Сабақ 1 «Экология ғылымының дамуын мен қоғамда алатын орнын талдау»



бет16/37
Дата20.04.2022
өлшемі1,83 Mb.
#139948
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
ЭиБЖ-Практика (1) (1)
курсовая (1)888, Топырақ биотасы
Практикалық сабақ 10.
Күйіктер, үсікке шалыну, улану кезіндегі көмек. Десмургия немесе таңу түрлері.
Мақсаты: Күйік алғанда, үсігенде, уланғандағы көмек түрлерiн игеру

Күйіктің себептері: жоғары температураның, химиялық заттардың, электр тоғы мен радиактивті сәуленің әсерінен ағза мен ұлпалардың зақымдалуы. Осыған сәйкес күйік термикалық, химиялық, электірлік және сәулелік болып бөлінеді.


Термикалық күйік денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық суықтық пен газ, қызған және балқыған металлдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарғылығына, әсер етудің ұзақтылығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ-қол, көз, бет, дененің басқа мүшелеріне қарағанда жиі күйікке ұшырайды.
Химиялық күйіктер денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірке, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірімеген әк), фосфордың, магнийдың және ауыр металлдардың кейбір тұздарының (ляпис, хлорлы мырыш және т. б.) әсерінен пайда болады.
Сәулелік күйік ядролық жарылыстың жарық сәулесінен, рентген мен күн сәулесінен пайда болады. Сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді, зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.
Күйіктің ауырлығы оның таралу алаңымен және дененің зақымдану тереңдігімен анықталады. Күйік тарала түскен сайын ол адам өмірі үшін қауіпті бола түседі. Дененің үстінгі 1/3 бөлігі күйген жағдайда көбінесе өлімге әкеліп соқтырады.
Зақымдану тереңдігі бойынша күйік 4 дәрежеге бөлінеді:
1-ші дәрежедегі күйікте терінің беті күйеді мұнда тері қатты қызарып, домбығып ауырсынады, ашиды. 3-4 күннен соң тері қотырланып сауыға бастайды.
2-ші дәрежедегі күйікте қызарған тері күлдірейді, сары суға толған көпіршіктер пайда болады. Бұл дәрежеде терімен қоса май ұлпасы күйеді. Май ұлпасында тамырлар, жүйке талшықтары, шаштың талшықтары орналасқан, олар да күйікке шалдығуы мүмкін. Егер зақымданған жерге микробтар түспесе, онда бір аптадан соң терінің қабаттары орнына келеді, тек күйген жерде тыртықша қалады.
3-ші дәрежедегі күйікте бұлшық еттер, тереңгі ұлпалар зақымдалады, олар жансызданады, өліеттенеді (некроз). Күйген терінің түсі қызыл-қоңыр немесе қара-қоңыр, сезгіштік қабілетінен айырылады. Мұндай күйіктер ұзаққа созылады. Тыртық қалады.
4-ші дәрежедегі күйікте тек тері ғана емес, бұлшық ет, сіңір, сүйек зақымданады, олар күлге айналады. Күйіктің ауырлығы тек зақымдануының терендігі емес, сондай-ақ зақымдану алаңына да байланысты, ол дененің күйген бетінің алаңың пайызбен көрсетіледі.
Күйіктің алаңы 2 тәсілмен анықталады:
1-ші тәсіл – күйік алаңы алақанмен өлшенеді. Бүкіл дене беті ауданы 100 пайыз болса ересек адамның алақанының ауданы орташа есеппен алғанда 1 пайызын құрайды.
2-ші тәсіл – күйік алаңын «тоғыздық ережесін» пайдалана отырып өлшеуге болады. Бұл тәртіп бойынша бас пен мойын барлық тері бетінің 9 пайыз, қолдың жоғарғы жағы және саусақтар 9 пайыз, дененің алдынғы жағы (кеуде мен іш ) екі 9 пайыз, дененің артқы жағы ( арқа мен белі ) екі 9 пайыз, аяқтың жоғарғы бөлігінің екі 9 пайыз, жыныс органның алаңы 1 пайыз құрайды.
Егер күйіктің 1-ші дәрежесінде алаңы 50 пайыздан асса, 2-ші дәрежесінде 25-30 пайыздан, ал 3-ші дәрежесінді 10 пайыздан асса, онда зардап шегушінің халі нашарлап, күйік ауыруына ұшырайды: шок, токсикоз, сепсис (микробтар түседі де дамиды).
Аурудың алғашқы кезеңінде сырқат ес-түсінен айырылады, әлсірейді, жүрегі айнып құсады, тамыр әлсіз және жылдамырақ соғады. Бұл кезең 1-2 күнге созылуы мүмкін.
Екінші кезеңде күйген ұлпалар өліеттеніп улы заттар (токсиндер) бөледі, олар қанға түседі, бүкіл ағзаға тарайды да уландырады. Ұлану мидың, жүректің, бүйректің қалыпты жұмысын бұзады.
Үшінші кезеңде күйіктің бетіне микробтар түседі да теріні іріңдетеді, микробтар токсин бөледі, бұл жағдайда сырқаттың халі одан сайын нашарлайды, денесінің ыстығы көтеріледі, әлсірейді, басы ауырады, тамаққа табеті болмайды. Дер кезінде емделмесе асқынады да сепсиске айналады, бүкіл ағзаға уланады. Бүйректің жұмысы нашарлайды сырқат несепті аз шығарады (гипоурия) немесе мүлдем тоқтатады (анурия). 3-4 дәрежедегі күйікте сырқат жиі өлімге ұшырайды.
Термикалық күйіктің кезіндегі алғашқы медициналық көмек – зардап шегушігі жоғары температураның ықпалын тоқтатуға, жанған киімді сөндіруге, оны жоғары температура аймағынан әкетуге, оның денесінің күйген киімді шешуге бағытталады.
Жалын қаулаған киімді көрпемен, пальтомен, шинельмен орап сөндіруге болады. Бүкіл киімді, әсіресе күннің суық кезінде шешудің қажеті жоқ, өйткені дененің суынуы жарақатқа жалпы ықпал етеді және үрейді күшейте түседі.
Алғашқы көмектің келесі міндеті күйіктің үстінгі бетіне оның асқынуын ескерту мақсатында тазартылған таңғыш қою болып табылады.
1-ші дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, марганец қышқылды калиймен ылғалдап қоюға болады. Көпіршіктерді қыздыруға және алуға, сондай-ақ қандай болса да май жағуға (вазелин, мал немесе өсімдік майы) болмайды. Жағылған май ауруды жазуға немесе басуға көмектеспейді есесіне микробтардың енуіне жол ашады, ал бұл өз кезінде алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуге, теріні алғашқы хирургиялық емдеуге қиындық келтіреді. Химияық күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек химиялық заттың түріні байланысты.
Концентрациаланған қышқылдар күйдірген кезде (күкірттен басқа) күйіктің бетін 15-20 минут бойы суық сумен жуады. Күкірт қышқылы сумен қосылып жылу шығарады, бұл күйікті асқындыру мүмкін, сілті ертінділерімен (сабынды су, сода ертіндісі – соданың бір қасығын бір стақан суға қосады) шаю дұрыс болады. Күйген жерге бор, магнезия себуге болады. Сілтілерден болған күйікті сумен жақсылап шайып, сірке қышқылының әлсіз ерітіндісімен тазалау пайдалы (стакандағы суға бір шай қасық асханалық сірке су) ем, содан кейін тазартылған таңғыш қоюға болады.
Фосфордан, магнийдан болған күйік қышқылмен және сілтіден болған күйіктен ерекшеленеді, өйткені фосфор ауада тұтанады және күйік аралас болады:термикалық және химиялық.
Фосформен, магниймен күйген кезде дененің күйген жерін суда ұстаған жақсы, судың астында фосфор кесетерін таяқпен және мақтамен кетіреді.
Сөндірілмеген әктен болған күйікті емдеуді маймен жүргізеді. Әктің барлық кесектерін алғаннан кейін ғана жараға май жағылған таңғыш қоюға болады. Бәр күйіктің ауыр сатысында дерттілігін азайту үшін промедол, анальгин беріледі. Жылы су көп ішкізу және зардап шегушіге толық тыныштықта қалдыру. Емханаға жылдам жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет