақ
Жұптық жұмыс Жабық тест «Қысқа - ұзын» сұрақ-жауап
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы іс – әрекеті )
І.Ұйымдастыру 1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу зейінін сабаққа аудару. (2минт)
1.2. Топқа бөлу ( рәміздер арқылы 3 топқа бөлінеді) ( 2 минут)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Сұрақ – жауап(5 минут) 2.1 Проблемалық сұрақтар 1. Қ. Сәтбаевтың Қазақстан ғылымындағы орнын анықта.
2. Қазақстан мәдениетінің дамуының басты факторлары қандай?
3. Қазақстанда өнер, әдебиет саласындағы қандай жаңашыл іс-әрекеттерді білесің?
2.2 Жабық тест жеке жұмыс Бағалау: критерийлер
ІІІ.Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту. 3 .1 Топтастыру стратегиясы Қара.Жап.Айт.Жаз
Тақырыптың мазмұнын аша отырып,постер қорғау.
1. КСРО-ның ыдырауы.
2. Қазақстанның тәуелсіздік алуы.
3. Н. Ә. Назарбаев.
Бағалау: Екі жұлдыз,бір ұсыныс Бекіту: «Қысқа- ұзын» Сұрақ – жауап 1. КСРО ыдырауының алғы шарттарын ата.
2. Қазақстан тәуелсіздікке қалай жетті деп ойлайсың?
3. Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи маңызы неде?
4. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алға қойған мақсаты қандай деп ойлайсың?
5. Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі жайлы не білесің?
6. Президент мемлекет үшін кім?
V. Сабақты қорыту, бағаларды хабарлау Рефлексия 2 минут