Сабақ №1 Мерзімі Тақырыбы: Оң және теріс сандарға амалдар қолдану Мақсаты



бет16/32
Дата17.02.2017
өлшемі3,45 Mb.
#9650
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32

VІ. Сабақты қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма № 66(2), №67(2)

VІІІ. Бағалау.

Алгебра 7 сынып Сабақ № 14 Мерзімі

Тақырыбы: у=ах 2; у=ах 3 функциялары тақырыптарын жалпылау сабағы.

Мақсаты:

  • у=ах 2 у=ах 3 функциялары және олардың қасиеттері, графиктері тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, жинақтау;.

  • Функция графиктерін салу біліктілік дағдыларын шыңдау;

  • Ұжымда жұмыстануға машықтандыру,жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Өзіндік жұмыс

  4. Оқулықпен жұмыс

  5. Үйге тапсырма

  6. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы

  7. Бағалау.

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру бөлімі: Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1) № 66(2), №67(2)

2)Ауызша жаттығулар

(1-қатар- Сызықтық функция, 2-қатар -Квадрат функция, 3-қатар -Кубтық функция)

Функция түрі?

Анықталу облысы, мәндерінің облысы ?

Функция графигі ?

Функция графигінің орналасуы ?



Графигін салу үшін неше нүкте жеткілікті?

ІІІ. Өзіндік жұмыс. а) y=-0,5x3 функциясы берілген. Нүктелердің қайсысы осы функцияның графигіне тиісті.




I қатар

IIқатар

III қатар

I

A(-1;0)

B(-2;4)

C(0;-1)

II

D(2;-4)

E(-2;2)

F(-4;3)

III

K(5;2)

M(6;3)

N(-1;0,5)

б) х-тің қандай мәнінде функцияның мәні 4 болады?

I қатар

IIқатар

III қатар

y=-0.5x+1

y=2x2

y=4x3



ІV. Оқулықпен жұмыс . №64 (1), №65(2), №67(1,3), №69(1), №70(2), №72(1,3), 74(1)

V. Үйге тапсырма №69(2), №70(1), №71, (№72 (2,4), 74(2).

VІ. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасын толтыру

VІІ. Бағалау



Алгебра 7 сынып Сабақ № Мерзімі
Тақырыбы: y=k/x функциясы және оның графигі

Мақсаты:

  • y=k/x функциясын кері пропорциональдық ұғымымен байланыстыра отырып түсіндіру; қасиеттерін оқып үйрену және графигін салу;

  • Салыстыру, сараптама жасау арқылы алған білімді жүйелеу, жалпылау, қорытынды жасауға баулу;

  • Ұқыптылыққа, байқампаздыққа, өз бетімен жұмыстануға тәрбиелеу.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Ауызша жаттығулар

  4. Жаңа сабақ

  5. Сабақты бекіту. Деңгейлі өзіндік жұмыстар

  6. Сабақты қорытындылау

  7. Үйге тапсырма.

  8. Бағалау.

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру бөлімі: Сынып оқушылар 4 топқа бөлініп отырғызылады. Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 69(2), №70(1), №71, (№72 (2,4), 74(2).
ІІІ. Ауызша жаттығулар. 1)Төмендегі функциялардың анықталу облысын табыңдар: y=x2+8, y=x-7, y=4x-1/5 y=2x, y=7-5x, y=2/x, y= -10/x

2. Графиктеріне қарап, функцияны атаңдар. Графиктер проектор арқылы тақтаға түсіріледі

Соңғы функция туралы не білеміз? Неге қиындық туғызды? Деген сұрақтарға жауап іздей отырып, жаңа сабаққа көшеміз.

ІV. Жаңа сабақ. Алгоритм бойынша жұмыстанайық:


  1. Әр топқа y=5/x, y= -5/x, y=8/x, y= -8/x функция беріледі. Олар өз кезегінде x және y үшін кесте толтырады.

  2. Кесте бойынша (x;y) координаталық жазықтықта сәйкес нүктелерді қосып график саламыз.

  3. Енді төмендегі сұрақтарға жауап береміз:

- Функцияның анықталу облысы? (x 0-ден өзге );
- функция графигі (0;0) нүктесі арқылы өте ме? (жоқ);
- функция графигі OY және OX осьтерімен қиылыса ма? (жоқ).
тұрғызылған графиктерді салыстыра отырып, әр топ өз қорытындыларын айтады,

- график координаталар басына қарағанда симметриялы;

- Егер k>0, онда график I және III ширекте, ал k<0, болса II және Ivширектерде орналасады.

Мұғалім: Пайда болған график гипербола деп аталады. Грек тілінен аударғанда “ бір нәрсе арқылы өту” деген мағынаны береді. Қысқаша тарихи мәлімет беріледі.



V. Деңгейлі өзіндік жұмыстар

I нұсқа. Берілген кестені пайдаланып y= - 6/x функциясының графигін салыңдар

x

- 6

- 4

- 3

- 2

1

2

3

4

6

y

+ 1

+1,5

+ 2

+ 3

- 6

- 3

- 2

- 1,5

- 1

II нұсқа. Кестені толтырып, y=16/x функциясының графигін салыңдар.

x

- 8

- 4

- 2

- 1

1

2

4

8

y

 

 

 

 

 

 

 

 

III нұсқа. Кесте құрып, y=10/x функциясының графигін салыңдар.

Жұмыстар эталон бойынша тексеріліп, қателіктер түзетіліп сараптама жасалады.



VІ. Сабақты қорытындылау. Рефлексия

VІІ. Үйге тапсырма. № 78, №80, №81(3,4)

VІІІ. Бағалау.

13-сабақ


Тақырыбы: Бақылау жұмысына әзірлік
Мақсаты:

  • Алдағы бақылау жұмысына әзірлік есептерін шығарта отырып, оқушылардың алған білімдерін бір жүйеге келтіру, тиянақтау;

  • Сабақ барысында дәреже қасиеттерін ұтымды, тиімді қолдануға дағдыландыру, күрделі есептерді тиімді әдіс-тәсілдермен шығаруға бағыттай отырып ой өрісін дамыту;

  • Өз бетімен жұмыстануға, еңбекқорлыққа, жолдастық қасиеттерін жетілдіру.

САБАҚ БАРЫСЫ



1. Ұйымдастыру бөлімі. Сынып оқушыларын 5 топқа бөліп, сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.
ІІ. Қайталау сұрақтары.

1) (Топ оқушылары қайталау сұрақтарын әзірлеп, әр топқа бір сұрақтан қояды,)

2) Үлестірме карточкамен жұмыстану.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет