Сабақ №1 Мерзімі Тақырыбы: Оң және теріс сандарға амалдар қолдану Мақсаты



бет9/32
Дата17.02.2017
өлшемі3,45 Mb.
#9650
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

III. Сабақты бекіту. (20 мин.)

№ 43, 45 (тақтаға тек дұрыс жауаптары ғана жазылады. Оқушылар өздігінен орындайды),

44 (ауызша), 48, 64.(тақтаға орындалады)


ІV . Өзіндік жұмыс. (5 мин)

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.




А деңгейі


В деңгейі

С деңгейі

Өрнек түрінде жазыңдар:

а) а – дәреже негізі, в – дәреже көрсеткіші.


б) 8 – дәреже көрсеткіші, в – дәреже негізі.
в) 7 – дәреже негізі, 3 – дәреже көрсеткіші.
г) 4 – дәреже көрсеткіші, 5 – дәреже негізі.


Төмендегі өрнектің ішінен мәні 81-ге тең болатын өрнектерді теріп жаз:

а) З4;

б) (- 9)2;

в) - З4;

г) - 92;

д) -(-9)2;

е) -(-З)4;

ж) - (-81)1.



Жауап: А, Б, Ж


1-тапсырма: теңдікті қалай түсіндіруге болады. Оқушылар өз ойларын айтады.

2-тапсырма:Есептелер жүргізбей өрнектің мәні қандай санмен аяқталатын анықта






V. Үйге тапсырма. (2 мин.) № 16 (4,5,6),№22(2,4,6),№20

VІ. Оқушыларды бағалау. (1 мин.)
VІІ. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. (3 мин)

Алгебра 7 сынып Сабақ № 5-6 Мерзімі
Тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері: дәрежелерді көбейту және бөлу

Мақсаты:

  • Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерімен танысу;

  • Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін есептер шығару барысында тиімді қолдана білуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру;

  • Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ұжымдық мәдениетін қалыптастыру;


Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Қайталау сұрақтары

  3. Үй тапсырмасын тексеру.

  4. Жаңа сабақ

  5. Жаңа сабақты бекіту.

  6. Карташамен жұмыс.

  7. Үйге тапсырма.

  8. Бағалау.Сабақты қорытындылау.

САБАҚ БАРЫСЫ

    1. Ұйымдастыру бөлімі. (2 минут) Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.

Сынып оқушылары топқа бөлініп, бір оқушы топ басшысы болып тағайындалады. ( топ мүшелері 4 адамнан аспауы тиіс)
ІІ. Қайталау сұрақтары: (3 мин)(Мұғалім сұрақтар қояды, сынып оқушылары жауап береді)

  • Натурал көрсеткішті дәрежеге анықтама беріңдер.

  • Натурал көрсеткішті дәреже қандай элементтерден тұрады ?

  • “1383” өрнегі қалай оқылады?

  • Дәреже негізі мен көрсеткіштерін атаңдар.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (8 мин)

А) Үйге берілген есептердің кейбірулерін тақтаға шығару.


Б) Ауызша есептер: 1)1,52 2)32 + 22 3) (–5)2 4)(- 10)2 5)(– 4)2 + 42

6)4∙52

В) Өрнектің мәнін 0 салыстырыңдар:а) (-2)³ б) (-7)² в) -1² г) -8²

IV. Жаңа сабақ. Дәптерге сабақтың тақырыбы жазылады. (Оқулықпен жұмыс. Әр топқа бірдей тапсырма беріледі. Оқулықтың 8-10 бетіндегі натурал көрсеткішті дәреженің 1-5 қасиетттерін оқиды, мысалдардың шығарылуын қарайды, түсінеді. ) Әр топқа тапсырмалар беріледі, топ тұжырым жасап, топ басшысы қорғайды.

Топтарға берілетін тапсырмалар: Топ мүшелері қасиеттерді тұжырымдап, ережеге үш мысалдан дәптерге жазады. ( оқушының жауабы ауызша сұралады).



Санның 1 дәрежесі туралы қасиетті тұжырымда. Санның 0 дәрежесі неге тең?

Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу ережесін тұжырымда

Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту ережесін тұжырымда

Дәрежені дәрежеге шығару ережесін тұжырымда

Көбейтіндіні дәрежеге шығару ережесін тұжырымда

Бөліндіні дәрежеге шығару ережесін тұжырымда




10 . а1 = а.

Кез келген санның 1 дәрежесі, сол санның өзіне тең.

а0 = 1

Кез келген санның 0 дәрежесі 1-ге тең.

20

аnm =a n+m

Ереже: негіздері бірдей дәрежелерді бөлген кезде, дәреже негізі жазылып, дәреже көрсеткіштері азайтылады.



30

аn•аm =a n+m

Ереже: негіздері бірдей дәрежелерді көбейткен кезде, дәреже негізі жазылып,дәреже көрсеткіштері қосылады.



40

(an)m=anm

50

(ab)n=anbn

60



V. Сабақты бекіту. Тақтаға есептер шығарылады. № 5,8, (ауызша)№4 (тақтаға шығарылады) №6,(5,6) 10,12,15 (оқушылар өздері орындайды.)

VІ. Карташамен жұмыс. Әр оқушыға 10 тапсырмасы бар жеке карточка беріледі.Топ басшысы тексереді.

  1. а7* а2 * а3

  2. в1* в2* в

  3. х10 : х7

  4. у30 : у12 : у6

  5. 22 * 2 * 22

  6. 47 : 43

  7. а26 : а12 : а3

  8. 512 : 57 : 53

  9. n * n * n * n * n

  10. в12 : в : в : в5

VІІ. Үйге тапсырма. №6(1,2,3,4),№9,№11,№24. .

VІІI. Сабақты қорытындылау.

Бағалау (топ басшыларының көмегімен).

Алгебра 7 сынып Сабақ № 7-8 Мерзімі

Тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері: көбейтіндіні және бөліндіні дәрежеге шығару

Мақсаты:

  • «Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері» тақырыбы бойынша алған білімдерін жалпылап, тиянақтау, қосымша мәліметтер беру;

  • Тиімді әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың ой- өрісін кеңейту , өздігінен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Оқушыларды нақтылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.


Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Ауызша жаттығулар

  4. Миға шабуыл

  5. Жұптық жұмыс

  6. Оқулықпен жұмыс.

  7. Тест тапсырмалары.

  8. Үйге тапсырма.

  9. Бағалау.Сабақты қорытындылау.

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру бөлімі. Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Мақсаты: өткен сабақты меңгеру деңгейін анықтау. №6(1,2,3,4),№9,№11,№24. Үй тапсырмасы оқушылардың дәптерлерінен тексеріледі. Осы кезде 2 оқушы тақтада үлестірме карточка бойынша жұмыстанады.

1

а4 . а15
а12 : а4
(а2)5
(а2 b3)6
а0

 №2

а12 . а4
а18 : а9
(а4)8
(а6b4)3
а0

III. Ауызша жаттығулар

1) Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін айтыңдар.

 2) Амалдарды орындаңдар: 1) а . а3; 2)а4 : а2; 3) (а6)2; 4) (2а3)3; 5) а0.

3) х-тің қандай мәнінде теңдік орындалады?



56 . 5х = 510
(а4)х = а8

10х : 102 = 10
(аxb2) =  а35b10

4) Өрнектің таңбасын анықтаңдар: (–3)5,  –192, –(–15)2 , (–8)6 , – (–17)7

5) Ықшамдаңдар: а);  б) (а4)6 : (а3)3



IV. Миға шабуыл (Тез шығаруға арналған тапсырмалар, сайыс түрінде ұйымдастырылып,тақтаға орындалады.)

а2 . а3; а10 . а15а6 . а4; а12 . а5; а6 : а4; а10 : а3 (а2)2; (а3)3;  (а4)5;  (а0)2. (2а2)2;  (–2а3)3;  (3а4)2;  (–2а2b)4.

V. Жұптық жұмыс (Оқушылар жұп болып жұмыстанады. Дұрыс жауаптар графопроектор арқылы көрсетіледі, оқушылар өзерін тексереді)

1) Өрнекті ықшамда: а) ; б) ; в)  .

2) Есептеңдер: а)     ә)  б)  в)  д)  

Каталог: uploads -> doc -> 0936
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0936 -> СабақТЫҢ жоспары таә ( толық ) Муздибаева Р. Т
0936 -> Сабақтың мақсаты : Білімділік: Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен ақындық қызметі,шығармашылығынан мағлұмат беру
0936 -> Сабақтың тақырыбы: Мақал мәтелдер Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет