Сабақ №1 Мерзімі Тақырыбы: Оң және теріс сандарға амалдар қолдану Мақсаты



бет32/32
Дата17.02.2017
өлшемі3,45 Mb.
#9650
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Тест тапсырмалары

А нұсқа

1. Ұқсас бірмүшелерді табыңдар: 1) Зху;

2) Заb;

3) - 7ху. 4) - 7.

А. 1 ж/е 2, 3. Б. 1 ж/е 3.

В. 1, 2, 3 4.




2. Қай өрнек көпмүшеге жатады?

1) х(5х + у3);

2) 5ху3;

3) 5 + х + у3

А. 3. Б. 2.

В. 1ж/е З.




3. Өрнекті ықшамда: (а2 * а3)3.

А. а8. Б. а18. В. а15.

4. Өрнекті стандартты көпмүше түріне келтір 4 * х * х * х * 2 - 6х5 + х3 * х4

A.4х3 * 2 - 6х5 + х7. Б. 8х3 - 6х5 + х12. B. х7 - 6х5 + 8х3.


Б нұсқа

1. Ұқсас бірмүшелерді табыңдар : 1) 5ху;

2) - 9;

3) 5ас;

4) - 9ху.

А. 1 мен 3. Б. 1 ,3, 2 , 4




В. 1 мен 4.




2. Қай өрнек көпмүшеге жатады?

1) 4 + Зу - у2;

2) (х + у):(х - у);

3) 7 - х.

А. 2 мен 3.

Б. 1 мен 3.

В. 1, 3 және 4.

3. Өрнекті ықшамда а3(3а3)2.

А. 9а8. Б. 6а9. В. 9а9.
4. Өрнекті стандартты көпмүше түріне келтір 6 * а * а * а * а * 1,5 + 0,4 * а3 * 5 - а6 * а3

A.9а4 + 2а3 - а18. Б. - а9 + 9а4 + 20а3. B.- а9 + 9а4 + 2а3.


жауаптары: Анұсқа Б, В, В, А.

Б нұсқа В, Б, В, В
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.

Бағалау
Алгебра 7 сынып Сабақ № 19 Мерзімі
Тақырыбы: Көпмүше. Көпмүшелерді қосу және азайту.
Мақсаты:

  • Оқушыларды көпмүше, стандарт түрдегі көпмүше, көпмүшенің дәрежесі түсініктерімен таныстыру, көпмүшелерді қосу және азайту амалдарын орындау білік дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушылардың ойлау, жүйелеу қабілеттерін дамыту;

  • Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, математикалық сауатты жазуға баулу.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

IІ. Ауызша жаттығулар:

1. Өрнекті ықшамдаңдар:

3а2 · а; 2х · х4; 2ху · 3у; (b · b2)3.

2. Өрнекті бірмүшенің стандарт түріне келтіріңдер:

- 2ах 2х3; 3аb2 · 8аb; (-2а3b2)2.

3. Бірмүшенің дәрежесін анықтаңдар: -2х3 ∙ у4; 6abс; -3х6; 71.


ІII. Жаңа тақырыпқа кіріспе:

1) Бірмүшенің стандарт түрі;

2) Таңбалар ережесі.
IV. Жаңа тақырыпты оқулықтағы тақырыпқа сәйкестендіріп құрастырып, түсіндіру.

Бүтін өрнектерді теңбе – тең түрлендірудегі негізгі мәселе – оны стандарт көпмүшеге түрлендіру, сондықтан оқушылар стандарт көпмүше түсінігін жақсы игерулері қажет.

Көпмүшелерді қосу және азайту амалдары алдына «+», «-» таңбалары бар жақшаларды ашу ережесіне сүйенеді.
V. Есептер шығару: №102, 103, 104, 105(1,3), №108 (1,3).
VІ. Үйге: § 6. № 105 (2,4), №108 (2,4), №113, № 116 (2,4).
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Бағалау

Алгебра 7 сынып Сабақ № 19 Мерзімі
Тақырыбы: Көпмүшелерді қосу және азайту. (2-ші сабақ)

Мақсаты:


  • Оқушылар көпмүшені стандарт түрде жазуға, көпмүшелерді қосу және азайту амалдарын орындауға берілген есептерді шығарып жаттығу;

  • Оқушылардың ойлау, жүйелеу, теориялық білімдерін практикада қолдану қабілеттерін дамыту;

  • Ұқыптылыққа, математикалық сауатты жазуға баулу.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Қайталау сұрақтары: 1) Көпмүшеге анықтама бер.

2) Стандарт түрдегі көпмүше деп қандай көпмүшені айтады?

3) Стандарт түрдегі көпмүшенің дәрежесі.

4) Көпмүшенің ұқсас мүшелері болмаса, онда көпмүше стандарт түрде жазылған деуге бола ма?

5) Көпмүшенің барлық мүшелері стандарт түрде жазылған болса, көпмүше стандарт түрде деуге бола ма?

6) Жақшаның алдында «+», «-» таңбасы болғанда, жақша қалай ашылады?


IІІ. Ауызша жаттығулар:

1. Жақшаны ашыңдар:

а) х – (у + z); б) (аb) – (cd).

2. Өрнекті ықшамдаңдар:

(ху) + (у + х).

3. Өрнектің мәнін табыңдар: 12,8 + (11 – 12,8); б) – 1,7 – (5 – 1,7).

4. Теңдеуді шешіңдер: 3 – (2 – х) = 1,5.

5. Теңдік орындалатындай, жақшаларды қойып шығыңдар:

х2 – 3 х + 1 – х2 – 3х – 1 = 2;

х2 – 3 х + 1 – х2 – 3х – 1 = – 2;

х2 – 3 х + 1 – х2 – 3х – 1 = 0.
IV. Есептер шығару: № 109, 110, 116(1,3), 118(1), 121.
V. Өздік жұмыс.

1. (7х2 – 5х + 3) – (7х2 – 5); 1. (3a2 + 7a – 5) – (3a2 + 1);

2. (3х + 1) + (–3х2 – 3х +1); 2. (5a + 3) + (–2a2 + a +7);

3. (a + 3b) + (3a – 3b); 3. (х + 6у) + (3 – 6у);

4. a2 - 5abb2 – (a2 + b2); 4. х2 – 3ху + у2 – (х2у2);

5. (х + уz) – (ху) + (ху + z). 5. (ab + c) + (ac) – (ab – c).


VІ. Үйге: § 6. №113, № 116 (2,4), 118(2).
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Бағалау

Алгебра 7 сынып Сабақ № 20 Мерзімі
Тақырыбы: Бірмүшені көпмүшеге көбейту.

Мақсаты:

  • Оқушыларды бірмүшені көпмүшеге көбейту ережесімен таныстыру, олардың көбейтіндісін стандарт түрдегі көпмүшеге түрлендіре білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушылардың тапқырлық, зеректік қабілеттерін, математикалық сауаттылықтарын дамыту;

  • Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

IІ. Қайталау: 1) Көпмүше ұғымы.

2) Көпмүшенің ұқсас мүшелерін біріктіру.

3) Көпмүшенің стандарт түрі.

4) 5-6 кластардан таныс көбейтудің үлестірімділік заңы.


ІII. Ауызша жаттығулар:

1. Қандайда бір заңдылықты пайдаланып өрнектің мәнін табыңдар:

7,49 ∙ 2,5 + 2, 5 ∙ 2,51; 0,2 ∙ 7 + 0,8 ∙ 7; 65 ∙ 35 + 352 .

2. Көбейтудің үлестірімлік заңын пайдаланып, теңбе-тең өрнекке түрлендір:

(5х + 2) ∙ 7; 8 ∙ (х + 3); 12(10 - 3b).

3. Дәреже түрінде көрсетіңдер: х5 ∙ х2; aa2; - 26 ∙ (- 86); 4a2 ∙ (-8a3).


IV. Жаңа тақырыпты оқулықтағы тақырыпқа сәйкестендіріп құрастырып, түсіндіру. Жазып, түсіндіру үлгісін мынадай түрде көрсетуге болады:

-2 ∙ (3х2-4х-5) = -5х2 ∙3х2 – 5х2 ∙ (- 4х) - 5х2 ∙ (-3) = -15х4 + 20х3 + 15х2.

V. Есептер шығару: 108(2,4), 109(1), 112, 126(1,2), 122(2,3)
VІ. Үйге: § 6. №108(1,3), 109(2), 122(1,4)
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Бағалау

Алгебра 7 сынып Сабақ № 21 Мерзімі
Тақырыбы: Көпмүшені көпмүшеге көбейту.

Мақсаты:

  • Оқушыларды көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесімен таныстыру, мысалдар арқылы түсіндіру;

  • Ізденімпаздық дағдыларын, ақпаратты өңдеу, байқағыштық, салыстыру, қорытынды шығара алу қабілеттерін дамыту;

  • Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Ауызша жаттығулар:

  1. 2 ∙ (4х2 -3х + 5)

  2. -2а2 ∙ (7а5 - 0,11а4)

  3. 4ху ∙ (х2 -2ху + у2)

  4. -1,6n2m ∙ (-2n + 5m)

  5. 0,5y ∙ (10y3 - 4y2 + 100y)

  1. -3x ∙ (x2 - 2x + 4)

  2. c ∙ (2c2 - d + 4d2)

  3. (4y3 - 5z3) ∙ yz

  4. bc ∙ (b2 - bc)

10) (a + b) ∙ (-3a2b2)



IІI. Жаңа тақырыпқа кіріспе. Көбейтіңдер:

1. 10 ∙ 23 = ... . /230/. Бұл - ... /натурал сандарды/ көбейту.

2. = ... . /3/. Бұл - ... /аралас сандарды/ көбейту.

3. 1,4 * 0,2 = ... . /0,28/. Бұл - ... /ондық бөлшектерді/ көбейту.

4. 5 * ( -12) = ... . / -60/. Бұл - ... /оң сан мен теріс санды/ көбейту.

5. 8х5 ∙ 3х2 = ... . /24х7/. Бұл - ... /бірмүшелерді/ көбейту.

6. -4а ∙ (3а2 - 12а5) = ... . /-12а3 + 48а6/. Бұл - ... /бірмүшені көпмүшеге/ көбейту.

7. (a + 5b) ∙ (1-3ab) = ? Бұл - ... /көпмүшені көпмүшеге/ көбейту.

Ендеше жаңа тақырып: Көпмүшені көпмүшеге көбейту.
IV. Жаңа тақырыпты оқулықтағы тақырыпқа сәйкестендіріп құрастырып, түсіндіру. Жазып, түсіндіру үлгісін мынадай түрде көрсетуге болады:


(a - b) ∙ (c - d) = ac – ad – bc - b ∙ (- d) = ac – ad – bc + bd.

Міндетті түрде көрсетіп кетуге болады: егер бірінші көпмүше m мүшеден, ал екінші көпмүше n мүшеден тұрса, шыққан көбейтіндіде (m∙n) мүшелі көпмүше шығады. Бұл көпмүшелерді көбейтуде кететін қателіктердің бірінен сақтайды.

Мысалы: (-х-у3 + z2) ∙ (p-q).

Бірінші көпмүшеде 3 мүше бар.

Екінші көпмүшеде 2 мүше бар.

Шыққан көпмүшеде 3 ∙ 2=6 мүше болады.
V. Есептер шығару: 109 (3,4,5,6), 117, 123, 126(3,4).

2х(х+3) – х(2х+4) = 6 – х


VІ. Үйге тапсырма: §6. № 109(5,6), 123 (2,3)
VІI . Сабақты қорытындылау.

Бағалау

Алгебра 7 сынып Сабақ №22 Мерзімі
Тақырыбы: Бірмүше мен көпмүшені бірмүшеге бөлу
Мақсаты:

  • Оқушыларды көпмүшені бірмүшеге бөлу ережесімен таныстыру.

  • Білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Математикалық сауаттылықтарын дамыту.

  • Тез ойлауға, аңғарымпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өздік жұмыс.

/1,2 нұсқа//Дәптерлерін ауыстырып, көршілері тексереді/



Ықшамдаңдар:

  1. (х+1) (х+2) – (х-3) (х+4)

Теңдеуді шешіңдер:

  1. 10 х2 – (2х-3)(5х-1) = 0




  1. (5х-1)(2-х) – (х-3)(2-5х)




  1. 16х2 – (4х-1)(4х-3)=0


IІI. Жаңа сабаққа кіріспе.

1. am: an = am-n .

2. Бірмүшені бірмүшеге бөлу. Мысал.
18a2bc3 : 6abc =  = 3a1c2 = 3ac2.
IV. Жаңа тақырып.

(12а+8) : 2 =  + 8/2 = 6а+4



(18а4-27а3) : 9а2 =  -  = 2а2 – 3а
V. Класта шығарылатын есептер: № 119, 124, № 125 (2).
VІ. Үйге: §6. № 111, 119 (1-4), 125 (1)
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Бағалау

Алгебра 7 сынып Сабақ № 23 Мерзімі
Тақырыбы: Көпмүшені ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктеу

(2сабақ. 1 сабақта түсіндіру. 2 сабақ- бекіту сабағы, оқушылардың білімдерін тексеру)


Мақсаты:

  • Оқушылардың көпмүшені көбейткіштерге жіктеу дағдыларын қалыптастыру.

  • Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға дағдыландыру;

  • Іскерлікке, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (шықпаған есептерді көрсету).

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Теңдеулерді шешуде, бөлшектерді қысқартуда және бірқатар есептерді шешу барысында көпмүшені бірнеше көпмүшенің көбейтіндісімен алмастырған тиімді болады. Көпмүшені екі немесе бірнеше көпмүшелердің көбейтіндісі түріне келтіруді көпмүшені көбейткіштерге жіктеу деп атайды. Бұл көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетінен алынған: ав+ас = а(в+с). Мұнда ав және ас мүшелерінен а көбейткіші жақшаның сыртына шығарылады. Көбейткіштерге жіктеудің бұл тәсілін ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару деп атайды.

Мысал: 1) 9а3в2 + 21а2в3

Көпмүше мүшелерінің құрамында 3а2в2 көбейткіші бар, сондықтан да 3а2в2 бірмүшесін жақша сыртына шығарамыз: 3а2в2 (3а+7в).

Тақтада: 9а3в2 + 21а2в3 = 3а2в2 *3а + 3а2в2 *7в=3а2в2 (3а+7в) /дәптерге жаздыру/

Дұрыстығын тексеру үшін, 3а2в2 бірмүшесін (3а+7в) екімүшесіне көбейтеміз.

2в2 *(3а+7в)= 3а2в2 *3а + 3а2в2 *7в = 9а3в2 + 21а2в3

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар:



  1. 12а-24в 2) 5mn2 – 4np 3) 10ab+5b-30bc

/өз беттерімен орындауға/

Мысал: 2)Кей алгебралық өрнектерді ықшамдауда ортақ көпмүшені жақша сыртына шығару керек.

m(5a-2b)+n2(5a-2b)-p2(5a-2b) = ортақ (5a-2b) екімүшесін жақша сыртына шығарамыз= (5a-2b) *(m+n2-p2).

Мысал: 3) 3х2-2х=0 теңдеуін шешейік.

Теңдеудің сол жақ бөлігін көбейткіштерге жіктейміз: х*(3х-2)=0 түріне келеді. Көбейтінді 0-ге тең болу үшін көбейткіштердің кем дегенде біреуі 0-ге тең болуы керек, яғни х=0 немесе 3х-2 = 0

3х=2, | : 3

х = . Теңдеудің 2 түбірі бар.

жауабы: 0;



IV. Есептер шығару.

132(1,3,5,7,9), 133(1 бағаны), 134(1 бағаны), 135(1,3,5), 136(1,3), 137(1бағаны), 143(1,3).



V. Үйге тапсырма: §7 . № 132 – 135 (жұп).

VІ. Сабақты қорытындылау.

Бағалау

Алгебра 7 сынып Сабақ № Мерзімі
Тақырыбы:«Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару». /2-ші сабақ/

Мақсаты:

  • Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару дағдылары мен білік – білік дағдыларын қалыптастыру. Тақырып бойынша оқушылардың білім деңгейлерін анықтау/өзіндік жұмыс/.

  • Логикалық ой-өрісін, математикалық сауаттылығын дамыту;

  • Қарым-қатынас жасай білуге, математикалық тілде дұрыс сөйлей білуге, өз бетімен жұмыс істей білуге үйрету.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (кодоскоп немесе интерактивті тақта арқылы).

ІІІ. Класта есептер шығару. № 137, 143 (1,3), 144 (жұптары)

IV. 2 нұсқадан тұратын өздік жұмыс.

Өздік жұмыс



I нұсқа

  1. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар:

а) 2х6у4 – 6х4у2+8х2у

б) 11а(2а+в)+6(в+2а)

2) Теңдеуді шеш:

2+3х=0



II нұсқа

  1. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар :

а) 9х2у3+99х4у3-999х3у

б) 4(p-q) – a (q-p)

2) Теңдеуді шеш:

2+10х=0




V. Үйге тапсырма § 7. № 137(4,6), 138(2,4), 143(2,4), 144 (1).
VІ. Сабақты қорытындылау.
Бағалау

Алгебра 7 сынып Сабақ № Мерзімі
Тақырыбы: Көпмүшені топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу.

Мақсаты:

  • Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу әдісін мысалдар арқылы түсіндіру.

  • Ойлау мен есте сақтау қабілеті, қателікті талдай білу қабілеттерін дамыту;

  • Дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, өз-өзін бағалауға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау және бекіту сұрақтары (өздік жұмысты тексеру, қателерін көрсету)

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру .

7m+np+7n+mp көпмүшесін көбейткіштерге жіктейік.

Бұл көпмүшені барлық қосылғыштарының ортақ көбейткіштерін жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктеу мүмкін емес, себебі бұл қосылғыштардың барлығына ортақ көбейткіш жоқ. Мұндай жағдайда, көпмүшенің ортақ көбейткіштері бар мүшелерін топтаймыз.

Мысалы: 7m+np+7n+mp көпмүшесін (7m + 7n) + (np +mp) деп топтап, әрбір топтағы ортақ көбейткіштерді жақша сыртына шығарамыз: (7m +7n) + (np + mp) = 7 (m+n) + p(n+m) = (m+n)*(7+p).

Бұл мысалдағы көпмүшені басқа тәсілмен де топтауға болады:

(7m+mp)+(np+7n) = m(7+p)+n(p+7)=(7+p)*(m+n)

Мысалы: ax+bx-ay-by+az+bz


  1. Екі-екіден топтау арқылы мынаны аламыз:

(ax+bx) – (ay+by) + (az+bz) = x(a+b) – y(a+b) + z(a+b) = (a+b)*(x-y+z).

  1. Үш мүшеден топтау арқылы: (ax+az-ay) + (bx+bz-by) = a(x+z-y) + b(x+z-y)= (x+z-y)*(a+b)

Сонда топтау тәсілі арқылы көпмүшелерді көбейткіштерге жіктегенде:

  1. Ортақ көбейткіштері бар мүшелерін топтау керек;

  2. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару керек.


IV. Оқулықпен жұмыс: 138(1,3), 139(1,3), 141(3,4), 148(1,2), 149(1,2)
V. Үйге тапсырма: §7. № 138(2,4), 139(2,4), 141(1),149(3)
VI. Сабақты қорытындылау.
Бағалау

Алгебра 7 сынып Сабақ №25-26 Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді тепе-тең түрлендіру.
Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың білімдерін жүйелеу, тереңдету, көпмүшені көбейткіштерге жіктей білу дағдыларын қалыптастыру.

  • Білік, дағдыларын жетілдіру өз бетімен ойлау қабілетін дамыту.

  • Оқушылардың жүйелі түрде есеп шығаруға тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, деңгейлік тапсырмалар.

С

абақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа қосымша мүшелер енгізу тәсілі.

Бұл тәсілдің негізгі мақсаты - берілген көпмүшені мүшелер саны артық басқа көпмүшемен алмастыру. Мұндай алмастыру шыққан көпмүшеге топтау тәсілін қолдану үшін жасалады.

Мысалы: а2+9а+20=а2+4а+5а+20=(а2+4а)+(5а+20)=а(а+4)+5(а+4)=(а+4)(а+5)

а2-5ав+6в22-2ав-3ав+6в2=(а2-2ав)-(3ав-6в2)=а(а-2в)-3в(а-2в)=(а-2в)(а-3в)

Мысал: х2-х-2=0

Бірмүше –х=х-2х

х2+х-2х-2=0

2+х) – (2х+2)=0

Х(х+1) – 2(х+1)=0

(х+1)(х-2)=0

х+1=0 әлде х-2=0

х=-1 х=2


Жауабы: х=-1; х=2

IV. Оқулықпен жұмыс: 146, 143(2), 144(3), бет.61 (7), бет.62 (8,20)

V. Сабақты бекіту: Жедел –тест.

Көпмүшені көбейткішке жікте:

1.а2-8а+16

а) (а+4)(а-4) б) (а-4)(а-4) в) (а+4)(а+1)

2.(х+5)(х+5)

а) х2+10+25а б) х2+10а+25 в) х2-10а+25

3.у2+7у+12

а) (у+4)(у+3) б) (у-4)(у+3) в) ( у+6)(у+2)

4.(х-1)(х+3)

а) х2-2х+3 б) х2+2х+3 в) х2-3х+1



VI.Үйге тапсырма: № 133(4,6), 134 (6,8), 143(1,3), 144 (2).

63 – 64 бетті оқу



VІI. Қорытындылау.
Бағалау

Алгебра 7 сынып Сабақ №28 Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымы.

Сабақтың мақсаты:

  • Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласын пайдаланып, ол формуланы өрнектерді ықшамдауда қолдана білу бейімділігін қалыптастыру.

  • Көпмүшелерді көбейткіштерге көрсетілген формулаларды кері тәртіпке қолдана білу қабілетін қалыптастыру,оқушылардың шығармашылық ізденісін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету;

  • Есеп шешімін іздеу, қиындықты жеңе білуге шапшаңдылыққа, ізденпаздылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: индуктивті (қарапайымнан күрделіге ауысу), сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

а-в екімүшесін а+в екімүшесіне көбейту ережесін қолданмыз,яғни бір інші мүшенің әрбір мүшесін екінші мүшесін әрбір мүшесіне көбейтеміз.

(а-в)*(а+в)= а2+ав-ав-в2. Теңдіктің оң жағындағы ұқсас мүшелерді біріктіріп, мына теңдікті аламыз:

(а+в)(а-в) =а22

а22 =(а+в)(а-в) (1).

1-мысал. 372-232=(37-23)(37+23)=14*60=840

2- мысал. теңдеу шешу t2 – 49 = t2 -72= (t-7)(t+7)=0

t-7=0 және t+7=0

t=7 t= - 7

Жауабы: -7;7



V. Бекіту сұрақтары:

Оқулықпен жұмыс. 152, 153(1,4,5,6), 154(3,4,5,6), 155(3,4), 156(3,4)

VІ. Үйге тапсырма. §8, 152(1,3,5,7), 153(2,3), 154(1,2), 155(1,2)
VІI. Шығармашылық тапсырма.

I Есептеңдер.

а) 97*103; б) 95*97*103*105; в) 98*100*102;

г) (3-1)(3+1)(32+1)(34+1); д) (2+1)(22+1)(24+1)(28+1);

е) (а-в)(а+в)(а22)(а44); ж)(в+с)(в44)(в22)(в-с);

з) (а+в)(а22)(а-в)+(а22)+2а2в2.

II Салыстыру.

а) 43*47 және 452; б) 81*87 және 842;

в) 164*168 және 1672; г) 153*155*157 және 1553;

д) 232*233*236 және 2343; е) 132*138*254*258 және (135*256)2.


VІІІ. Сабақты қорытындылау. Түртіп алу технологиясы бойынша

Білемін

Білдім

Білгім келеді










Бағалау

Алгебра 7 сынып Сабақ № 29 Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: (а-в)(а+в)=а2 – в2 есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

  • формуланы пайдаланып,өрнекті ықшамдауды тиянақтау,тақырып бойынша алған білімдерін тереңдете түсу.

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы дамыту.

  • Өз бетінше ізденуге, еңбектенуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлеп –саралап оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: Деңгейлік тапсырмалар, парақшалар, қысқаша көбейту формулалары жазылған плакат.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. «Формуланы білеміз бе?»

1. а22 (1) формуланы жалғастырып жаз және оқы.

2. «Мен білемін» (мысал келтір)

3. Математикалық диктант.

1) (а-у)(а+у); 2) 121 – х2; 3) а2 – 6,25;

4) 852 – 152; 5) 1712-712; 9) 4х2 – 9у2.


IV. Деңгейлік тапсырмалар.

І –деңгей.

1.Көбейткішке жікте: 4а2-9в2.

2.Көбейтінді түрінде жаз: у2-16.

3.Өрнекті ықшамда: (2а2-3в)(3в+2а2).



ІІ -деңгей.

1.Теңдеуді шеш: х2-81=0.

2.Өрнекті ықшамда: (х+5)2-16.

ІІІ- деңгей.

Өрнекті ықшамда: (3+х2)(3-х2)(9+х4).


V. Оқулықпен жұмыс:

Мысалы.


1) (-m2+8)(m2+8) = (8-m2)(8+m2) = 82 – (m2)2 = 64 – m4

2) (-2a+3b)(-3b-2a) = (-2a+3b)*(-2a-3b) = (-2a)2 – (3b)2 = 4a2 – 9b2

№ 158(2бет), 159(4,5,6), 160(4,5,6,7,8), 162(1,3,5)
VІ. Үйге тапсырма. §8 № 158(1), 159(1,2), 160(1,2), 162(2,4)
VІI. Оқушылар білімін бағалау, қорытындылау.

Алгебра 7 сынып Сабақ № 29 Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымы.

Мақсаты:


  • Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді,екі өрнектің квадратының айырымын меңгерту

  • Екі өрнектің квадратының айырымын қолданып есептер шығаруға дағдыландыру

  • Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту

Қолданылған әдіс- тәсілдер:Баяндау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: Формулалар жазылған плакаттар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Қайталау сұрақтары.

ІV. Жаңа сабақ.

V. Сабақтағы шығарылатын есептер: №166 (1,4), 167(2,4,6), 168, 169(2,5), 170(2,4), 171(2,3)

№160


5) m2 - n2 – m + n =

6) 36 - (y + 1)2 =



7) (3х - 7)2 – 25 =

№161

1)

№162



1) (m+5)2 – (m-5)2 =

6) 4y – (y+3)2 =


VІ. Сергіту сәтінің есептері: (☼ – n)(2 + ☼) = 4 – n2

(5 – ☼)(5 + ☼) = ☼ – x2



(0,04 –☼)(☼+y)= ☼ – ☼

(☼ – ☼)(☼ + z)= 36 – z2

(0,9 – ☼)(☼+2xy) = ☼ – ☼

VІІ. Үй тапсырмасы: 161,166(2,3),169(1)
VІІІ. Сабақты қорытындылау. Бекіту сұрақтарын қою.
Бағалау


Алгебра 7б сынып Сабақ № Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадратының формуласы

Мақсаты:

  • Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді,екі өрнектің қосындыларының квадратын меңгерту.

  • Екі өрнектің қосындыларының квадратын қолданып есептер шығаруға дағдыландыру.

  • Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту.

Қолданылған әдіс- тәсілдер: Баяндау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: Формулалар жазылған плакаттар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. а) Үй тапсырмасын тексеру.

ә) Қайталау сұрақтары.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Екі өрнектің қосындысының квадратын, яғни (а±в)2=а±2ав+в2 формуласын оқушыларға үйрету. Кез - келген есепті шығарғанда осы формуланың қажеттілігін түсіндіріп. Оқушылардан бұл формуланың оқылуын талап ету. Мысал:

522 = (50+2)2 = 502+2*50*2+22=2500+200+4=2704;

492=(50-1)2=502-2*50*1+12=2500-100+1=2401;

(7а-2в)2=(7а)2-2*7а*2в+(2в)2=49а2-28ав+4в2.
ІV. Сабақтағы шығарылатын есептер

176(2,4,5,6), 177(3,4,5), 178, 183(4,5,6).


V. Сергіту сәтінің есептері:

16+8*☼+☼2= (4 + n)2

( ☼ – ☼ )2=☼2-2*☼☼-☼2


VІ. Үй тапсырмасы: §9, №176(1,3), 177(1,2)
VІІ. Сергіту сәті:

(a+b)*(a+b) = a +ab+ab+b =a +2ab+b

(2x+3y) = (2x)+2*(2x)*(3y)+(3y) = 4x +12xy+9y


VІІІ. Сабақты қорытындылау. Бекіту сұрақтарын қою.
Бағалау

Алгебра 7б сынып Сабақ № Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадратының формуласы

Мақсаты:

  • Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді,екі өрнектің қосындыларының квадратын меңгерту

  • Екі өрнектің қосындыларының квадратын қолданып есептер шығаруға дағдыландыру

  • Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту. Теориялық білімді практикада қолдануға дағдыландару.


Сабақ түрі: Өткен сабақты бекіту.
Қолданылған әдіс- тәсілдер: Баяндау, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Формулалар жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. а) Үй тапсырмасын тексеру.

б) қайталау сұрақтары.

Екі өрнектің қосындысының квадратын, яғни (а±в)2=а±2ав+в2 формуласын оқушыларға үйрету. Кез- келген есепті шығарғанда осы формуланың қажеттілігін түсіндіріп. Оқушылардан бұл формуланың оқылуын талап ету.


ІІІ. Жеке тапсырма есептері. /5мин/

а) (5а+3в)2; б) (2а-7в)2; в) (m - )2; г) ()2 ;

д) ()2; е) (х32)2.
ІV. Класта есептер шығару.

183 (7,8,9,10), 181(2,4,6,8), 185(1,3,5), 187(1,3), 188(1,3)


V. Үй тапсырмасы: 183 (1,2,3,4), 181(1,3,5,7), 185(2,4,6), 187(2,4), 1882,4)
VІ. Сабақты қорытындылау. Бекіту сұрақтарын қою.
Бағалау


Алгебра 7 сынып Сабақ № Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадратының формуласы
Сабақтың мақсаты:

  • Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты мен формуласы туралы ақпарат беру.

  • Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеттерін ояту. Есептер шығаруда дұрыс және ұқыпты жазуға тәрбиелеу. Ұжыммен жұмыстануға баулу.

  • Әртүрлі есептер шығару барысындағы проблемаларды анықтауды, жауапты шешім қабылдауды, формуланы өрнектерді ықшамдауда қолдана алуларын қалыптастыру.


Сабақтың әдісі: Баяндау, нақтылау, қорытындылау
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, көпбағдарлы тақта
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ

(а+в) *(а+в) көбейтіндісін қарастырайық.

Екі бірдей көбейткіштің көбейтіндісі осы көбейткіштің квадраттарына тең екені сендерге белгілі, яғни

(а+в) *(а+в) =(а+в)2 (А)

Бұл көбейтіндіні (а+в) екімүшесін (а+в) екімүшесіне көбейту арқылы көпмүше түрінде жазуға болады.

(а+в) *(а+в) = а2 + ав+ ав+ в2 = а2+2 ав+ в2 (В)

(А) және (В) теңдіктерінің сол жақтары бірдей болғандықтан, олардың оң жақтары да тең болуы керек:

(а+в)2=а+2ав+в2 (1)

1-мысал: (2х+3у)2=(2х) +2*(2х)* 3у+(3у)2=4 х2+12ху+9 у2

Екі өрнектің айырымының квадраты мына формуламен беріледі:

(а-в)2=а-2ав+в2 (2 )

2-мысал: (4 а2 -5 в3) =(4 а2 )2-2*(4 а2 ) *5 в3+(5 в3) =16а4-40 а2 в3+25 в6




  1. және (2 ) формулаларды біріктіріп, оны

(а±в)2=а±2ав+в2 теңдігімен беруге болады.
IІI. Класс жұмысы: 182(2,4), 185(2,4), 187(2,4), 188(2,4), 189(2,4), 190.
IV. Үйге тапсырма: № 185(3), 187(3), 188(3), 189(3).
V. Қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет