Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.
Қазақстан өзендерін ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннің ішінде 84 694-і шағын (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305-і орташа(500 км-ге дейін) және 23-і ірі (500-1000 км-ден астам өзендер) қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңтүстік-шығысындағы Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торының жиілігі ( барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңірлерге қарағанда жоғары (0,4-1,8 км/км2). Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарына басталады. Арал және Каспий маңы өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек (0,03 км/км2-ге дейін) келеді. Өзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады.
Дескриптор:
Арнайы тапсырмалар мен салыстыру арқылы натурал сандардың мағанасын түсінеді.
Тексерген: ________Н.Койшибекова
«____» ______2018 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |