Сабақтың барысы.
5 мин.
|
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындау.
Айтылым. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
|
« Сөйлемдегі сөздердің байланысы»
|
Сабақтың ортасы
30 мин.
Сергіту сәті.
|
Оқылым алды тапсырма.
Оқылым тапсырмасы. ЖЖ. мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
Мәтінді түсініп мәнерлеп оқу.
Отан - отбасынан басталады
Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – Отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні адамгершілік, имандылық, ақыл-ой, мінез-құлық, патриоттық сезім отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Сондықтан Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!
Сұрақтар:
1 Отан неден басталады?
Отбасында не қалыптасады?
Бала тәрбиесінің қалыптасуына қандай мәселелер кіреді?
Отбасы ненің бөлшегі?
Дескриптор:
мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
жетекші сұрақтарға жауап береді
ҚБ. Қол шапалақтау арқылы
|