Сабақ №1 Пән: Жерді қорғау. Тақырып: Топырақты қорғау технологиясы



бет5/5
Дата16.02.2020
өлшемі3,22 Mb.
#58134
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
0012ff1a-1d222a00
0012ff1a-1d222a00

Сабақ №27

Пән: Жерді қорғау.

Тақырып: Топырақ құнарлылығын арттыру.

Топырақтың құнарлылығы – топырақты оның бастапқы тау жынысынан айыратын тек оған тән қасиеті. Топырақ құнарлылығы оның генетикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысқан, ал жыртылатын топырақтарға сонымен қатар ауыл шаруашылығында пайдалану сипатымен де.

Жер бетіндегі адамзаттың, жануарлардың, өсімдіктердің тіршілігі топырақтың осы қасиетімен тығыз байланысты. Өйткені, топырақ құнарлылығы жоғары болса, өсімдіктерден алатын өнім жоғары болып, адамзатқа қажет азық-түлік, жануарларға керек жем-шөп қоры молаяды. Сонымен бірге өсімдіктердің белсенді дамуыолардың атмосфера құрамынан өз бойына көмір қышқылы газын сіңіруін және ауаға оттегінің бөлінуін жақсартып, атмосфералық ауаның құрамының теңдестігін сақтауға әсерін тигізеді.

Қазіргі уақытта топырақтың құнарлылығы деп оның биосфераның құрауышы ретінде қоректік, су-ауалық, температуралық, тотығу-тотықсыздандыру және басқа да топырақтардың режимін анықтайтын жер факторлары мен жағдайларын қамтамасыз ету деп түсінеді.

Топырақ құнарлылығы жоғарғы дәрежедегі өзгерушілікпен ерекшеленеді және топырақ түзілу факторлары мен жағдайларының өзеруіне тез әрекеттенеді. Топырақтың құнарлылық деңгейіне өте күшті әсер ететін адамның іс-әрекеті.



Топырақ құнарлылығын келесі категорияларын ажыратады: табиғи немесе жараталысты; табиғи-антропогендік және жасанды.

Жараталысты немесе табиғи құнарлылық адам әсері тимеген, табиғи топырақ түзілу процесінің дамуы қамтамасыз еткен топырақтың қасиеттері мен режимдерінің күрделі өзара әрекеттестігімен анықталады. Табиғи құнарлылық таза күйде тың жер топырағына тән және ондағы өсіп-өнген ценоздардың өнімділімен сипатталады.

Табиғи-антропогендік. Топырақты игеру оның процестері, режимдері және қасиеттерінің табиғи дамуына елеулі өзгерістер енгізеді. Бұл өзгерістер топырақты өңдеу, тыңайтқыштар енгізу, әртүрлі мелиоративтік шараларды игеруге байланысты. Топырақ қасиеттері мен режимдерінің санды және сапалы өзгерістерін оның табиғи-антропогендік құнарлылығы сипаттайды.

Топырақты ауыл шаруашылығында пайдаланғанда табиғи топырақ түзілу процесі тасымалданады, былайша айтқанда топырақ адамның іс-әрекеті мен табиғи топырақ түзілу процесінің өзара әрекеттесуінен қалыптасатын құнарлылыққа ие болады. Құнарлылықтың бұл категориясы агроценоздарға тән.



Жасанды құнарлылық адамның іс-әрекеті нәтижесінде құнарлылықтың әртүрлі факторларын қисындастыру барысында қалыптасады. Ол таза күйінде оранжерея, жылыжай, парниктер және с.с. өсімдіктерді өсіруге жасалған субстраттарда байқалады, сонымен қатар жасанды топырақтарда (мысалы бақшалар).

Топырақ құнарлылығының әр категориясы екі түрден тұрады: потенциалды және тиімді.

Жасанды құнарлылығы табиғимен бірігіп тиімді немесе экономикалық құнарлылық болып анықталады. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімінде жүзеге асырылады.

Топырақта қоректік элементтердің белгілі бір қорлары бар, олар өнімнің қалыптасуында шығын түрінде жүзеге асырылады, осыдан топырақтың потенциалды құнарлылығы деген ұғым шығады.

Потенциалды құнарлылық өсімдіктердің қоректік заттарының жалпы қоры, олардың қосылыстарының түрлері және өсімдіктерді басқа да қажетті оңтайлы жағдайлармен қамтамасыз ету факторлары оның тиімді құнарлылығының жоғары деңгейін қалыптастырады.

Құнарлылық факторлары болып қоректік элементтер, ылғал, ауа және жылу мөлшері есептеледі, яғни олар өсімдіктер өсіөнуінің жер бетіндегі факторлары. Ал құнарлылықтың қалыптасуының жағдайларына топырақтың қасиеттері және режимдері жатады. Ол қасиеттер мен режимдер келесідей:

- физикалық (топырақтың гранулометриялық құрамы, құрылымы, тығыздылығы, кеуектілігі, жылулық, ылғалдылық қасиеттері және режимдері);

- химиялық (гумус сипаттамасы, минералдық және химиялық құрамы, тиімді қоректіқ заттар мен зиянды заттар мөлшері);

- физико-химиялық (топырақ реакциясы, тотығу-тотықсыздану потенциалы, сіңіру көлемі, алмаспалы сіңген катиондар мөлшері және олардың құрамы және т. б.);

- биологиялық (микроорганизмдер мөлшері, нитрификациялау және азотты байланыстыру, топырақтың тыныс алуы, ферменттік белсенділігі, фитосанитарлық жағдайы).

Құнарлылықтың қалыптасуы топырақтың қасиеттері мен режимдерінің өзара күрделі қатынасы мен әсерінің мысалы ретінде топырақтың қоректік заттар режимін қалыптасуын алып қарауға болады.

Топырақтың қоректік заттар режимі оның құрамындағы минералды заттардың күрделі өзгерістерінін және органикалық заттардың минералдану және гумификациялану процестерінің, микроорганизмдердің белсенді қызметінің, ылғал, ауа және жылу режимдерінің өзар қатынасының әсерінен қалыптасады.

Топырақтардың әртүрлері түрлері оның әртүрлі құнарлылығын қалыптастырады.

Ең жоғары тиімді құнарлылықпен қара топырақтар сипатталады, ал күлгін (солтүстікке) және құба (оңтүстікке) топырақтарға қарай жылжитын болсақ оның құнарлылық деңгейі төмендей бастайды.

Орманды аймақтың күлгін және шымды-күлгін топырақтары құнарлылығының шамалы болуы күлгіндену процесінің әсерінен болады. Үйткені ол қышқыл топырақтарды қалыптастырады, онда улылық қасиеті бар алюминийдің жылжымалы түрлері болады. Сонымен қатар олар негіздермен қанықпаған, гумус мөлшерлері шамалы, агрофизикалық қасиеттері нашар және қоректік заттар мөлшері де төмен.



Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру немесе арттыру қазіргі кезде екі тәсілмен, заттық және тенологиялық, жүзеге асырылады. Заттық тәсіл тыңайтқыштар, мелиоранттар, пестицидтер т.б. қолдануды қажет етеді, ал екінші тәсіл – ауыспалы егістерді, аралық дақылдарды, әртүрлі топырақ өңдеуді, егу әдістерін т. б. қолдануды қажет етеді. Аталған әдістердің мақсаты бір болғанымен, оған жету жолдары әртүрлі болып келетіні түсінікті.

Топырақ құнарлығын оңтайландыру үшін талапқа үйлесімді құнарлылық моделін (үлгісін) жасау керек. Топырақ құнарлылығының үлгісі деп нақтылы топырақтық-климаттық жағдайда дақылдың белгіленген өнімділік деңгейіне сай келетін экспериментальды түрде анықталған агрономиялық маңызды қасиеттері ме режимдерінің жиынтығын айтады.

Топырақ құнарлығының технологиялық үлгісі міндетті түрде экономикалық есептеулермен толықтырылып, оның тиімділігі дәлелденуі керек.

Егіншілік шаруашылығы дамыған Қазақстанның солтүстік аймағының топырақтарының құнарлылығын сақтап, оны арттырудың басты жолдары мыналар:

- егіншілктің топырақты қорғау жүйесін қолданып, оның басты буыны-топырақты жазықтілгіш құралдарымен өңдеп, топырақ бетінде өсімдік қалдықтарын сақтау;

- жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтарда дәнді дақылдарды, парды және көпжылдық шөптерді топырақ қорғау ауыспалы егісінле жолақтап орналастыру;

- органикалық тыңайтқыштарды және минералды тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде енгізу;

- көпжылдық шөп егілген танаптар ауданын арттырып, оларды мерзімді түрде ауыспалы егістікке қосып отыру.



Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Топырақтың Бұл типі 120 млн гектар жерді, республика жерінің 44%-ын алып жатыр. Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді.



Жазық алқап топырағы

Ауданы 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында солтүстіктен оңтүстікке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi:



    • Республиканың қиыр солтүстігін орманды дала белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер Батыс Сiбiр ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауданы 400 мың га;

"Топырақ құрамы"



    • Осы белдемнен оңтүстікке қарай даланың қара топырақты белдемi (Жалпы Сырттан Ертiс өңiрi жазықтығына дейiн 2000 км-ге созылған) жалғасып жатыр. Аумағы 25,7 млн. га, оның 15 млн. га-сы жыртылған жерлер, негiзiнен астық дақылдары егiледi. Қара топырақты белдем солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 белдем аралығына бөлiнедi: кәдiмгi қара топырақты белдем аралығы Батыс Сiбiр ойпатының оңтүстігін Сарыарқа өңiрiнiң және Жайық биiк шығыс жазығының солтүстік бөлiктерiн қамтып (енi 100 — 140 км-дей), батыстан шығысқа созылып жатыр. Аумағы 11,8 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты белдем аралығы — кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңтүстігін бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 — 125 км-дей, аумағы 13,9 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 — 9 жылда бiр-екi рет қайталанады.

    • Республиканың оңтүстік бөлiгiндегi шөлдi белдемге дейiнгi орталық аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аумағы 90,5 млн. га, яғни республика жерiнiң 33,2%-ы. Мұнда солтүстіктен оңтүсттікке қарай 3 белдем аралығына бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлшері 3 — 4%-дай. Аумағы 27,7 млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 — 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 — 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аумағы 24,4 млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 — 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн игерiлген 4 — 5 млн. га жерге соңғы 10 — 12 жылда егiс егiлмейтiн болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егiлетiн жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсiрiледi; ашық қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — өте қуаң шөл (шөлейт) дала, негiзiнен мал шарушылығына жарамды. Аумағы 38,4 млн. га.

"Әр түрлі топырақтардың классификациясы"



    • Шөл дала белдемiнiң аумағы 119,4 млн. га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы — шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аумағы 57,4 млн. га. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120 — 150 мм. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлшері 1 — 1,5%.Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлді аймақ, жусан мен эфемерлі өсімдіктер басым. Аумағы 61,8 млн. га. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 80 – 130 мм. Топырақта қарашірік мөлшері 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиі кездеседі. Бұл жерлерде мал шаруашылығы дамыған, егіншілік суармалы жерлерде ғана шоғырланған.

Биік таулы аймақтың топырағы

Биік таулы аймақтың топырағы республиканың оңтүстік-шығысын алып жатыр. Аумағы 37 млн. га, республика жерінің 14%-ын құрайды.



Сабақ №28

Пән: Жерді қорғау.

Нұсқа № 9

Сабақтың тақырыбы: Топырақты ластанудан қорғау.

Сабақтың мақсаты: Топырақтың ластану дарежесін анықтай білу және ластанған топырақпен күрес жолдары.

Тапсырма:

  1. Топырақтың ластану дәрежесін анықтау.

  2. Топырақ жамылғысын қорғау шаралары. 

  3. Топырақтыластаушыларыныңнегізгікөздері.


Сабақ жүргізілетін орын: колледж зертханасы.

Сабақты жүргізу әдістемесі.

1 тапсырма. Топырақтың ластану дәрежесі — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. 

Топырақтың химиялық ластануы — топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8—10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады. Түсті металл кендерін алу және байыту процестерінен де топырақ көп ластанады.



2 тапсырма. Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе олагенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану;улыорганикалық және бейорганикалык, қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректікті арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіпорындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып жатыр. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайтажырту топырақ эрозиясының пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып келеді.
Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд гектар ауылшаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.

3 тапсырма. Топырақтың химиялық құрамына — тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауылшаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауылшаруашылығы процесіндегі зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіпорындарынан бөлінетін заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдану жылдан-жылғаартып келеді. Ал топырақтың құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлі құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:

  • пестицидтер;

  • минералдық тыңайтқыштар;

  • өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;

  • атмосфераға өнеркәсіпорындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;

  • Мұнай және Мұнай өнімдері.

Топыраққа антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшырауына (эрозия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

  • Табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;

  • Қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;

  • Топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;

  • Зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;

  • Қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір түрлерінің қолданылуын шектеу;

  • Ауылшаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б.



Сабақ №29

Пән: Жерді қорғау.

Тақырып: Сортаңданған топырақты шаю.

Сортаңданған жерді мелиорациялау - шаюды жүргізуден және сортаңданумен күресуге арналған барлық кешенді ескертуге арналған шараларының орындалуынан тұрады.

Тек осы жағдайда ғана дұрыс және сортаңданған жерді тиімді пайдалану жайлы айтуға болады.

Шаюды кәріз бар жағдайда немесе онсыз жүргізуге болады.

Топырақты кәрізсіз шаю топырақ сулары терең және жердің бетінен 1,5-2 м төмен және жақсы су өткізетін жыныс қабатында жатқанда, топырақ сулары суармалы алқаптың сыртына ағып кетуі жеткілікті жақсы жағдайда қолданылады.

Топырақты кәрізбен шаю минерализацияланған топырақ сулары жердің бетіне жақын (2-3 м кішірек) және табиғи ағыны жоқ жағдайда, топырақтың су өткізуі аз және оларды кәрізсіз шаю ұзақ мерзімді қажет ететін, топырақтар күшті сортаңданған жәнесуармалы жердің батпақтануын шақыруы мүмкін шаю мөлшері үлкен жағдайларда жүргізіледі.

Шаю мөлшерінің мәнін анықтау маңызды кезең болып табылады және ол көп факторларға байланысты: сортаңцанудың дәрежесіне, тұздардың химиялық құрамына, топырақ суларының жату тереңдігіне, шаю мезгіліне, шаюға дейінгі топырақтың ылғалдылығы. Бұдан басқа, суармалы суды үнемдеу, суармалы каналдардың өткізу қабілетін тиімді қамтамасыз ететін және суармалы алқаптың тұзданған топырақ суларын уақытылы әкету мақсатында шаю мөлшері кіші болуы керек.

Сортаңдалған жерді мелиорациялау - бұл белгілі кезеңдерден өтетін күрделі көп факторлы процесс.



Бұл процестің бірінші кезеңі тамыр мекендеген қабаттағы артық уытты тұздарды шаюдан тұрады. Екінші кезеңде топырақтың терең қалыңдығында және топырақ суларының жоғарғы қабатында сортандалудың дамуына міндеттердің қойылуы. Келесі кезең топырақтардағы және топырақ суларындағы қол жеткен тұщытуды сақтаудан, тұздың аз мөлшерде ұсталуын тұрақтандырудан, енгізілген тыңайтқыштарға ықыластылығынан және бұрын сортаңданған жерлердегі ауылшаруашылық дақылдарынан жогары өнім алудан тұрады.

Бірқатар авторлардың мәліметтері бойынша шайылу мөлшерлері 17.6 кестеде келтірілген.

Шаю мөлшерінің едәуір кең шамада және кейбір жеке учаскелер үшін 12,5 мың м3/га-ге дейін және одан да көп тербелетіндігін атап өту керек.

Көңілді көбірек сортаңданған жерді шаю техникасына бөлу қажет. Шайылуға жататын жерлерге 1:5000 немесе 1:2000 масштабта 2 м тереңдікке дейін топырақ-тұз съемкасын жүргізеді. Осы мәліметтердің негізінде тығыз қалдықты және хлордың қүрамын көрсете отырып учаскенің сортаңцану картасын жасайды. Бұл жеке аймақтарды шаю мөлшерін дифференциалдайды.



Кесте 17.6 - Сортаңдану дәрежесіне және тұздардың құрамына байланысты әр түрлі авторлардың ұсынған шаю мөлшерлерінің мәндері, м /га.

Тұздану дәрежесі

Тұздың мәні

Авторлар

В.Р.Волобуев

В.М.Легостаев

В.М.Рабочев

Шаю саны

Нашар

0.5-ке дейін

1500

1500-2000

-

-

Орташа

0.5-1.0

3000

3000-4000

3000-3500

2-3

Жоғары

1.0-1.5

5000

3000-4000

3000-3500

2-3

Өте жоғары

1.5-2.0

7000

4000-6000

-

-

Сор

2.0

1000

-

-

-

Шаюды жақсы тегістелген, тырмаланған учаскелерде жүргізеді. Тегістеуді ±5 см-ге дейінгі дәлдікпен орындайды және топырақты салу биіктігі 20 см аспауы керек.

Жердің еңістігіне және су өткізгіштігіне байланысты шайылатын учаскені ауданы 0,3-тен 0,5-1 га және одан да көбірек болатын атыздарға бөледі. Атыздардың биіктігі 0,4-0,5 м үйіндімен қоршайды. Үйіндінің табанының ені 80 см кем емес.Атыздарға берілетін судың бірінші бөлігі топырақтың далалық ылғал сыйымдылығына дейінгі жағдайға жететіндей есеппен беріледі. Топырақтағы тұздардың көбірек толық еруі мақсатында атызды осындай жағдайда бірнеше тәулікке қалдырады.Жеңіл топырақтарда 1-2 тәулікке үзіліс жасайды, орташа - 2-3, ауыр топырақтарда - 3-5 тәулік. Бұдан кейін еріген тұздарды ығыстырып шығару үшін жаңа порция беріледі. Ығыстырып шығаруды топырақтағы тұздың құрамы мүмкін шегіне жеткенге дейін бірнеше рет қайталайды.

Шаюды жеке алқаптарда жүргізеді, және де алдымен ең күшті сортаңданған учаскелерді сумен бастайды, одан кейін аз сортаңданған учаскелерді. Ереже бойынша, шаюды өсімдіктің өсіп-өсуімен тысқары кезеңде (күзде, қыста) жүргізеді. Шаю мерзімі шаруашылықтың ұйымдастыру жағдайларына және топырақтың механикалық құрамына байланысты. Топырақтың механикалық құрамы ауырлаған сайын шаю мерзімін ертерек тағайындайды.

Шаю аяқталғаннан және топырақ кепкеннен кейін булануды азайту және үйінділерді тегістеу мақсатында оны қопсытады.

Шайғаннан кейін топырақтың сортаңдану дәрежесін анықтау үшін тұз съемкасын таңдап жүргізеді.

Сортаңданған жерді шаю - бұл күрделі физика-химиялық процесс, осы жағдайда болып жатқан заңдылықтарды қарау және зерттеу үшін кешенді келуді талап ететінін атап өту керек.



Сортаңданған жерлердегі кәріздер. Минерализациясы жоғары топырақ суларының деңгейі жақын жатқан (алмағайып тереңдіктен кіші), олардың табиғи ағыны әлсіз және егер де барлық кешенді ескерту шараларын қолданған жағдайдың өзінде топырақ суларын керекті тереңдікке төмендетуді қамтамасыз етпеген жағдайда оларды әкетуді кәрізді тұрғызу жолымен жүзеге асырады.

Суармалы жүйелердегі кәріз - бұл суармалы жерден артық топырақ суларын және оларда еріген тұздарды жинап жәнеәкетуге арналған гидротехникалық құрылымдардың кешені (кәріздер, коллекторлар, насос станциялары, ұңғылар). Сөйтіп, кәріздің негізгі міндеті топырақ суларының деңгейін төмендету, топырақтардағы тұздарды еріту, екінші рет сортаңдану процестерін болдырмау болып табылады.



Кәріздің жұмысын екі кезеңде қарастыру қажет.

Біріншісі - мелиоративтік - сортаңданған жерді игеру уақытын қамтиды. Бұл кезеңдегі кәріздің міндеті, біріншіден, топырақтың тамыр мекендеген қабатындағы тұздардың барлық қосындыларының құрамын 0,2-0,3% дейін тұрақты түрде еріту, оның ішінде хлор аниондары 0,01% көп емес, екіншіден, топырақтың төменгі қабатындағы, сонымен қатар кейіннен топырақ суларынан тұщы қабат жасау үшін топырақ суларындағы тұздарды да еріту.

Екіншісі - пайдалану. Бұл кезеңдегі кәріздің міндеті топырақтағы және топырақ суларындағы жасалған оңтайлы тұз режимдерін ұстаудан және суармалы жерлердің сортаңдануымен күресуге арналған ескерту шараларының толық кешенімен бірігіп қалыпты мелиоративтік жағдайды қамтамасыз етуден тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет