Сабақтың типі: Жаңа сабақ .
Сабақтың көрнекілігі: ИБТ
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру .
Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй жұмысын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіруу. Интерактивті тақтаның көмегімен түсіндіру
А) Қисықсызықты трапеция ұғымымен таныстыру.
Анықтама: Үзіліссіз, y=f(x), f(x)>0 функциясының графигімен, абсцисса осімен және x=a. x=b түзулерімен шектелген жазық фигура қисықсызықты трапеция деп аталады.
Ә) Қисықсызықты трапецияның ауданын есептеу формуласын қорытып шығару. (S=F(b)-F(a))
Б) Қисықсызықты трапецияның табанымен таныстыру. (қисықсызықты трапецияның табаны ретінде алынатын [a;b] кесіндісі)
В) Қисықсызықты трапецияның ауданын есептейтін алгоритімен таныстыру.
1. Бір координаталық жазықтықта берілген қисықтардың графиктерін салу;
2.Графигі жоғарыдан қисықсызықты трапецияны шектейтін функцияның алғашқы функцияларының бірін анықтау;
3.Қисықсызықты трапецияның төменгі табаны болатын кесіндінің шеткі нүктелерінің координаталарын анықтау;
4. S=F(b)-F(a) формуласы бойынша қисықсызықты трапецияның ауданын есептеу
Достарыңызбен бөлісу: |