Сабақ №1 Тақырыбы: Адам ағзасының даму ерекшелігі. Антропометрлік көрсеткіштер.Өсу мен даму заңдылықтары



бет17/46
Дата14.12.2021
өлшемі1,18 Mb.
#126337
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
Fiziologia
Fiziologia
Мойынның бұлшық еттері- адамның мойын бөлігі жоғарғы жағынан жақпен төменгі жағынан бұғана және тес тұтқасымен шектеледі. Мойын етгері шайнау, ымдау, тыныс алу, жұтыну, сөйлеу т. б. қозғалыстарын жүргізеді. Жалпы мойын бұлшық еттерін екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөледі. Соңғы тобы арқа еттерінің жалғасы болып саналады және олар арқа еттерімен бірге өтеді. Мойынның бүйір еттерін жатқан жағдайына қарай беткей және терен еттер деп екіге бөледі. Мойынның беткей еттеріне төс-бұғана-емізікше еті мен теріасты мойынның беткей жатқан еттері жатады.





Бастың бұлшықеттерін шайнау және ымдау бұлшықеттері деп екі топқа бөледі. Шайнау бұлшықеттерінің ерекшелігі — олар бас сүйегінің әр жерінен басталып, міндетті түрде бастың қозғалмалы сүйегіне — төменгі жаққа келіп тіркеледі. Бұл еттер жиырылған кезде осы сүйекті жақ буынын қимылға келтіріп, шайнау әрекетін жүргізеді

Шайнау еттеріне меншікті шайнау еті, самай еті, ішкі, сыртқы қанатты еттер жатады.

Ымдау еттері тері астында орналасқан. Олардың басқа бұлшықеттерден айырмашылығы - ет жапқыш шандырлары болмайды және бас сүйегінің әр жерінен басталғанымен ет талшықтары міндетті түрде бет терісіне бекиді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет