Үйге тапсырма беру: Қанық, қанықпаған, қою түс реңдеріне арнап натюрморт сал.
Сабақ: №4
Сабақтың тақырыбы:
Сызық пен штрих.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың сызықтық және реңдік бейнелеуге бейімін
қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Заттардың пішінін, құрылысын айқындау арқылы сызық
түрлерін қажетті жағдайда пайдалануға
әрі штрихтауға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбом, қарапайым қарындаш түрлері, өшіргіш, тушь, қылқалам, перо. Сондай-ақ бейнелеу өнеріне қосымша оқулықтар, т.б
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Сызық түрлерін бастауыш сыныптардан бастап меңгеріп келеміз. Жас ерекшеліктеріне байланысты сызықтық бейнелеуді қабылдау мүмкіндіктері әр алуан. Заттардың суретін салуда ең бірінші болып басты рөл атқаратын – сызықтық бейнелер. Сурет өнерінде бейнелеудің негізгі екі түрі бар. Олар: сызықтық бейнелеу және реңдік бейнелеу.
Сызықтық бейне арқылы заттардың пішінін, бейнелеп, реңдік бейне арқылы көлемін, ауқымын штрихтап айқындай түсеміз.
Штрих дегеніміз жалпы көптеген әр тектес сызықтардың жиынтығы. Әр заттың пішіндік ерекшелігіне байланысты штрих түрлері пайдаланылады. Штрих түрлері оқулықта көрсетіліп, олар түсіндірме сөз, салыстырмалы суретпен толықтырылған. Онда түзу, көлбеу, тік крегекөз, доға, т. б. сызық түрлері аталған.
Сурет салу сызықтық бейнелеу немесе штрих сызықтарымен шектелмейді. Латынның «перспектива» деген сөзі «тасадан көру» дегенді білдіреді. Кейінгі кезде перспективаның қазақша баламасына «кеңістік бейне» деп ұғым беріп жүпміз. Кеңістік бейне сурет салатын адамның тұрған жеріне, яғни бейнелейтін орнына байланысты айқындалады.
Кеңістік бейне бұрыштық және ауалық кеңістік бейне болып екі түрге бөлінеді.
Бұрыштық кеңістік бейне үйдің ішкі көрінісін бір бұрышына бастап бейнелеуде дәл байқалады. Ал ауалық кеңістік бейне бір зат пен екінші заттың ара қашықтығын бейнелеуде немесе табиғат көріністерін бейнелеуде айқынырақ білінеді.
Кеңістік бейненің суретін салу үшін көз деңгейін дұрыс анықтап алғанымыз жөн. Жалпы «көз деңгейі» деп кеңістіктегі заттар мен құбылыстарға қарағанда көзіміздің тура бағытының деңгейіне дейін дәл көрінетін жердің жиегін айтады. Ол, әсіресе, жазық далада, теңіздің үстінде айқын көрінеді. Сонымен бірге көзіміздің деңгейіне дейін көрінетін жердің жиегінің «көкжиек сызығы», я болмаса «горизонт сызығы» деп аталады. Ол сызықтың аспанды жерден, судан бөліп тұратын қасиетіне көңіл бөлуіміз қажет.
Үйге тапсырма беру: Тұрмыстық заттарды бейнелеп, оларды штрихтау.
Достарыңызбен бөлісу: |