Мақсаттары:
Білімділік. Қазақстан халқының республика бойынша шоғырлануы туралы көзқарастарын қалыптастыру, халықты аумақтық ұйымдастырудың маңызын, халықтың қала және ауыл халқы болып бөлінуін түсіндіру. Урбандалу, қала, агломерация, мегаполис ұғымдары туралы түсінік беру. Халықтың шекаралас аудандарға шоғырланып орналасуы туралы айту.
Дамытушылық. Қазақстан халқы қоныстануының географиялық ерекшелігін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы, интерактвті тақта
Негізгі ұғымдар: халықты аумақтық ұйымдастыру, халықты орналастыру, халықтың қоныстану, қала халқы, ауыл халқы, урбандалу, қала, агломерация, мегаполис
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1.Ұйымдасты-ру кезеңі
(3 мин)
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
|
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин)
|
Этнография ғылымы нені зерттейді?
Қазақстан халқының ұлттық құрамын қанша ұлт құрайды және оның негізгі құрамы?
Діни құрамын құрайтын негізгі діндер?
|
|
3.Жаңа материалға көшу кезеңі
|
Қазақстанның халық саны қанша?
Ол республика аумағында біркелкі таралған ба?
Ең тығыз қоныстанған аймақ?
Ең сирек қоныстанған аймақ?
Зақстанның саяси-әкімшілік бөлінісі қандай?
|
|
4. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі.
|
1. Халықты аумақтық ұйымдастырудың маңызын ашу: халықты орналастыру, халықтың қоныстану дегеніміз не екенін қысқаша түсіндіру, халықтың қала халқы, ауыл халқы болып бөлінетінін түсіндіру.
2. Қала – агломерация – мегаполис тізбегін түсіндіру. Урбандалу терминіне анықтама беру.
3. Ауылдық халықтың орналасуы: ауыл халқының орналасу ерекшелігіні тоқалу.
4. Халықтың шекаралас аудандарға шоғырланып орналасуы туралы қысқаша айту.
5. Халық пен қоршаған орта арасындағы байланыс қандай деген сұрақ қою.
|
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
Параграф ішіндегі суреттер мен кестелерді талдау. Қазақстан халқының географиялық орналасу ерекшелігін карта бойынша сипаттау.
|
|
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
|
Қазақстанның халқының қалалық орналасуының қандай формалары бар?
Урбандалу дегеніміз не?
Қазақстан ауылдарының қандай проблемалары бар?
|
|
7. Бағалау кезеңі
|
Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.
|
|
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
|
6 пар. сұрақтарына дайындалу. 76-77-беттегі 1-5-тапсырма. Тест құрастыру.тесттерге жауап беру.
|
|
Сабақ №7
Күні:
Сынып: 9
Тақырыбы: Павлодар облысының халқы мен еңбек ресурстары
Мақсаттары:
Білімділік. Халықтың құрамы мен құрылымы ұғымдарына түсініктеме беру, Павлодар облысы халықының жыныстық және жас құрамдарын, еңбек ресурсын, халық саны және динамикалық өсу қарқыны, ұлттық және діни құрамы, халықтың табиғи қозғалысы, көші-қоны туралы білім беру.
Дамытушылық. Павлодар облысының халық құрамы мен еңбек ресурсын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Павлодар облысының саяси-әкімшілік картасы
Негізгі ұғымдар: Халықтың жыныстық және жас құрамы, қартаю коэффициенті, еңбек ресурсы, еңбек нарығы, кәсіби және әлеуметтік құрылым.
Номенклатура: Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстанң облысы, Маңғыстау облысы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Астана, Алматы, Атырау облыстары
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1.Ұйымдасты-ру кезеңі
(3 мин)
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
|
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин)
|
Қазақстанның халқының қалалық орналасуының қандай формалары бар?
Урбандалу дегеніміз не?
Қазақстан ауылдарының қандай проблемалары бар?
|
|
3. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі.
|
1. Павлодар облысы әкімшілік-аумақтық бөлінісі, ауданы, халық саны туралы айту.
2. Павлодар облысы халқының жыныстық және жас құрамына шолу: демографиялық пирамиданы талдау. Жасына қарай үш топқа бөлінетінін айту.
3. Еңбек ресурсы: негізгі үш құрамдас бөлігі: еңбек ресурсы дегеніміз не деген сұраққа жауап беру.
4. Павлодар облысы халқының ұлттық және діни құрамына тоқталу.
5. Халықтың көші-қоны туралы түсінік беру.
|
1. Құрам мен құрылым ұғымдарын түсіндіру
2. Жыныстық пирамиданы талдайды. Жас құрамына қарай үш топқа бөлінеді: І – 14 жасқа дейінгі балалар, ІІ – 15-59 ересектер, ІІІ – 65 асқан егде адамдар.
3. Үш компоненттен тұрады: І – 15 жасқа жеткен жасөспірімдер, ІІ – 16-58 (ә), 63 (е), ІІІ – зейнеткерлер.
4. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік, жұмыссыздық, жұмыс күшінің жетіспеушілігі.
5. І – а.ш., ІІ – өнеркәсіп ж/е құрылыс, ІІІ – қ.қ..
6. Төменгі, орта және жоғары деңгейлер.
|
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
Павлодар облысы кескін картасына облыстың әкімшілік-аумақтық бөлінісін салу, ұлттық құрамын салу.
|
|
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
|
Павлодар облысы әкімшілік-аумақтық бөлінісі, ауданы, халық саны
Павлодар облысы халқының ұлттық құрамы қандай?
Халықтың көші-қонының негізгі ерекшелігі қандай?
|
|
6. Бағалау кезеңі
|
Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.
|
|
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
|
Сұрақтарғаа дайындалу. Кескін картаны аяқтау.
|
|
Сабақ №8
Күні:
Сынып: 9
Тақырыбы: Бастапқы бақылау жұмысы
Мақсаттары:
Білімділік. 8 сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау.
Дамытушылық. оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік. Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ түрі: қайталау
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық әдіс
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, интерактвті тақта
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1.Ұйымдасты-ру кезеңі
(3 мин)
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Сарамандық жқмыс тақырыбымен таныстыру. Мақсат-міндеттерін анықтау.
|
Мұғаліммен амандасу. Сарамандық жқмыс тақырыбымен таныстыру. Мақсат-міндеттерін анықтау.
|
2. Тақырыпты бекіту кезеңі
|
I нұсқа
Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы.
Қазақстанның ішкі сулары
Орманды дала зонасына сипаттама бер.
Қазақстанның қорықтары
ІІ нұсқа
Қазақстанның жер бедерінің геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары.
Қазақстан климаты: климат қалыптастырушы факторлары, ерекшелігі.
Шөл зонасына сипаттама бер.
4. Қазақстанның ұлттық парктері мен қорықшалары
|
|
3. Сабақты қорытындылау
|
Мұғалім жалпы сабақ барысын қорытындылайды. Оқушыларды үзіліске жібереді.
|
|
Сабақ №9
Күні:
Сынып: 9
№1 сарамандық жұмыс
Тақырыбы: Халқы және еңбек ресурстары
Мақсаттары:
Білімділік. Демография, этнография ұғымдарына түсінік беру, халықтың табиғи қозғалысы, көші-қоны туралы көзқарастарын қалыптастыру. Халықтың құрамы, еңбек нарығы және халықтың жұмыспен қамтылуы туралы
Дамытушылық. Қазақстанның географиялық орнын және табиғи ресурстық әлеуетін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақты үйымдастыру формасы: жеке-дара
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: жазбаша жеке жұмыс істеу
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы, интерактвті тақта
Негізгі ұғымдар: этнос, этнография, этнология, диаспора, лингвистика, индуизм-үнділік дін, ислам, христиан, будда, иудейлік, ру-тайпалық дін, халықты аумақтық ұйымдастыру, халықты орналастыру, халықтың қоныстану, қала халқы, ауыл халқы, урбандалу, қала, агломерация, мегаполис
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1.Ұйымдасты-ру кезеңі
(3 мин)
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Сарамандық жқмыс тақырыбымен таныстыру. Мақсат-міндеттерін анықтау.
|
Мұғаліммен амандасу. Сарамандық жқмыс тақырыбымен таныстыру. Мақсат-міндеттерін анықтау.
|
2. Тақырыпты бекіту кезеңі
|
1-тапсырма. 1. Қазақстан халқының тығыздығын анықтау:
а) елдегі халықтың орташа тығыздығы; б) жергілікті жердегі халықтың орташа тығыздығы.
2-тапсырма. 2. Халықтың құрамы, құрылымы және орналасуы жөнінен диаграмма құру.
|
|
3. Сабақты қорытындылау
|
Қазақстан халқы мен еңбек ресурсы туралы қорытынды жасау.
|
|
Сабақ №10
Күні:
Сынып: 9
Тақырыбы: «Халқы және еңбек ресурстары» бөлімі бойынша қайталау
Мақсаттары:
Білімділік. Халқының жас және жыныстық, ұлттық және діни құрамы, халық қоныстануының географиялық ерекшеліктері бойынша білімдерін қорытындылау. Бөлім бойынша білімдерін еске түсіру.
Дамытушылық. Қазақстанның халқы мен еңбек ресурсын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы, интерактвті тақта
Негізгі ұғымдар: этнос, этнография, этнология, диаспора, лингвистика, индуизм-үнділік дін, ислам, христиан, будда, иудейлік, ру-тайпалық дін, халықты аумақтық ұйымдастыру, халықты орналастыру, халықтың қоныстану, қала халқы, ауыл халқы, урбандалу, қала, агломерация, мегаполис
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1.Ұйымдасты-ру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
2. Бөлімді қайталау кезеңі
|
1. Халық саны мен табиғи өсімі
2. Халықтың құрамы. Еңбек нарығы және халықтың жұмыспен қамтылуы
3. Халықтың ұлттық және діни құрамы
4. Халық қоныстануының географиялық ерекшелігі
|
|
5. Тақырыпты бекіту кезеңі
|
Карта бойынша Қазақстанның халқы мен еңбек ресурсын талдап, сипаттау. Тестерге жауап беру.
|
|
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
|
Қазақстанның халық санының деңгейі қандай?
Оның жас құрамы мен еңбек ресурсының қандай ерекшелігі бар?
Қазақстан халқын қанша ұлт өкілі құрайды?
Қазақстанда қандай агломерациялар бар
|
|
7. Бағалау кезеңі
|
Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.
|
|
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
|
«Халқы және еңбек ресурстары» бөлімі бойынша қайталау
|
|
Сабақ №11
Күні:
Сынып: 9
Тақырыбы: Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы
Мақсаттары:
Білімділік. Шаруашылық ұғымына анықтама беру. Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстанның шаруашылығына – кәсіпорындары-салалары-салааралық кешендерді сипаттау. Экономиканың құрылымдық ерекшеліктерін анықтау. Қазақстанның әлемдік экономикадағы орнын анықтау.
Дамытушылық. Қазақстанның шаруашылығын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы, интерактвті тақта
Негізгі ұғымдар:нарықтық экономика, мемлекеттік сектор, кәсіпорындар, мекемелер, экономика салалары, салааралық өндірістік кешен, өндірістік сала, өндірістік емес сала, экстенсивті, инетнсивті,экономиканың тиімділігі, еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1.Ұйымдасты-ру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин)
|
Үйге берілген кескін карталарын тексеру.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
1.
2
|
3.Жаңа материалға көшу кезеңі
|
Кіріспенің жоспарын еске түсіру. Оның экономика саласына мән беру. І бөлімнің жоспарына шолу. ІІ бөлімнің жоспарымен таныстыру. Талдау.
|
|
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру барысында қарасытырылатын сұрақтар:
1.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономиканың қандай айырмашылығы бар? Нарықтық экономиканың қандай кемшілігі бар. –
2.Қазіргі нарықтық экономикада қандай экономикалық салаларымыз мемлекеттің құзырында? –
3.Не себепті Қазақстан экономикасын аралас дейді? –
4.Экономиканың салалары дегеніміз не? Қазақстан шаруашылығы қандай еңбек салаларынан тұрады? -
5. «Салааралық өндірістік кешен» дегеніміздің мағынасын, мәнін түсіндір. «Салааралық кешендердің» қалыптасуы ненің әсерінен болған? –
6. Экономиканың даму барысында интенсивті даму мен экстенсивті дамудың негізгі айырмашылықтары? Осы даму жолдарының қайсысы қазіргі кезде тиімді?-
7. «Жалпы ішкі өнім», «экономиканың тиімділігі», «еңбек өнімі», «өнімнің өзіндік құны» деген терминдерге анықтама бер. -
8. Қазақстан – ірі жабдықтаушы, «Қазақстан – көлік дәлізі», халықаралық арена деген ұғымдарды түсіндіру, олардың мәні мен маңызын ашу
|
Оқушылардың жауабы:
1. Жоспарлы экономика мемлекеттік меншік пен басқарудың әміршілдік әдістеріне сүйенеді. Нарықтық экономика меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген.Оның кемшіліктері де бар –ол ырғақтылық, яғни өндірістің қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі өндірістің құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады.Одан басқа заңмен шектелмейтін нарық стихиясы адамдардың тұрмыс-жағдайы мен қоршаған ортаның сапасының нашарлануына әкелуі мүмкін.
2. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас шетелдік кәсіпорындар да қызмет етеді.
3. Дүние жүзінде көптеген елдер соның ішінде Қзақстан экономикасы аралас болып саналады.Мемлекеттік бәсекелесу еркіндігін қолдап, халыққа әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді, аумақтар мен жекелеген өндірістің даму бағдарламасын жасай алады.
4. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді ,яғни ол экономиканың салалары деп аталады. Қазақстан шаруашылығы – бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейде қарастыруға болады. 1. кәсіпорындар мен мекемелер. 2. Экономиканың салалары 3.Өндірістік сала.
5. Шаруашылық салалары салааралық өндірістік кешендерді құрайды. Мұнай, мұнай өңдеу, көмір,газ өндіру салаларының арасында қалыптасқан.Сондықтан оны салааралық деп атайды.
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
48, 49, 50, 51-суреттерді және 7-8 кестелерді талдау. «Қазақстанның шаруашылық құрылымына» сызбанұсқа жасауға арналған тапсырманы орындау.
|
|
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
|
1. Шаруашылық дегеніміз не? 2. Қазақстанның экономикасы қай экономика түріне жатады? 3. Қазақстанның шаруашылығының құрылымы? 4. Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны қандай?
|
|
7. Бағалау кезеңі
|
Оқушылар сабақта белсенділік танытуына қанытуына қарай бағаланады.
|
|
8. Үйге тапсырма беру
|
88-беттегі 1-3 тапсырмалар. Тестерге жауап беру.
|
|
Сабақ №12
Күні:
Сынып: 9
Тақырыбы: Өнеркәсіп: құрылымы және орналасу факторы
Достарыңызбен бөлісу: |