1-сынып
Бейнелеу өнері
Алматы
«Атамұра»
2001 жыл
34 сағат
Сабақ жоспарлары
Сабақ: №1
Сабақтың тақырыбы:
Оқушыларға арналған сурет салу ережесі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 1-сынып оқулығы, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ең алдымен оқушыларға бейнелеу өнері жайлы түсіндіріп беремін. Содан соң сурет салу ережелерімен таныстырамын. Сурет салғанда көп сөйлемейміз, алдымен құрал-саймандарымызды дайындап аламыз. Содан соң барып сурет салуға кірісеміз. «Бейнелеу өнері» оқулығы оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді. Бұл кітап жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына арналып, оқулық ретінде ұсынылып отыр. Оқулық оқушылардың бейнелеу өнері туралы теориялық білімін дамытуға ықпал жасайды. Оқулық мазмұны сурет салуға, қабылдауға, бейнелі ойлауға, шығармашылық қабілетін арттыруға, көркем шығарманы танып түсінуге бағытталып құрылған. Үйлесімдік шешім табуға баулу, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық дағдысын жетілдіреді. Жүйелі түрде бейнелеу өнерін оқыту оқушылардың сапалы да сауатты білім алуына жағдай туғызады. Практика жүзінде жүргізілген сабақ барысында оқушылардың меңгеретін дағдылары сан алуан. Олар: ойлау, қабылдау, есте сақтау, көркемдік, талғампаздық, т. б. Есте сақтау, қиялдау, ойлау немесе тақырып бойынша сурет салу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тереңдей түседі.
Бейнелеу өнерінің түрлері туралы түсінік беріліп, кітапта көрсетілген шығармаларға талдау жасалады. Талдау барысында мұғалім оның өнер шығармасының қандай түріне жататындығын түсіндіреді. Бұл оқулық оқушы жүрегіне жол тауып, көркемдік білім алуда кажетіне жарап, бейнелеу өнері жайлы мағлұмат беруге лайықты қызмет етеді деген ойдамын.
Үйге тапсырма беру: Келесі сабаққа құрал-саймандарды дайындап келу.
2-сынып
Бейнелеу өнері
Алматы
«Атамұра»
2009 жыл
34 сағат
Сабақ жоспарлары
Сабақ: №1
Сабақтың тақырыбы:
Күз ғажайыптары.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік дағдыларын
қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Күзгі көріністердің алуан түске еніп, құлпырған
әсемдігін көріп, бақылап, қағаз бетіне түсіре алуға
үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Плакаттар, түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, күзгі көрініс шығармалары, суретшілер шығармалары, фотосуреттер, балалар шығармалары,қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Міне, шебер суретші тәрізді табиғатты алуан түрлі түске бояп, күз де келіп жетті. Оқушыларға сұрақ қоямын:
- Пейзаж деген не, есіңе түсір.
Суретші В. Поленовтың мына күзгі пейзажы сені қандай күйге бөледі?
Күз бояулары жайлы айтып бер.
Күзде ағаш жапырақтары, шөптер, аспан түстері қалай өзгереді?
Ағаштағы жапырақтар қызыл, жасыл, сары шамдардай жарқырайды. Ал жерге төгілген жапырақтар түрлі түсті кілем төсегендей құлпырып тұрады. Сол кілемнің алуан түстеріне назар аударып, өзіңе ұнаған жапырақтарды қолыңа ал да, оларды салыстыр.
Сен жапырақтардың бір-біріне ұқсамайтынын аңғарған боларсың. Олардың пішініне қарап ол қай ағаштың жапырағы екенін анықтауға болады.
Мысалы, талшын жапырағы жеті жапырақшадан тұрады. Олардың барлығы сағақ басындағы бір нүктеден тарайды және ортаңғы жапырақша бәрінен үлкен болады. Ал қарағайдың жапырағы көптеген ұсақ жапырақшалардан құралады. Олар ортаңғы сызықтың екі жағына бойлай орналасады.
Пейзаж деген не, есіңе түсір. Күз бояулары жайлы айтып бер. Күзде ағаш жапырақтары, шөптер, аспан түстері қалай өзгереді?
Сен жапырақтардын бір-біріне ұқсамайтынын аңғарған боларсың. Олардың пішініне қарап ол қай ағаштың жапырагы екенін анықтауға болады. Мысалы, талшын жапырағы жеті жапырақшадан тұрады. Олардың барлығы сағақ басындағы бір нүктеден тарайды және ортаңғы жапырақша бәрінен үлкен болады. Ал қарағанның жапырағы көптеген ұсақ жапырақшалардан құралады. Олар ортаңғы сызықтың екі жағына бойлай орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |