Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз. Сабақтың мақсаты



бет3/4
Дата01.04.2017
өлшемі408,27 Kb.
#12996
түріСабақ
1   2   3   4
- қанық түстер, ал екінші және үшінші топтағыларды қанық емес түстер деп атайды.

Мына бояу түстеріне қарап, оларды бір-бірімен салыстыр.

О
лардың атауларын есіңде сақта.

Үйге тапсырма беру: Натюрморт орында, жылы және суық реңдерге

арнап сурет салу.



Сабақ: №3

Сабақтың тақырыбы:

Қанық түстер гаммасы. Қанықпаған ашық бояулы гамма.

Қанықпаған қою түстер гаммасы.
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылардың бояу түстері жайлы таным-түсінігін

кеңейту.

ә) Дамытушылық: Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін арттыру,

дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық

жұмыс жасауға баулу.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Оқушыларға қанық, қанықпаған, қою түстер гаммасы жайлы түсіндіремін.

Қанық түстер мен олардың қоспалары салтанатты білдіріп, бірден көзге ұрып тұрады. Олар жылы, суық немесе қарама-қарсы (контраст) түсті болуы мүмкін. Мұндай гаммада орындалған жұмыстар әдетте зор қуанышты немесе керісінше, терең жабырқауды, үрейді, сабырсыз алаңдаушылықты білдіреді.

Қанықпаған ашық түсті шығару үшін гуашь немесе майлы бояуға аздаған ақ бояу қосады. Ал акварель бояуларына көбірек су қосады. Қанықпаған ашық бояулы гамма жылы, суық немесе қарама-қарсы түсті бола алады. Қанықпаған ашық гаммада орындалған жұмыстар нәзік мұңды немесе қуанышты, сабырлылық пен тыныштық әсерін береді. Мысалы, мұндай гаммада қыс кезіндегі немесе таңертеңгі тылсым тыныштықты не күзгі бұлыңғыр күнді бейнелеуге болады.

Қанықпаған қою түстерді шығару үшін қанық түсті бояуға қара түсті бояуды қосады. Қанықпаған қою түстер гаммасы жылы, суық немесе қарама-қарсы түсті болуы мүмкін. Мұндай гаммада орындалған жұмыстар, негізінен, үрейді, тұнжыраңқы көңіл күйді туғыызады. Қанықпаған қою түстер мен олардың жиынтығы зор әуенді болғанымен, сәл басыңқы естіледі. Оларды бас дауысымен немесе төмен ноталармен салыстыруға болады.

Мына шығармаларға анықтап қара. Картиналардағы көңіл күй мен түстер гаммасын анықта (жылы не суық, жақын немесе қарама-қарсы түсті, қанық не қанықпаған, кою немесе ашық). Түс қанықтылығының шығарма көңіл күйімен байланысын түсіндір.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет