Сабақ №1: патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты


Клиникаға дейінгі зерттеу ережелері бойынша тест тапсырмалары



бет2/4
Дата21.07.2017
өлшемі1,14 Mb.
#21545
түріСабақ
1   2   3   4
Клиникаға дейінгі зерттеу ережелері бойынша тест тапсырмалары

1. Клиникаға дейінгі зерттеулер –

  1. Клиникалық тәжірибеге енгізу алдында жүргізілетін биологиялық, токсикологиялық, химиялық, физикалық және басқа эксперименттік ғылыми зерттеулер

  2. барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

  3. дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технологиялар, аурулардың алдын алу, аңғарымдау және емдеудің жаңа тәсілдері

  4. зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

2. Медико-биологиялық эксперимент –бұл

  1. әртүрлі аурулардың пайда болуы, даму заңдылықтарын қалыптастыру, алдын алу мен емдеудің жаңа әдістерінің тиімділігін тексеру және өңдеу

  2. зерттеуші мен тапсырыс беруші арасындағы келісімшарт негізінде қажетті ғылыми зерттеу жүргізу

  3. зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

  4. барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

3. Медико-биологиялық эксперимент келесі негізгі міндеттерді атқарады (4)

  1. жаңа ғылыми мәліметтерді алу үшін қажет;

  2. ұқсас құбылыстар топтамасының ортақ заңдылықтарын негіздеу, болжамдарды қалыптастыру әдісі болып табылады;

  3. теориялар мен болжамдарды тексеру жолы, олардың шынайылығының нышаны, жаңа болжамдарды қарастыру негізі;

  4. клиникалық тәжірибеде ауруларды аңғарымдау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдану алдындағы салыстырмалы гарант болып табылады

  5. клиникалық тәжірибеде ауруларды аңғарымдау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдануда шынайы гарант болып табылады

  1. Үлгілеуге қойылатын талаптар: (4)

  1. ауруды тудыратын және оны үлгілеудегі себеп пен жағдайдың бірегейлігі;

  2. аурудың және оның үлгісінің морфологиялық және функциялық өзгерістерінің жүйелік, ағзалық, жасушалық және молекулалық деңгейде ұқсастығы;

  3. біртектес асқынулар дамуындағы ұқсастығы;

  4. бірдей әсерлермен емдеудің тиімділігі

  5. жануарлардың тек бір түрін қолдану   

5. Клиникаға дейінгі зерттеулер мен медико-биологиялық эксперименттің сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді:

  1. ресурстар;

  2. сәйкес басқару (жұмыстың мақсаты мен міндеттерін сипаттайтын хаттама жүргізу, осы мақсаттарға жету үшін қолданылатын материалдар мен әдістер ж.б.)

  3. зерттеудің сәйкес параметрлерін жоспарлау;

  4. құжаттарды сәйкес рәсімдеу жүйесі (алғашқы мәліметтері, қорытынды есебі, мұрағаттары бар жұмыс журналдары);

  5. эксперимент нәтижелерін негіздеуге және зерттеудің маңыздылығын қамтамасыз ететін сәйкес сапа кепілдік жүйесі

6. Жануарларда клиникаға дейінгі зерттеулер мен медико-биологиялық эксперимент Қазақстан Республикасының ........ мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізіледі (атын қойыңыз)
   7. Лабороториялық жануарларды ұстайтын және тәжірибе жүргізетін бөлім келесі бөліктерден тұрады:

A)… E)…


B)… F)…

C)… G)…


D)…. H)…

8. Негізіг жоспар ретінде ресурстарды бөлу және жоспарлауды айтады. Ол мынылардан тұрады (дұрыс жауабын таңдаңыз):


A) зерттеудің барлық хаттамалары;
B) күндері мен қызметкерлердің жүктемесі көрсетілген жұмысты жүргізу кестесі;
C) есептер мен хаттамаларды тексеру енгізілген жұмысты аяқтау мерзімі;
D) құрал-жабдықтарды пйдалану жолдары және қалпына келтіру шаралары;
E) қызметкерлердің жауапкершілігін бөлу және анық көрсету;
F) зерттеу басқарушысының негізгі жоспарға енгізілген барлық құжаттарды бекітуі

9. Валидация - бұл



  1. берілген параметрлердің аясында жүргізілген үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім

  2. барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

  3. дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технологиялар, аурулардың алдын алу, аңғарымдау және емдеудің жаңа тәсілдері

  4. зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

  5. әртүрлі адамдардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту

10. Ақпараттық келісімбұл

  1. бекітілген параметрлердің аясында жүргізілетін үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім

  2. барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

  3. зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

  4. әртүрлі адамдардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту

11. Калибровка - бұл

  1. прибордың көмегімен алынған шама мен эталон арқылы анықталған сәйкес шама арасындағы арақатынасты көрсететін операциялар жиынтығы

  2. бекітілген параметрлердің аясында жүргізілетін үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім

  3. зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зертеу

  4. әртүрлі адамдардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту

12. Қажетті лабораториялық тәжірибе - бұл :

  1. алынған нәтижелердің парықтығы мен дәлдігінің кепілдігі болып табылатын клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижелері және талданымдары, құжатталған, аудит, мониторинг, қалыпты жоспарлары.

  2. прибордың көмегімен алынған шама мен эталон арқылы анықталған сәйкес шама арасындағы арақатынасты көрсететін операциялар жиынтығы.

  3. бекітілген параметрлердің аясында жүргізілетін үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім

  4. барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

13. Рандомизация - бұл:

  1. жүйелік қателігі ең аз мөлшерде болатын тест-жүйе әдісімен кенеттен таңдау үрдісі

  2. репродуктивті ағзаларға зерттелетін заттың улы әсері

  3. қандай да бір қызметтің орындалуын бірыңғай қамтамасыз ететін жазбаша құрылымдар

  4. зерттелетін заттың ұрықтың қалыпты дамуын ауытқытатын және ақаулар дамытатын қабілеті

  5. зерттелетін заттың ұрықтың өлімін тудыру қабілеті.
    14. Стандартты операциялық әрекеттер; (СОӘ) -бұл:

  1. жүйелік қателігі ең аз мөлшерде болатын тест-жүйе әдісімен кенеттен таңдау үрдісі

  2. репродуктивті ағзаларға зерттелетін заттың улы әсері

  3. қандай да бір қызметтің орындалуын бірыңғай қамтамасыз ететін жазбаша құрылымдар

  4. зерттелетін заттың ұрықтың қалыпты дамуын ауытқытатын және ақаулар дамытатын қабілеті

  5. зерттелетін заттың ұрықтың өлімін тудыру қабілеті.

15. Тератогендік - бұл:

  1. зерттелетін заттың ұрықтың қалыпты дамуын ауытқытатын және ақаулар дамытатын қабілеті

  2. зерттелетін заттың теріге зақымдаушы әсері

  3. зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бір немесе бірнеше мәрте енгізгенде (6 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері

  4. зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бір немесе бірнеше мәрте енгізгенде ұрық пен жаңа туылғандардың организміне кері әсері

  5. зерттелетін заттың ұрықтың өлімін тудыру қабілеті

16. Жітілеу улылықбұл:

  1. зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бір немесе бірнеше мәрте енгізгенде (6 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері

  2. зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (12 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері

  3. зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (10 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері.

17. Созылмалы улылық:

  1. зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (6 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері.

  2. зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (12 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері.

  3. зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (10 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері.

18. Фетоулылық - бұл:

  1. зерттелетін заттың теріге зақымдаушы әсері

  2. зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (6 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері.

  3. зерттелетін заттың ұрықтың өлімін тудыру қабілеті

  4. зерттелетін заттың ұрықтың жүктіліктің соңғы мерзімінде сыртқы орта өзгерістеріне бейімділігін қамтамасыз ететін қызметтерінің даму және жетілу кезеңінде зақымдаушы әсері


Сабақ № 2: «ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ. ТӨМЕН БАРОМЕТРЛІК ҚЫСЫМНЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕРІ»

Сабақ мақсаты:

  • Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін меңгеру

  • Патогенездің схемасын құрастыруда және есептерді шешуде теориялық материалдан алған білімін қалыптастыру

  • Этиология мен патогенез сұрақтары бойынша талқылау жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Биіктік аурулардың үлгісін алуда тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру

  • Эксперимент жүргізуде ҚР ДС № 442 және № 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу


Сабақтың міндеттері:

  • Жалпы этиология мен патогенездің жалпы түсініктерін қалыптастыру

  • Патогенездің схемасын құрастырып, оның ішінен негізгі тізбекті, кері айналып соғу шеңберін анықтауға үйрету

  • Этиология мен патогенез сұрақтары бойынша талқылау жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Ситуациялық есептерді шешуде алған теориялық білімін қалыптастыру

  • Биіктік ауруын үлгілеу әдісін меңгеру

  • Эксперименттік жануарлармен жұмыс істеу кезінде ҚР ДС № 442 және № 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу

  • Эксперимент нәтижелерін сараптап және организмге төмен барометрлік қысымның әсерін мысалға ала отырып жалпы патогенездің негізгі түсініктерін түсіндіру.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Этиология туралы түсінік. Ауру туындауындағы себеп пен жағдайдың маңызы. Ауруларды алдын алудың және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

  2. Эиологиялық жайттардың жіктелуі және олардың сипаттамасы. Ауру туындауында сыртқы орта жайттары мен организмнің ерекшеліктерінің маңызы. Жалпы этиологияның экологиялық аспектілері.

  3. Аурулар этиологиясында әлеуметтік жайттардың маңызы. Ятрогенді аурулар туралы түсінік. Қазақстанның экологиялық мәселелері, аурудың алдын алуда қоршаған орта мен жұмыс орнын қорғау мәселелері

  4. Патогенез, анықтамасы. Бүлініс патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүлініс деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Патогенездің негізгі тізбегі, «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсініктер, мысалдар келтіру.

  5. Организмге төмен барометрлік қысымның әсері. Биіктік ауруы негізгі көріністері, патогенезі.

  6. Патологиялар кезінде организм қызметтерінің қалпына келу және теңгерілу үрдістері. Сауығу тетіктері.


Оқыту мен сабақ жүргізу әдістері:

Оқытушының бақылауымен және студенттердің қатысуымен тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу, тәжірибе жасау, хаттамаларды толтыру, нәтижелерін талқылау.



Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, эксперимент нәтижелері бойынша қорытындыны тексеру, блиц-ойындар, сынамалау



Тәжірибелік жұмыс

№ 1 тапсырманы орындау немесе «Биіктік ауруын үлгілеу» бейнефильмін көру

1 тапсырма. Биіктік ауруының үлгісін алу және негізгі көріністерін зерттеу.

Әдісі. Ақ тышқанды Комовский аспабының астына отырғызады. Жануардың бастапқы жағдайын: тәртібі, тыныс алу сипаты, терісінің түсін байқап белгілеп алады. Комовский аапабының насосы арқылы ауаны барометрлік қысымның көрсеткішін манометр арқылы байқай отырып, біртіндеп сорады. Барометрлік қысымның 0,2 атм., 0,4 атм., 0,6 атм., 0,8 атм-ға төмендегенде тышқандағы өзгерістердің сипаты мен бірізділігін белгілейді. Тышқанның өліп қалмауын қадағалап отыру керек, сол себепті құрысу-тырыспа басталғанда тез арада қалпақтың астына ауа жіберіледі. Алынған нәтижелер хаттамаға толтырылады, қорытынды жасалады.

Тәжірибе хаттамасы.



Барометрлік қысымның деңгейі

Негізгі көріністері

Бастапқы жағдайы




0,8 атм.




0,6 атм.




0,4 атм.




0,2 атм.



2 тапсырма. Пол Бер тәжірибесін сараптау

Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.

Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.


3тапсырма. Биіктік ауруының құрылымдық кестесін зерттеу

№ 1. БИІКТІК АУРУЫ



Себептері

Патогенездің негізгі тізбегі

ОЖЖ

Жүрек- қан тамыр жүйесі

система
Тыныс алу жүйесі
Қан жүйесі


Барометрлік қысымның төмендеуі,

дем алатын ауада рО2 төмендеуі



гипоксемия

зат алмасудың бұзылуы



гликолиздің белсенділенуі

зат алмасудың шала тотыққан өнімдерінің жиналуы



негізгі көріністері

Тоқмейілсу, психикалық үрдістердің баяулауы, нәзік қимылдық нақтыланудың бұзылуы, қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы, селкілдек.
Тахикардия, жүректің соғулық көлемінің, жүректің минөттік көлемінің ұлғаюы, қанайналымының орталықтануы.
Брадипноэ немесе үзілісті тынысқа ауысатын

гиперпноэ


Эритроцитоз

Газдар және сұй-ықтардың физии-калық қасиеттер-інің өзгеруі

Декомпрессиялық синдром, іш кебуі, құлақ және маңдай қуыстары ішіндегі шаншу, майда қантамырларыныңжыртылуы, тері астында ауа жиналуы, газдық эмболия


№ 2.


БИІКТІК АУРУЫНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІНДЕГІ КЕРІ АЙНАЛЫП СОҒУ ШЕҢБЕРІ
Дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының (рО2) төмендеуі

гипоксемия



Тыныс алу орталығының қозуы

гиперпноэ



Гипокапния, тыныстық алкалоз

Тыныс алу орталығының әлсіреуі



брадипноэ


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 22-31, 75-80

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.

  5. Патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмалар. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 24 -57

Қосымша

6. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.



  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.

  2. Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.

  3. Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.

  4. Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.

БАҚЫЛАУ

Тест тапсырмалары – патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 24-32





Сабақ № 2: «ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІ МЕН ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ»

Сабақтың мақсаты:

  • Ауру туындауы мен дамуындағы организмнің төзімділігі және тұқым қуалаушылықтағы реактивтіліктің маңызын меңгеру

  • Есептерді шығару барысында теориялық материал бойынша алған білімін қолдану

  • Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс өткізу үшін дағдылар қалыптастыру

  • Лабораториялық жануарлармен жұмыс істеу дағдаларын қалыптастыру

  • Гипоксияға төзімділік қалыптасуда сыртқы орта ықпалдары, ОЖЖ-нің қызметті жағдайы, жынысы, жас ерекшелігін анықтау мақсатында тәжірибе жүргізу барысында ҚР ДС № 442 және № 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану



Оқыту міндеттері:

  • Патология жағдайында организмнің реактивтілігі мен төзімділіктегі рөлін түіну

  • Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс өткізу үшін дағдылар қалыптастыру

  • Эксперимент барысында организмнің реактивтілігіне байланысты тітіркендіргіштерге жауап қайтару түрін тәжірибеде бағалау

  • Эксперименттік жануарлармен жұмыс істеу барысында ҚР ДС № 442 және № 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану

  • Ситуациялық есептерді шешу барысында теориялық материал бойынша алған білімін қолдана білу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Организм реактивтілігі мен төзімділігі туралы түсінік. қоздырғышқа организмнің жауап қайтару түрлері

  2. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Реактивтілікті анықтайтын жағдайлар (тұқым қуалаушылық, дене бітімі, жас мөлшері, жыныс, жүйке, ішікі сөлденіс, иммундық т.б. жүйелердің ерекшелігі).

  3. Реактивтіліктегі адам жасының маңызы. Балалар мен қарттардың реактивтілігінің ерекшеліктері.

  4. Реактивтіліктегі адам жынысының маңызы. Ерлер мен әйелдер организмі реактивтілігінің ерекшеліктері.

  5. Организм реактивтілігін бағдарлы түрде өзгерту аурулардың алдын алу мен емдеудің маңызды жолы


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Оқытушының бақылауымен және студенттердің қатысуымен тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу және әңгімесу, бейнефильм көру, тәжірибелер жасау, тәжірибе нәтижелерін талқылау.



Бақылау әдісі:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептер мен тәжірибенің нәтижелері бойынша қорытынды және тәжірибе хаттамаларын дұрыс толтырылуын тексеру, сынамалау.



ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

Тәжірибе жасау немесе «Гипоксияға төзімділікте түрлік реактивтіліктің, ОЖЖ жағдайының, жастың маңызы» бейнефильмін көру (кассета № 1)



1 тапсырма

Организм реактивтілігінде жануарлар түрлерінің маңызын айқындау

Әдісі: Комовский аспабының астына бір ақ тышқанды және бір бақаны отырғызады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жануарлардың жалпы тәртібі, тыныс алуы, терілерінің түсінің өзгерістерін байқайды. Алынған деректерді талдап, тұжырым жасайды.


2 тапсырма.

Реактивтіліктегі жас мөлшерінің маңызын анықтау

Әдісі: Тәжірибеге бір ересек (салмағы 15-20 г), бір жаңа туған ақ тышқанды алады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді қадағалап, салыстырады. Екі тышқанда биіктік ауруының дамуын қадағалайды. Биіктік ауруы дамуында жас мөлшерінің маңызы туралы қорытынды жасалады.


3 тапсырма.

Организм реактивтілігіндегі ОЖЖ-нің функциялық жағдайының маңызын анықтау

Әдісі: тәжірибеге үш ақ тышқан алынады. Біреуіне тері астына 1% гексенал ерітіндісі 100 г дене салмағына 0,5 мл. ерітінді есептеліп енгізіледі. Екіншісіне - 10% кофеин ерітіндісі дене салмағына 0,5 мл. ерітінді есептеліп енгізіледі. Үшінші тышқан бақылау болып есептеледі. 5 - 6 мин. соң үшеуін де Комовский аспабының астына отырғызады. Алдыңғы тәжірибеде жүргізілген ретпен қайталанады. Жануарлардағы өзгерістердің айырмашылығын анықтайды. Алынған мәліметтерді сарапталады.
Сұрақтар:

    1. ОЖЖ қоздыратын және наркоздық заттармен әсерлеу кезінде гопобариялық гипоксияны алуда зерттелетін жануарлардың организмінің төзімділігінің өзгеру ерекшелігі қандай?

    2. Зерттелетін жануарлардың реактивтілігінің өзгеру механизмінің мүмкіндігі қандай?




4 тапсырма.

Организм реактивтілігіне сыртқы орта жайттарының ықпалын зерттеу.

Әдісі: Тәжірибеге үш тышқан алынады. Біреуін тоңазытқышта 20 минөт мұздатады, екіншісін 400С термостатта 10 мин ұстайды. Үшінші тышқан –бақылау тышқаны. Оларды комовский аспабының астына отырғызып, биіктік ауруын шақырады. Жануарлар тәртібінің айырмашылықтарына назар аударып, қорытынды жасайды.

Сұрақтар:

1.Осы жасалған тәжірибеде жанаурлардың гипоксияға төзімділігінің ерекшелігі қандай?

2.Гипобариялық гипоксия жағдайында жануарлардың реактивтілігінің байқалған ерекшелігінің негізінде қандай механизм жатыр?

Хаттаманың кестесі

Жануарлар

Барометрлік қысым

Тәртібі

Минөтіне тыныс алуы, ж.б. өзгерістер

Терісінің түсі

Жауап қайтару түрі

Бақа

Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан

№1


(бақылау)

Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан

№2

(жаңа туған)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан

№3 (наркоз)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру .













Тышқан

№4 (кофеин)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан №5

(гипертермия)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Тышқан №6

(гипотермия)



Бастапқы жағдай













Биіктік ауру













Студенттер хаттама кестесін толтырады және гипоксияның бүліндіргіш әсеріне организм төзімділігінің әртүрлі екені туралы тұжырым жасайды, бұл неге байланысты екенін түсіндіреді.
ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі


  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 80-115.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89.

  5. Тестовые задания по патологической физиологии / под ред Т.П. Ударцевой и Н.Н.Рыспековой – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- С. 57 -63

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41-44.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149

БАҚЫЛАУ

Тест тапсырмалары – патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз. Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 24-32





Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет