Сабақ: №1
|
Мектеп:
Б. Онтаев ЖОМ
|
Оқу-ісінің меңгерушісі
________Н. Мамбетов
|
|
|
Пәні: информатика
|
|
|
Күні: 07.09.2017жыл
|
Мұғалімнің аты-жөні: Е. Назаров
|
|
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
|
|
Сабақ тақырыбы:
|
§ 1.Кіріспе. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.
|
|
|
Сабақ негізделген оқумақсаты
|
Қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастыру, үнемі көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс әрекет ережелері жасауға дағдыландыру және информатика пәнінің ұғымын түсіндіру;
|
|
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
|
|
Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау тәртібін меңгеру;
Көз жаттығуларын өз еркімен жасай алу;
Информатика пәні жайлы мағлұмат алу;
|
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
|
|
Төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсете алу сонымен қатар дер кезінде қандай әрекет ету керектігін білу.
|
|
|
Кейбір оқушылар:
|
|
|
Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау тәртібін меңгеру;
Информатика пәні жайлы мағлұмат меңгеру;
|
|
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастырады.
|
|
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
|
|
Информатика, компьютер, интернет.
|
|
|
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Қауіпсіздік ережесі не үшін сақталады?
Егер оқыс жағдайда қандай көмек бересіздер?
Информатика пәнінің маңыздылығы қаншалықты?
Компьютерден жағымсыз иіс шыққан жағдайда не істейсіздер?
|
|
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
|
|
Көз жаттығуларының тиімді жақтары қандай?
|
|
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
|
|
|
Жалпы қауіпсіздік талаптар:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, разеткаларға тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
Дербес компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
Үстелге дербес компьютердің жанына сөмке, портфель, артық заттар қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жату керек.
Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарының көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
|
|
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
|
|
Компьютер – компьютер- computer, informatik- информатика – информатика, ғаламтор - интернет- internet
|
|
|
Алдыңғы тақырып
|
|
|
|
Жоспар
|
|
|
Жоспарлаған
уақыт
|
Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі
жоспарланған жаттығулармен қатар
ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
|
|
Басталуы
10 минут
Миға шабуыл
|
Шаттық шеңберін құру
«Миға шабуыл»
АКТ-да деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындау.
Жаңа тақырыпты қорытындылау.
Ұйымдастыру.
Суреттер арқылы 2 топқа бірігу.
«Миға шабуыл» Қалай ойлайсыңдар, компьютер алдында неге көп отыруға болмайды?
Жалпы қандай қауіпсіздік ережелерін информатика кабинетіне қосуға болады?
|
Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері
|
|
|
Ортасы
15 минут
10 минут
|
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
« Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру».
« Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбында конспекті жазу.
«Есте сақтайық» ойыны жазған конспектіге көз жүгіртіп дәптерді жабу арқылы есте сақтау қабілеттерін байқау.
Көздеріңді шаршатпаудың жолы қандай?
Ол үшін мына талаптарды орындау керек.
Мониторға дейіінгі арақашықтықты 55-65 см –ден кем болмауы керек (созылған қолдың ұзындығы)
Компьютер алдында жұмыс 25 минуттан аспауы керек.
Жиі-жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек.
Экранның ортасына қарау керек.
Компьютермен жұмыс істегенде әрбір 10-15 минут сайын көзге арналған жаттығуларды орындай отыру керек.
Көзге жасалатын жаттығуларды түсіндіре отырып жасап көрсету.
Электронды оқулықпен жұмыс.
|
Оқулық,
маркерлер,
плакаттар,
стикерлер,
үлестірме қағаздар,
интерактивті тақта
|
|
|
Аяқталуы
10 минут
|
«Кілтті сөздер» әдісі арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау. Топтық жиынтық бағалау.
Үйге тапсырма: §1
Бағалау.
Кері байланыс жабыстырғышқа жазып өту.
|
Жиынтық бағалау парағы
Оқулық,
күнделік
Үлестірме қағаздар
|
|
|
Қосымша ақпарат: Информатика 11-сынып Арман-пв баспасы,
авторы Е.А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов 2015 жыл
|
|
|