Пирамида бетінде жатқан нүктелердің проекцияларын салу қиынға соқпайды. SАВСпирамидасының бетіндегі М нүктесінің горизонталь проекциясы - М2 нүктесі берілген (84, а-сурет). М нүктесінің фронталь проекциясын тұрғызуды қарастырайық. М нүктесі горизонталь проекцияда көрінуі немесе көрінбеуі мүмкін. Егер М нүктесі горизонталь проекцияда көрінсе, онда ол SАС үшбұрышында жатады. SАС үшбұрышындағы SЕ кесіндісінің көмегімен М1 нүктесін табамыз (84, ә-сурет). Бұл жағдайда М нүктесі фронталь проекцияда көрінбейді. Егер М нүктесі горизонталь проекцияда көрінбесе, онда ол SВС үшбұрышында жатады. SВС үшбұрышында жатқан SҒкесіндісін пайдаланып М1нүктесін табамыз. Бұл жағдайда М нүктесінің фронталь проекциясы көрінеді. Берілген нүкте пирамиданың қырында жатса, осы нүкте арқылы өтетін көмекші кесіндіні тұрғызудың қажеті жоқ. 85, а-суретте пирамиданың SСқырында жатқан N нүктесінің фронталь проекциясы (N1) берілген. Оның горизонталь проекциясы (N2) N1 нүктесін бастыра жүргізілген вертикаль байланыс сызығының S2С2 кесіндісімен қиылысу нүктесі ретінде салынады