Сабақ №1 Пән: Жерді қорғау. Тақырып: Топырақты қорғау технологиясы



бет3/5
Дата16.02.2020
өлшемі3,22 Mb.
#58134
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
0012ff1a-1d222a00


Сабақ №12

Пән: Жерді қорғау.

Тақырып: Қазақстан Республикасының жер санаттары.

Қазақстан Республикасының жер көлемі 2015 жылдың 1 қарашасындағы жер балансының деректері бойынша 272,5 млн.га құрайды, оның ішінде 11 317,3 мың га Байқоңыр ғарыш айлағында қарасты Ресей Федерациясының әскери дайындық полигонына пайдаланылса, Өзбекстан Республикасының аумағында «Чимган» шипажайына иелік етуге бір мезгілде Қазақстан Республикасынан 0,9 мың га берілген. Пайдаланылатын жер қоры нәтижесінде Қазақстан Республикасының жер қоры 261 173,8 мың га. құрайды.

Жер есебі деректерін талдау, жер санаттары бойынша жер аудандарын бөлуде жыл сайынғы әртүрлі өзгерістер бар екенін көрсетеді, жер қоры құрылымы туралы 2015 және одан алдыңғы 2014 жылы есеп ақпараты бойынша 12.1-ші кестеде келтірілген.

Елдің жер қоры құрылымында 100,1 млн. га (38,3 %) және ауыл шаруашылық жерлеріне белгіленген жер қоры – 100,8 млн. га (38,6 %) құрайды. 2015 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы санаттағы жұмылдырған жер қоры 76,9%, басқа санаттарға 23,1%.

Орын алған өзгерістер бір санатқа жатқызылған жерден басқа санатқа аударылуымен түсіндіріледі, жекеленген жер санаттарының жер түгендеу сипаттамасы мен берілген жер учаскелерінің түрлі мақсаттар мен олардың анықталған аудандарына түгендеу жүргізу нәтижесінде сипатталады.

12.1-ші кесте. 1991, 2014-2015 жылдарға арналған жер санаттары бойынша жер қорының динамикасы.

Жер санаттарының атауы, мың.га

1991 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Атауы (+, -)

1991ж қарағанда 2015 ж. к

 


2014ж. қарағанда 2015 ж

1. Ауыл шаруашылығына берілгені

218 375,8

98580,2

100835,4

-117 540,4

+2255,2

2.Елді мекендер жерлері

3 747,2

23804,8

23751,5

+20 004,3

-53,3

оның ішінде:

 

 

 

 

 

қалалар мен кенттер

2 053,5

2254,9

2265,7

+212,2

+10,8

ауылдық елді мекендер

1 693,7

21549,9

21485,8

+19 792,1

-64,1

3. Өнеркәсіп жері, көлік, байланыс, ғарыш қызметі қажеттіліктері үшін, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және өзге де ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктер үшін

18 796,8

2778,7

2826,0

-15 970,8

+47,3

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени белгіленген жерлер

775,1

6634,3

6613,4

+5 838,3

-20,9

5. Орман қоры жері

10 179,2

22850,6

22899,6

+12 720,4

+49,0

6. Су қоры жері

819,9

4120,9

4124,2

+3 304,3

+3,3

7.Қор жері

18 952,3

102404,3

100123,7

+81 171,4

-2280,6

Барлығы жерлер

271 646,3

261173,8

261173,8

-10 472,5

-

оның ішінде
басқа мемлекеттердің аумағында пайдаланатын жерлер

149,8

0,9

0,9

-148,9

-

басқа мемлекеттермен пайдаланатын жерлер

993,7

11 317,3

11317,3

+10 323,6

-

Республики аумағы

272 490,2

272 490,2

272 490,2

-

-

Республиканың тарихи әкімшілік-аумақтық құрылымы болып табылатын және бірыңғай емес табиғи-климаттық жағдайды әртүрлі деңгеймен және ел өңірлерінің жер санаттары бойынша жер қорының құрылымын байланыстырумен анықталады.

Облыстарда бөлігіндегі жер санаттары бойынша жер қорының бөлінуі 1.4.2-ші кестеде келтірілген.


Ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық жағдайы 

Республиканың кейбір аймақтарында топырақтың сапалық жағдайы олардың құнарлылығына теріс әсер ететін белгілердің болуымен күрделенеді. Ауыл шаруашылық алқаптары сапасының есебіне мелиоративтік топтардың, мелиоративтік іс-шаралармен топырақтың жалпы бағытымен және сипаты үйлестіреледі:

Ι – күрделенбеген теріс белгілерімен,

ΙΙ – қиыршық тасталған;

ΙΙΙ- тұзды; ΙV –сортаң; V – шайылған; VΙ – дефлирленген;

VΙΙ – су және жел эрозиясына бірлесіп ұшыраған;

VΙΙΙ – ылғалды; ΙХ – шалшықты; Х –басқа.

Аталған мелиоративті топтардың әрқайсысы «күрделенбеген теріс белгілерімен» және «су және жел эрозиясына бірлесіп ұшыраған» қоспағанда, үдерістің күрделілігіне байланысты үш деңгейге бөлінеді: әлсіз, орташа, күшті; «қиыршық тасталған» тобына қосылған деңгей – өте күшті. «Ылғалды» тобы тасқынды және тасқыннан тыс болып бөлінеді.



Көрсетілген белгілері бойынша суармалы және суармалы емес егістіктердің, Ауыл шаруашылық алқаптарының сипаттамасы, Қазақстан Республикасы (2010 ж.) жерінің сапалық жағдайы туралы есеп деректері 12.2, 12.3, 12.4ші кестелерде көрсетілген құрылым және аудандардағы алқаптарындағы кейінгі жылдар бойынша енгізілген өзгерістер негізінде жасалған.
12.2-ші кесте. 2015 жылдың 1 қарашадасындағы жағдай бойынша мелиоративті топтар бойынша ауыл шаруашылық алқаптарының бөлінуі 

Мелиоративті топтар

Аудан,

мың. га

Үлес салмағы,%-ға

Барлық ауыл шаруашылық алқаптары

214838,5

100

Оның ішінде:







Күрделенбеген теріс белгілерімен

41 518,4

19,3

оның ішінде жер бөлу үшін сөзсіз жарамдылары

23 556,1

11,0

қиыршық тасталған және тастақты

43 067,4

20,1

Тұзды

35 283,5

16,4

Сортаң

58164,4

27,1

Шайылған

4 950,3

2,3

Дефлирленген

24 168,1

11,2

су және жел эрозиясына бірлесіп ұшыраған

201,7

0,1

Ылғалды

2947,6

1,4

Шалшықты

1 083,6

0,5

Басқа

3453,5

1,6

*Ескерту: «Жерлер жиыны» жолы, басқа мемлекеттердің пайдаланатын жерлерісіз»

Сабақ №13

Пән: Жерді қорғау.

Тақырып: Топырақты өңдеу тәсілдері.

Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері

Егістік танаптарының топырақтарың ойдағыдай өңдеу- егіншілік мәдениетін көтерудің басты шартының бірі болып саналады.

Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып, ұзақ сақталады, сонымен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.

Топырақты өңдегенде құрылымы төмендеген беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэробты мироорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдей арқылы оның қабаттарына ылғал, ауа және қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады.



Топырақты өңдеудің мақсаты. Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін машиналар мен өндіргіш құралдары арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп атайды. Топырақты өңдеуде органикалық және миниралдық тыңайтқыштарды ендіруге, қөпжылдық шөп пен сабан түптерін, сондай-ақ топырақтың жоғарғы қабатында, аңызда, арамшөптерден болатын зиянкестер мен өсімдік ауруларының тұқымдарын жауыпе, әрі тұншықтырады.

Топырақты өңдеудің міндеттері. Топырақты өңдеуде мынадай міндеттерді орындайды:

1. Мәдени есімдіктерге қолайлы факторлармен (су, ауа, жылу, қоректік заттар) қамтамасыз ету үшін топырактың енделетін қабатына оптималды түйіршіктер, қолайлы кұрылым дайындау.

2.Арамшөптерді жою.

3. Танап топырағына органикалык, минералдык тыңайткыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды енгізу.

4. Ылғалы тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап топырағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.

5. Топырақ қабатынағы мнкробиологиялық процестерге қарқынды әсер етумен қоректік заттардың жиналуын, сакталуын жаксарту.

6. Өсімдік шаруашылығындағы дакылдарды закымдантын зиянкестер мен ауру коздырғыштарды жою.

7. Танап топырағының оптималды терендігіне мәдени дақылдардың тұқымдарын себу.

8. Топырактың су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру.

9. Шымтопырақты, тың, тыңайтылған танаптағы болмаса кыртысты топыракта өскен көпжылдық шөптер тіршілігін жою.



ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Топырақ өндеу тұтас жүйелі технологиялық процесс, мұндағы негізгі операциялар: қопсыту немесе майдалау, жыртылган топырақ қабатын аудару, араластыру, тілгілеу, тегістеу, тығыздау, арамшөп тамырларын қырқу, оларды топырак бетіне шығару, жалдар мен жүйектерді жасау.



Топырақты қопсыту және майдалау. Топырақ көптеген себептердің әсерінен шөгіп, нығыздалады. Топырақтың жыртылатын қабатының құрылымы жақсы болса, жәй шөгеді және азнығыздалады. Қопсыту мен майдалаудың нәтижесінде топырақтың өңделетін қабатының түйіртпектері жұмсарады.

Топырақ өңдеуде қопсытып, үгіту процесі өте жиі қолданылатын операқиялардық бірі.Топырақ қопсытылып, үгітілгенде оның құрылымы майда,жұмсақ түйіршіктерге айналып, өсімдік тамырына ауанық, ылғалдың және қоректік заттардық еніп жиналуына, олардық сақталуына ең қолайлы жағдайлар жасалынады. Сазды және құрылымы нашар топырақтарды мол ылғалдынемесе кеуіп қалған күйінде өңдегенде, олар кесекті түйіршік- терге нашар бөлінеді. Топырақтық кұрамды жағдайына, өңдеудің негізгі максатына және әрбір екпе дақылдарды егудің талабына сай олардың қопсыту әр түрлі тереңдікте: ең беткі қабаттан бастап, жыртылған тереңдіктен төменгі қабаттарға дейін жүргізіледі.

Топырақты жыртып-қопсытуға,соқалар, қайырмалы және дискілі сыдырғыштар, табанды культиваторлар, дискілі және әр түрлі тісті тырмалар қолданылады.

Топырақты аудару дегеніміз топырақтың жыртылатын қабатының бетін төменгі қабатына, астыңғысын бетіне шығару болып табылады. Топырақты бұлайша еңдеу — органикалық және минералдық тыңайткыштарды өндіруге, көпжылдық шөп пен сабая түптерін, сондай-ақ топырақтың жоғарғы қабатында, аңызда арамшөптерде болатын зиянкестер мен өсімдік ауруларының тұқымдарын жауып, тұншықтыру үшін қолданылады.Аудару процесі арқылы топырактық құнарлы қабаты қалыңдатылады, өйткені оның төменгі құнарсыз деңгейі үстіне шығарылып, құнарлы қабатпен араластырылады.

Кебіне топырактық жаксы кұрылымы оның тәменгі қабатында пайда болады. Топырақтың төменгі жаксы құрылымын үстіне шығару арқылы, су мен ауаның топырақтық төменгі қабатынғ сіңуіне қолайлы жағдай жасалады.

Кейбір жағдайларда топырак қабатын аудару, арамшөп тамырларын топырақ бетіне шығару арқылы олардық мұнан кейін жойылуын көздеу мақсатында жүргізіледі.

Микробиологиялык алмасу әдетте топырақтың беткі қабатында көбірек болады. Сонық нәтижесінде мұнда өсімдіктің қоректік заттарының жинақталуына қолайлы жағдай жасалады.

Топырақ қабатын аудару арқылы, оның бетіндегі қоректік заттар тереңдетіліп, өңделетін топырақ қабаты құрамының бір текті болуына мүмкіндік олады.

Топырақ қабатына тыңайтқыштар мен әк өндіру кезінде мик-роорганизмдердің дұрыс бөлініп, қоректік элементтердіқ жеткілікті болуы және топырақ қабатының біртектілігін қамтамасыз ету үшін топырактық өңделетін қабатын араластыру керек. Топыракты аударуға плугтер мен сыдырғыштар колданылады.

Топырақ қабатын аударудың пайдалылығына қарамастан оны әр кезде және барлық жерде бірдей қолдана бермейді.

Құрғақшылық аудандарда топырақ қабатын аудару, оның кеуіп кетуін күшейтеді. Мұнан басқа, аңыз бен өсімдік қалдықтарын топырақ қабатына араластырғанда, су эрозиясы мен дефляцияның (дефляция-топырақтың желмен жылжып көшуін білдіреді және бұл құбылыс –топырақ түйіршіктерінің бұзылуын, көшуін және шөгуін түгел қамтиды) пайда болу қауіпін өсіреді, қысқы ылғалдың жиналу жағдайын нашарлатады.

Өңделетін топырақ қабаттарын араластыру, топырақты өңдеу тәсілдерінің барлығында да орындалады. Ол топырақты фрезер құралымен өңдегенде толық орындалады, ал топырақты дискілі құралмен, әсіресе қырғыш дискілі ауыр тырмамен өңдегенде, жеткілікті іске асырылады.

Топырақтың бетін тегістеу-дақылдар тұқымдарын біркелкі тереңдікке енгізудің негізгі шарты. Тегістелмеген топырақты тұқым әр түрлі тереңдікке түседі де, өсімдік көгі біркелкі өнбейді. Топырақ бетін тегістеу, тоң кесектердің жою топырақ қабатындағы ылғалдың буға айналмауына әрі жиналуына мүмкіндік туғызады.

Танап топырағының беткейі толқын тәріздес, жалды немесе кесекті болуынан ылғал тегістелген топырақтың беткейіне қарағанда тез буланғыш келеді.

Егістік танап топырағын тегістеу тырмамен, культиватормен, тегістегіш сүйретпемен және катокпен жүргізіледі.

Топырақты тығыздау. Тығыздалу технологиялық операциясы топырақтың тоң кесегі мен борпылдақтығын жоюға керек. Топырақты тығыздау тұқымының өсіп шығуына ең қолайлы жағдай жасайды.

Тығыздау-себілген тұқымдардың топырақпен жанасуын жақсартады, топырақтың жалпы және капиллярлы емес түтіктерінің санын төмендетеді, оның төменгі қабатынан ылғалдың көтерілуіне қолайлы жағдай жасады. Сонымен бірге топырақты тығыздау, оның өңделетін қабаты тұқым себер кезде шамадан тыс қопсытылған болса, кейін топырақ шөкенде, өсімдіктің тамыр жүйесіне зақым келмеуі үшін де қажет.

Тығыздауды механикалық құрамы ауыр, жақсы құрылымы бар топырақтар бәрінен де жиі қажет етеді. Өйткені олар терең өңделгенен кейін, ұзақ уақыт бойы борпылдақ күйінде болуға бейім келеді.

Тығыздалған топырақ қабатынан ылғалдың буланып ұшуының көбеюі, оның тиімді қасиетін төмендетеді. Топырақ бетіндегі ылғалдың азайту үшін катокпен тегістеуден кейін жеңіл тісті тырмалармен топырақ беткейін аздап қопсыту керек.

 

 

 



 

Сабақ №14

Пән: Жерді қорғау.

Тақырып: Егісте арам шөптерді құртатын терең қопсытқыш құралдар.

Арам шөптерді жіктеу (классификациялау)

1.Арамшөптердің жалпы жіктелуі

2.Аз жылдық арамшөптер

3.Көп жылдық арамшөптер

4.Арамшөптермен күресу шаралары

1.Біздің республикамызда 300-ге жуық түрі бар. Бұлардың ішінде 120 түрлі паразиттік арамшөп, оның ішінде 36 түрлі арам сояуды, 80 түрлі сұңғыланы кездестіруге болады.Сонымен қатар, 220түрлі жартылай паразитті арамшөптер өседі. Арамшөптер осындай көп болғандықтан оларды жіктеу қажет.

Арам шөптермен күресу жолдары:

1.Арам шөптерге қарсы алдын ала жүргізілетін сақтандыру шаралары.

2.Арам шөптерді агротехнолгиялық және химиялық әдістер арқылы жою.

3.Арам шөптерді биологиялық әдіс арқылы жою.

4.Арам шөптерді интегриялық әдіспен жою.

Алдын ала жүргізілетін сақтандыру шараларының басты мақсаты – арам шөптердің тұқымдары мен вегетативтік көбею органдарының таралуына жол бермеу.

Суармалы жерлерде арам шөптердің тұқымдары су арқылы тарайды. Мысалы, мақта егісін вегетация бойы алты рт суарғанда (7560 текше метр су) әр гектарға шаққанда 587,6 мың дана арам шөп тұқымы ағып келед екен. Арам шөптер тұқымдарының бұл таралу жолын бөгеу үшін су жүретін каналдардың табаны мен қабырғаларын бетондау, немесе науа арқылы суару, каналдан су танапқа шығатын жерлерге сол тұқымдарды тосатын сүзекі торлар қою, каналдардың жағасында өсіп тұрған арам шөптерді гүлдегенге дейін жою шараларын жүргізеді.

Терең қопсытуға арналған техника

Ауылшаруашылығы өндірісінің қарқындануының топырақтың құрылымының нашарлауына, жыртылатын және одан терең топырақ қабаттарының шектен тыс нығыздалуына алып келеді. Оның негізгі себебі ауыр ауылшаруашылық техникаларын қолдану болып, олардың топыраққа түсіретін қысымы шектік көрсеткіштерден 3-5 есе жоғары болады.

Механикалық өңдеу егіншіліктегі ең қуатты процес болып есептеледі. Оған жалпы алқаптық жұмыстардың 40%-ы қуаттық және 25%-ы еңбек шығындары тура келеді.

Топырақты механикалық өңдеу




44%

Қуат шығындары



31%

Алқаптық шығындар



25%

Еңбек шығындары


Тәжірибеде негізінен «БелоцерковМАЗ» ЖШС ғылыми-өндірістік мекемесінің (Украина) терең қопсытқыш құралдары қолданылды.

Тіркемелі терең қопсытқыштар топырақтың қатты қабатын бұзу, тамыр жайласатын қабаттың су-ауа тәртібін жақсарту, агрономиялық құнды суға төзімді агрегаттар құрамын және топырақ құнарлылығының басқа да көрсеткіштерін арттыру мақсатында топырақты 55-60 см-ге дейін терең қопсытуға арналған (7,8,9,10,11-суреттер).

Тіркемелі терең қопсытқыштар тығыз топырақта едәуір тиімді болып табылады. Бұл құралдармен топырақты өңдеу жұмыстарын 3-4 жылда бір рет жүргізу қажет. Тіркемелі терең қопсытқыштың табандарының пішіні топырақты вертикальды көтерілуіне, оның толқынды қозғалуына және энергия шығындарын 30-40%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді.Төменде 6-кестеде құралдардың сипаттамасы берілген.


7-сурет 8-сурет



9-сурет 10-сурет


6-кесте – Терең қопсытқыштардың өндірістік сипаттамасы

Атауы

ГР-1,8

ГР-2,5

ГР-3,4

ГР-4,3

ГР-6,0

Қармау ені, м

1,8

2,5

3,4

4,3

6,0

Өңдеу тереңдігі, см

25,0…45,0

25,0…50,0

25,0…65,0

25,0…65,0

25,0…65,0

Жұмыс жылдамдығы, км/сағ.

8,0…12,0

8,0…12,0

8,0…12,0

8,0…12,0

8,0…12,0

Транспорттық жылдамдығы, км/сағ.

30,0

30,0

30,0

30,0

30,0

Жұмыс өнімділігі, га/сағ.

1,3…2,0

2,0…2,7

2,7…3,5

3,5…4,5

5,0…6,0

Салмағы, кг

480,0

720,0

950,0

1290,0

5500,0

Тіркелетін тракторлардың қуаты,а.к.

90…120

130…180

160…220

260…340

380…450

11-суретте терең қопсытқыштың тізбектік жүрісі және топырақтың қатты қабатының бұзылуы көрсетілген. Суреттің сол жағында топырақтың қатты табанында өсіп тұрған және қатты табаны бұзылған жерде өсіп тұрған мақта қозалары бейнеленген.




11-сурет – Терең қопсытқыштың іс әрекетінің тізбегі


Терең қопсыту технологиясы жүргізілген егістегі мақтаның дамуы және өнімділігі
Ауыл шаруашылығында барлық ғылыми зерттеулердің соңғы нәтижесі ауылшаруашылық дақылдарынан, соның ішінде шитті мақтадан да технологиялық сапалы жоғары өнім алу болып есептеледі.

Зерттеулерде мақта қозасының өсуіне, дамуына және өнімділігіне тікелей әсер ететін негізгі мәселелер мұқият зерттелді.



Сабақ №15

Нұсқау карта №5

Пән: Жерді қорғау.

Тақырып: Қазақстан Республикасының жер санаттары.

Сабақтың мақсаты: Сортаңданумен агротехникалық шаралар қолдану арқылы күрес, дренаж және оның түрлері, сор шаю, оның технологиясы.

Тапсырма:

  1. Кәріз түрлерін меңгеріп, олардың тиімді және табиғатқа тигізетін әсері мол бағытын алу.

  2. Көлденең кәріз жүйелерімен жұмыс істеу принциптерімен танысу.

  3. Тік кәріз жүйелерімен жұмыс істеу принциптерімен танысу.

  4. Дренаждардың ара қашықтығын білу.


Сабақ жүргізілетін орын: колледж зертханасы.
Сабақты жүргізу әдістемесі.

Оқытушы: Суармалы жерлердің сортаңдануы негізінен тұздылығы жоғары ыза суы деңгейінің жер бетіне дейін немесе ағаш өте жақын көтерілуін таныстырады.



Оқушыларды екі топқа бөліп:

Бірінші топ: Жоғары көтерілгеныза суды төмендетіп, танап сыртына ағызып шығаруға арналған.

Екінші топ: Уақытша көлтабан суды екі жайыққа топырақ палдары мен су жібергіш бар плотиналар жүйесімен құрылуын танысып үйрену.

1 тапсырма. Кәріздің түрлері туралы түсініке. Оларды орналастыру ерекшеліктері. Кәріздің климаттық жағдайына байланысты орналастыру ерекшеліктері. Жер асты суларының жер бетіне көтерілу себептеріне тәжірибе жүргізу. Кәріздердің табиғатты қорғауға тигізетін әсерін зерттеу. Табиғатты қорғауда кәріз жүйесін орналастыру тиімділігін қарастыру.Кәріз тиімділігінің сұлбасын және кестесін тұрғызу.
Сабақ №16

Пән: Жерді қорғау.

Тақырып: Жел және су эрозиясы

Топырақ эрозиясы (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады. Тіпті шөл аймақтарындағы құмды алқаптардың шөп өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып отырады. Оларды жылжымалы құмдар деп атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Өсімдік тамырлары топырақтың беткі қабатын бекітіп ұстап тұрады, өскіндері жауын суының біразын өздеріне сіңіріп, қалғанын жер астына өткізеді, ал екпе ағаштар қар тоқтатуға және олардың топырақ бетінде біркелкі таралуына септігін тигізеді, желдің күшін азайтады, т.б. Ал бұл жерлерді кәдімгі қайырмалы соқамен жыртып, топырақтың майда ұнтақталған бос қабаты жер бетіне шыққан кезде олар желдің еркіне беріліп ұшады. Осындай жағдай тың игеру кезінде Қазақстанның солт. аймақтарында кең өріс алған. Табиғаттың бұл апатымен күресуде акад. А.И. Бараев басшылық еткен Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін жасалған жүйенің негізінде топырақты бұрынғыдай қайырмалы соқамен жыртудың орнына қайырмасыз етіп жыртып, терең қопсыту ұсынылған. Сонда топырақта өскен дақыл сабақтары топырақ бетінде қалып, қыста қар тоқтатуға, желдің күшін төмендетуге септігін тигізеді. Ең бастысы бос топырақ жер бетіне шықпай, біршама тереңдікте жатады. Жел эрозиясына жиірек ұшырайтын алқаптар жайылымдық жерлерде, топырағы жұқа шөл белдемдерінде кездеседі. Себебі шөл белдемдерінде өсімдіктер сирек өседі әрі жақсы дамымаған, сондықтан бұзылуға өте бейім топырақ түзіледі. Мал жиі жайылатын елді мекендер немесе мал суаратын пункттердің төңірегіндегі топырақ та жиі бұзылып, шаңы шығып, желге ұшады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін ауыспалы жайылымдық жүйеге көшу қажет.

Су эрозиясы қатты нөсерлеп жауған жаңбырдан немесе қыста мол жиналған қардың тез еруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайлар еңіс жері мол таулы беткейлерде жиі кездеседі. Бұл су ағындары тік беткейдегі топырақ бетін ғана шайып қоймай, көп жағдайларда сай, жыралардың пайда болуына әкеп соғады. Тау етегіндегі беткей алаптарын су эрозиясынан қорғау үшін бұл жерлерге а. ш. дақылдарын, жеміс ағаштарын отырғызып, қолдан ыңғайлы жер бедерлерін сатылап жасау (террасалау) әдісі де қолданылады. Топырақтың су эрозиясының бір түрі ирригациялық эрозия, ол адам қолдан суаратын жерлерде болады. Суармалы жерлерде судың өз ағысымен ағуы үшін оның бір бағытта еңісі бар жер бедері таңдалынып алынады. Сол бағытқа қарай майда суару арықшалары жүргізіледі, бірақ еңіс жерлерге қарай суды мөлшерлеп қана жіберу қажет. Олай болмаған жағдайларда, әсіресе, еңісі тіктеу суарылмалы беткейлерде топырақтың ирригац. эрозиясы өріс алады. Эрозияның бұл түрі тек суармалы алқаптарда ғана емес, сол суармалы алқаптарға су әкелетін арықтар мен канал бойларында, өзен жағалауларында (жағалаулар су әрекетінен бұзылып, шайылады) да кездеседі. Көктемгі нөсер жаңбырлар жауғанда немесе қар еріп, оның суы өзендерге қосылғанда, су деңгейі көп көтеріліп, жағалау беткейлерін жуып-шайып, тіпті кей жағдайларда арналарын бұзып, жаңа арнамен ағатын болады. Су эрозиясының бұл түрімен күресу үшін арнайы инж. құрылыстар салу, өзен бойларына ағаштар отырғызу, т.б. шаралар жүргізу қажет. Арықтар мен каналдар тез бұзылып кетпеуі үшін олардың жағаларына ағаш, бұталар отырғызу керек. Сонымен қатар артық суларды уақытша су қоймаларында жинап, қажет кездерінде пайдаланған орынды. Т. э-ның қарқындылығы жер бедеріне, беткейлердің тік болуына, жауын-шашынның түсу мөлшеріне, топырақтың түйіршікті құрамына, су сіңіргіштік қабілетіне, өскен өсімдіктеріне, т.б. байланысты. Эрозияға ұшырау мөлшері беткейлер мен шатқалдардың тіп-тігіне және су жиналатын алқаптың аум-на қарай әр түрлі болады. Т. э. көбіне ұсақ түйіршікті топырақтарда, жауын-шашын көп түсетін және күшті жел тұратын аймақтарда кездеседі. Т. э. күштірек болғанда топырақ құнарлылығын азайтып, себілген тұқым зиян шегеді, а. ш-ның жайылымдық жерлерін нашарлатады. Осының барлығы а. ш-на орасан зиян келтіреді. Т. э-ның алдын алу үшін қорғаныш орман алқаптары, егістіктерді қорғайтын орман шаршылары отырғызылады, жайылымдық жерлер мен құмды жерлерге ағаштар отырғызу, топырақты қорғау үшін ауыспалы егіс жүйесін енгізу, топырақты аудармай өңдеу, тұқымды қатарлап себу әдісі, шатқалдарды сатыларға бөлу, су тоқтатын каналдар салу, т.б. шаралар жүргізіледі.

Эрозияның пайда болу факторлары. Топырақ эрозиясы негізінен екі топ фактордың әсерінен пайда болады, атап айтқанда: а) табиғи факторлар; б) адамдардың шаруашылық іс-әрекеті (антропогендік фактор).

Табиғи факторларға климат, жер бедері, топырақ жағдайы және өсімдіктер жамылғысы жатады. Климаттан топырақ эрозиясын тудыратын ең басты фактор — жел. Оның әсерінен негізінен жел эрозиясы пайда болады. Ол, әсіресе, қуаңшылық, желі күшті соғатын және өсімдік жамылғысы нашар немесе аңыздар мен өсімдік қалдықтары топыраққа сіңірілген жерлерде пайда болады. Жел эрозиясының пайда болуы, өсіресе, желдің шапшаңдығына тығыз байланысты. П.С.Захаровтың деректері бойынша, егер жердің беткі қабатынан 10 см биіктіктегі желдің жылдамдығы секундына 8-12 м болғанда эрозия пайда бола бастайды, ал ол жылдамдық 12-15 м/сек. болса, эрозия процесі күшейіп, желдің жылдамдығы 16-25 м/сек.-қа жеткенде күшті эрозияға әкеп соқтырады.

Келесі фактор — топырақ жағдайы, әсіресе, оның түйіршіктерінің молшері. Егер топырақ түйіршіктерінің мөлшері 0,05-0,15 мм аралығында болса, эрозия жер бетінен 15 см биіктікте желдің жылдамдығы 3,5-4 м/сек. болғанда пайда бола бастайды, топырақ түйіршігінің мөлшері 1 мм болса, онда эрозия тудыру үшін желдің әлгі биіктіктегі шапшаңдығы 9,6 м/сек, ал 1,5 мм болғанда -11,1 м/сек. болуы керек. Эрозияның пайда болуы тек қана топырақ түйіршіктерінің молшерімен шектелмейді, ол топырақтың гранулометриялық құрамына тікелей байланысты. Мысалы, құмды топырақтарда жел эрозиясы пайда болу үшін жер бетінен 15 см биіктіктегі желдің күші қара-қызыл қоңыр топырақтарда 3-4 м/сек., ал жеңіл саздақ топырақтарда 5,0 м/сек. болуы керек.

Сабақ №17

Пән: Жерді қорғау.

Тақырып: Жер қыртысын эрозиядан қорғау.

Топырақтың эрозиясымен күресу — егiн шаруашылығындағы ең негiзгi мəселелердiң бiрi.

Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негiзгiлерiнiң бiрi — шаруашылық-ұйымдастыру жұмыстары. Бұл — территорияны дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылықтарда жерлердi су жəне жел эрозиясына ұшырау деңгейлерiне байланысты топырақ-эрозиялық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сəйкес эрозияға қарсы iс-шараларын жүргiзедi.

Агротехникалық шаралардан беткейлерде жердi көлденеңдеп жырту, ал өте биiк беткейлерде су ұстағыш микро рельефтер жасау керек. Жауын-шашын суларын жинау үшiн жырту қабатын тереңдету арқылы да қолжеткiзугеболады.

Агротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып емес, тек қана қопсыту, эрозияға ұшыраған жерлерде желге төзiмдi қабаттарды жасау да жатады. Дефляцияға ұшыраған топырақтарда көп жылдық шөптердi өсiру арқылы ауыспалы егiстi қолдану өте тиiмдi болып саналады.

Эрозияға қарсы күрес шараларының iшiнде орман-мелиорация жұмыстарын жүргiзу де үлкен роль атқарады. Топырақты құрғақшылық пен ыстық желдерден эрозиядан сақтауда ормандар егудiң өте қолайлы екендiгiн көрнектi ғалымдар А.Т.Болотов, В.В.Докучаев, Н.М.Сибирцев, т.с.с. үнемi атап көрсеткен.


Эрозиямен күресу жолдары:

1. Айтарлықтай үлкен территорияларда өсiмдiктер жабынын жоюға əкелетiн табиғи экожүйелерге тигiзетiн əсердi шектеу. Бұлəсiресе орманды пайдалануға қатысты.

2. Жайылымдарда эрозиялық процестер көбiнесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шөптесiн өсiмдiктер жабынының зақымдануы кезiнде, əсiресе топырағы жеңiл жерлерде су жəне жел эрозиясы болуы мүмкiн. Таулы аудандарда шөптесiн өсiмдiктердiң болмашы зақымдануының өзiнде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайда болу ошағы орыналады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негiзгi жолы мал жаю ережелерiн сақтау мен рекреациялық қысымды төмендету болып саналады.

3. Егiстiк жерлердi қорғау шаралары:

— ауыспалы егiстердi дұрыс пайдалану;

— топырақты бекiтетiн тамырлары бар шөптер қоспасымен алмастыру;

— жиектiк жырту (рельефтiң горизонттарымен);

— өңдеуден бұрын бұзылатын құмды жəне құмдақ топырақтарды шығару;

— шағын егiс танаптарын табиғи ландшафттармен кезектестiру;

— танап қорғайтын орман белдеулерiн жасау;

— топырақтың құрылымын түзуге мүмкiндiк туғызатын органикалық тыңайтқыштарды пайдалану;

— топыраққа əсер ететiн қысымды кемiтетiн техниканы пайдалану.

Суармалы егiстердiң дүние жүзiндегi ауданы шамамен 250млн га жуық. Ирригациялық эрозиямен қатар суармалы топырақтар екiншi реттiк сортаңдануға ұшырайды. Оның мəнi — танаптағы топырақ суды сiңiрiп, содан соң булану мен өсiмдiктерге транспирацияға қажеттi судан артық су келiп түседi. Бұл су бiртiндеп жер астылық грунт суларына дейiн жетiп, оның деңгейiнiң көтерiлуiне себеп болады. Мөлшерсiз, ретсiз суару кезiнде қысқа уақыт аралығында (бiрнеше жыл) жақындап, интенсивтi түрде булана бастайды. Суда ерiген тұздар топырақ бетiнде жиналады. Мұндай тұздану екiншi реттiк деп аталады. Суғарудың жоғары деңгейiнде жəне каналдардағы судың топыраққа сiңiп кетуi арқылы грунт суларының мөлшерi көбейедi. Суғару каналдарынан судың фильтрациялануынан жəне дұрыс суармаудан топырақта тұздардың мөлшерiнiң көбеюi екiншi реттiк тұздану деп аталады. Ал бiрiншi реттiк тұздану ретiнде адамның əсерiнсiз пайда болатын табиғи тұздану процесiн атайды. Екiншi реттiк тұздану тек құрғақ аудандарға тəн. Солтүстiк аймақтарда шектен тыс суару топырақтың батпақтануына əкелiп соқтырады.

Топырақтың тұздануы деп натрий, кальций, магний тұздарының топырақта өсiмдiктердiң өсуi мен дамуына зиянды əсер ететiн концентрацияда жинақталуын айтады. Бұл құбылыс əсiресе, Египет, Ирак, Индия мен Пакистан, т.б. құрғақшылық климатты аймақтарда белең алып отыр. Жыл сайын Жер шарында тұзданудан 200-300 мың га суармалы жер қатардан шығады. Бүкiл əлемде қазiргi таңда 20-25 млн га жер тұзданып, өнiм беру қабiлетiнен айрылған. Бұл жағдай, əсiресе Орта Азия мен Закавказье елдерiнiң топырақтарында көбiрек байқалып отыр.

Тiптi тұзданудың аз ғана деңгейiнде мақтаның өнiмi 20-30%, жүгерi — 40-50%, бидай — 50-60% қысқарады. Тұздану орташа жүрген аймақтарда мақтаның өнiмi екi есе төмендесе, ал бидай тiптi өспейдi.

Адамзат қоғамы дамуының экологиялық дағдарыстарының бiрi дамыған өркениеттiлiктiң өз мүмкiндiктерiн топырақтың тұздануы нəтижесiнде жоғалтқаны белгiлi. Мысалы, Нiл аңғарында қазiр де суармалы жерлердiң 70% тұзданған. Ғалымдардың пiкiрiнше, ертедегi Вавилон өркениетi топырақтың екiншi реттiк тұздануынан жойылған. Қазiр дүние жүзiнде суармалы 250 млн га жердiң 50-60 млн га жуығы екiншi реттiк тұздануға, шамамен 25% ұшыраған.
Сабақ №18

Пән: Жерді қорғау.

Нұсқа № 6

Сабақтың тақырыбы: Эрозияға қарсы шаралардың бас жобасын дайындау.

Сабақтың мақсаты: Эрозияға қарсы қолданылатын шаралармен танысу, ағаш отырғызу және өсімдік отырғызу технологиясын меңгеру.

Тапсырма:


  1. Эрозияменкүресушараларына талдау жүргізу.

  2. Егiстiк жерлердi қорғау шаралары.

  3. Эрозияға қарсы ағаш отырғызудың ерекшелігін талдау.

  4. Эрозияға қарсы әр түрлі алқаптарды жобалау жұмыстарын жүргізу.


Сабақ жүргізілетін орын: колледж зертханасы.

Сабақты жүргізу әдістемесі.

1 тапсырма. Эрозиямен күресу шараларына талдау жүргізу.

1. Айтарлықтай үлкен территорияларда өсiмдiктер жабынын жоюға əкелетiн табиғи экожүйелерге тигiзетiн əсердi шектеу. Бұл əсiресе орманды пайдалануға қатысты.

2. Жайылымдарда эрозиялық процестер көбiнесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шөптесiн өсiмдiктер жабынының зақымдануы кезiнде, əсiресе топырағы жеңiл жерлерде су жəне жел эрозиясы болуы мүмкiн. Таулы аудандарда шөптесiн өсiмдiктердiң болмашы зақымдануының өзiнде (мысалы, жалғызаяқжол) су эрозиясының пайда болу ошағы орыналады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негiзгi жолы мал жаю ережелерiн сақтау мен рекреациялық қысымды төмендету болып саналады.

2 тапсырма.Егiстiк жерлердi қорғау шаралары:

— ауыспалы егiстердi дұрыс пайдалану;

— топырақты бекiтетiн тамырлары бар шөптер қоспасымен алмастыру;

— жиектiк жырту (рельефтiң горизонттарымен);

— өңдеуден бұрын бұзылатын құмды жəне құмдақ топырақтарды шығару;

— шағын егiс танаптарын табиғи ландшафттармен кезектестiру;

— танап қорғайтын орман белдеулерiн жасау;

— топырақтың құрылымын түзуге мүмкiндiк туғызатын органикалық тыңайтқыштарды пайдалану;

— топыраққа əсер ететiн қысымды кемiтетiн техниканы пайдалану.

Суармалы егiстердiң дүние жүзiндегi ауданы шамамен 250млн га жуық. Ирригациялық эрозиямен қатар суармалы топырақтар екiншi реттiк сортаңдануға ұшырайды.



3 тапсырма. Эрозияға қарсы ағаш отырғызудың ерекшелігін талдау.
4 тапсырма. Эрозияға қарсы әр түрлі алқаптарды жобалау жұмыстарын жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет