Сабақ №1 Тақырыбы: Кіріспе. «Қазақстан құқығы» курсы туралы. Мақсаты: а оқушыларды құқық ұғымымен, құқықтың пайда болу



бет1/5
Дата22.02.2020
өлшемі0,69 Mb.
#58837
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
doc1548008473

Сабақ №1

Тақырыбы: Кіріспе. «Қазақстан құқығы» курсы туралы.

Мақсаты: А)Оқушыларды құқық ұғымымен , құқықтың пайда болу

тарихымен таныстыру.

Ә) «Қазақстан құқығы» курсын оқып білудің қажеттілігін түсіндіру.

Б)Оқушыларды құқықтық саналылыққа тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, пікір алысу,әңгіме-сұхбат

Сабақтан күтілетін болжам: құқықтық, қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасады, білімге құштарлығы артады.



Көрнекілігі: Тақта, тірек сызбалар, қосымша материалдар т.б.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушы қатынасын

алу, оқушыларды психологиялық жағынан жаңа сабаққа

дайындау.

Жаңа сабақтың жоспары:


  1. «Құқық »ұғымы.

  2. Құқықтың пайда болуы

  3. Құқық пәнінің қажеттілігі.

«Ой талқы» өткізу.

  • Құқық ұғымын қалай түсінесің?

  • Әділеттілік деп нені айтамыз?

  • Ақиқат пен жалған дегеніміз не?

Оқушылардың пікірлерін тыңдап, ой қосу, толықтыру.

Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан қандай да бір түрде бекітілген, қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған және мемлекет тарапынан қорғалатын азаматтардың әділдік туралы ұғым түсінігін білдіретін ережелер жүйесі.

Құқық – қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастарды шектеп, тиым салатын құрал. Құқық азаматтардың бостандықтарын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап және оларды жүзеге асыруда заң жүзінде кепілдікті қамтамасыз етеді. Құқықтың пайда болуымен тікелей байланысты құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әректеттерімен мінез-құлықтарының мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңға сай келуін талап етеді. Сондықтан да осы талаптарға сай өмір сүру, еңбек ету және т.б. әректеттерге бару үшін оларды білу әрбір азаматтың міндеті мен борышы.

Заңға негізделіп қалыптасатын сана сезімді құқықтық сана деп атайды.



Құқықты білу Құқықты түсіну Құқықты құрметтеу


Құқықтың әділдігіне Құқықты сақтауға

сену (сенбеу) дағдылану

Құқық талаптарын бұлжытпай орындау.




Құқықтық сана


Құқықты сыйлау

Құқықтық көзқарас, пікірлер

Құқықтық ұғымдар

Құқықтық ілімдер

Құқықтық салт-дәстүрлер

Құқықтық сезімдер

Құқықтық көрініс


Халықтың құқықтық санасы

Ұлттың құқықтық санасы

Таптың құқықтық санасы

Топтың құқықтық санасы

Жеке адамның құқықтық санасы




Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы.

Тест.

1.Төмендегілердің қайсысы құқық нормаларының белгілеріне жатады?

А)Жүйелілік

Ә)Жалпыға міндеттілік

Б)Мемлекет тарапынан кепілділік

2.Құқықтық нормалардың сақталу қажеттігіне азаматтардың сенімділігін қандай ұғыммен беруге болады?

А)Құқықтық саналы

Ә)Құқықтық мәдениет

Б)Құқықтық тәрбие

3.Құқық саласы мына негізде ерекшеленеді?

А)Құқықтық реттеу пәні және әдісі

Ә)Белгілі бір кодекстің болуы

Б)Ғалымдардың пікіріне сай

4.Құқық терминінің синонимі ретінде мына сөз көп қолданылады?

А)Кодекс

Ә)Заң


Б)Қағида

Бекіту сұрақтары:

1.Құқық ұғымын қалай түсінесің?

2.Құқықтық сана дегеніміз не?

3.Құқықты білу не үшін қажет?

4. Құқық пен заң арасында қандай байланыс бар?

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.Қосымша материалдар жинақтау арқылы өз білімін толықтыру.

Сабақ № 2

Тақырыбы: Құқықтың қоғамдағы жүзеге асыру

формалары.



Мақсаты: а) оқушыларды қазақ қоғамының құқықтық

жүйесінің қайнар көзімен, ұлттық құқықтық

жүйенің қалыптасу тарихымен таныстыру.

ә)оқушылардың назарын құқықтың тарихи

даму диалектикасына аудару.

Б) қазақ халқының әдет ғұрыптарын,

дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ әдісі: Баяндау,сұрақ жауап,пікір алысу ,тапсырмалар орындау,т.б.

Көрнекілігі:Электронды оқулық, билер суреттері,баспасөз

материалдары,оқулықтар т.б.



Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушы қатынасын алу, оқушыларды психологиялық жағынан жаңа сабаққа дайындау.



Оқушылар білімін тексеру

1.Құқық ұғымын қалай түсінесің?

2.Құқықтық сана дегеніміз не?

3.Құқықты білім не үшін қажет?

4. Құқық пен заң арасында қандай байланыс бар?

5.Оқушылардың баспасөз беттерінен тауып келген материалдарымен сыныпта оқып танысу.



Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ұлттық құқықтық жүйенің қалыптасуы.

  2. Құқықтық әдет-ғұрып , салт дәстүрлер.

  3. Билер қызметі

Ашық сұрақ .

    • Қазақ халқында қандай салт дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білесіңдер?

Қазақтың әдет-ғұрыпы мен салт дәстүрлері ұлттық мәдениеттің бірегей саласы. Қазақтың әдет-ғұрыпы өз қоғамындағы құқықтық мәдениеттің тұғыры, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеуші, жеке тұлғалардың белгілі бір әлеуметтік және мәдени тағылымдарға үйретуші рухани күш. Бұл жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың мінез-құлқын жүйелі тәртіпке келтіріп қана қоймай, сонымен қатар қауымдастық-тұтастық пен ұлттық мүдделікті нығайтты.

Әдет-ғұрып, салт дәстүр ұлт болып жарияланған кезден бастау алып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолдарымен» өрісін ұзартты. «Тәуке ханның жеті жарғысымен» байланды. Қазақ халқының ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы XV ғ. орта шенінде қазақ мемлекетінің ірге тасын қалаушылардың бірі Жәнібектің баласы – Қасым хан есімімен байланысты.Қазақ тарихында тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді.Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы келе жатқан құқықтық ғұрыптарды негізге ала отырып, дербес өмір сүріп отырған қазақ мемлекетінің жағдайларына бейімделіп жасалды.

Дауды шешетін билерді жол – жорасын жетік білетін, халық арасында абыройлы адамдардан қалап сайлаған.Өздерінің әділдігімен, тапқырлығымен шыққан билер аз болған жоқ. Бір бидің төрелігімен келіспесе, екінші биге барып жүгінуге ерікті болды. Қазақтардың Ресейге қосылуы құқықтық жүйені өзгертіп жіберді.

Сабақты бекіту сұрақтарын мұғалім өз қалауынша құрып, қорытындылау.

Сабақты бекіту сұрақтары:

«Қасым ханың қасқа жолы», « Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ қоғамындағы қатынастарды қалай реттеген деп ойлайсыңдар? Салыстырмалы анализ жасап кестені толтырыңдар.

«Қасым ханның қасқа жолы»

«Есім ханның ескі жолы»

Тәуке ханның «Жеті жарғысы»











Үйге тапсырма. Тақырыпқа байланысты материалдар жинақтау, рефераттар жазу, мысалдар келтіріп жазып келу.

Сабақ № 3
Тақырыбы: Қазақстан Республикасына саяси сипаттама.

Мақсаты: А)Егемендік, тәуелсіздік ұғымының мәнін ашу, демократиялық,

зайырлы құқықтық, әлеуметтік мемлекетке сипаттама беру.

Ә)Саяи танымдық белсенділіктерін арттырып, саяси мәдениетін

жетілдіру.

Б)Зайырлылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, пікір алысу, баяндау.

Көрнекілігі:қосымша материалдар, кестелер, карточкалар, т.б.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу,оқушылар қатынасын алу, зейіндерін сабаққа аудару.



Тренинг «Білгенге маржан»

  1. Сабаққа қызыққан адам ғана біліп шығады.

  2. Шамасы келетініне сенген адам ғана біліп шығады.

  3. Осы білімнің болашағына қажет екеніне көзі жеткен адам ғана біліп шығады.

Өтілген тақырыптар бойынша оқушылар білімдерін тексеру.

Жаңа тақырыпқа бағыттау

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің, қатер төнген сәтте бірігіп,ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.

Н.Ә.Назарбаев

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Егемендік пен тәуелсіздік –бір тарихи оқиғаның екі сатысы

2.Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы,құқықтық, және әлеуметтік мемлекет.


  1. Қазақстанның алдымен егемендігін, кейін мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы бір тарихи оқиғаның екі сатысы ел тарихындағы бір саяси оқиғаның екі датамен аталып өтілуі қоғамның сол жылдары қалыптасқан даму барысынан туындаған.


Егемендік пен тәуелсіздік - бір тарихи оқиғаның екі сатысы



1

Егемендік

(1990жыл 25 қазан)



Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация

-мемлекетті өзі басқаруы

-экономикасын өзі басқаруы

-табиғат байлықтарына иелік ету

-ішкі саясатта еркіндік алуы



2

Мемлекеттік тәуелсіздік

(1991 жыл 16 желтоқсан)



Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

-дүниежүзілік интеграцияға төте араласу

-халықаралық субьект ретінде танылу

-сыртқы саясаттағы бағытын өзі айқындау

2.Әлемде көптеген елдердің даму үрдісінде ұзақ жылдық тәжірибесіне сәйкес Қазақстан Республикасының даму бағытын ерекшелейтін Ата Заңымыз Конституцияда көрсетілген 4 атрибут бар. Олар Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. (1 бап, 1 тармақ)



Қазақстан Республикасы (саяси сипаттама)

Егемен

мемлекет


Демократиялық мемлекет

Зайырлы мемлекет

Құқықтық мемлекет

Әлеуметтік мемлекет

Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылылы ғы, дербестігі



Әділ сайлау, пікір алуандылығы демократиялық басқару әдістері, Республикалық құрылыс

Дін мемлекеттен бөлінген, билеуші дін жоқ, барлық діндер бірдей жағдайда

Адам құқықтары қорғалады, заң бәрінен жоғары,билік бөлінісі

Мемлекет бүкіл қоғамға қызмет етеді.Эконо мика халық үшін дамытылады.



Терминдермен жұмыс

Егемендік (орыс суверенитет, франц souverainete) – жоғарығы билік.

Демократия – (грек demos –халық, kratos - билік) халық билігі, халық басқаруы.

Республика – (res – іс, publicus – қоғамдық, жалпыхалықтық)

Тәуелсіздік – сыртқы және ішкі қарым-қатынастарда мемлекеттің басқа мемлекетпен толық тәуелсіз боуы.

Унитарлы – саяси билік бір орталыққа бағынған, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейтін мемлекеттің түрі.

Өздігінен орындалатын жұмыс:
Кестемен жұмыс.


Саяси сипаты


Саяси белгілері

Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет





Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет





Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет





Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет






Сабақты бекіту.
1.Демократиялық мемлекет дегеніміз не?

2.Зайырлы қоғам дегеніміз не?

3.Құқықтық және әлеуметтік деген ұғымдарды қалай түсінесің?
Үйге тапсырма:

1.Қосымша материалдарды пайдалану арқылы Қазақстан Республикасына сипаттама беру.

2. «Құқық барда , Отан бар» шағын эссе жазу

Сабақ №4
Тақырыбы:Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы
Мақсаты: А) Оқушыларға Қазақстан Республикасының Ата Заңы жайында мағлұмат беру, Ата Заңның ерекшелігімен және негізгі жүйесімен таныстыру, тәуелсіз Қазақстанның заңының негізі екндігін ұғындыру.

ә)Заңдық білімдерін жетілдіру, конституциялық құрылыс жайында өз ойларын білдіру дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, өз пікірлерін түйіндей білуге үйрету.

Б) Ата Заңды құрметтеу баршамызға міндет екенін түсіндіру, әр азаматтың конституцялық міндеттерімен және құқықтарымен таныстыру. Ата Заңды құрметтей білуге үйрету, құқықтық тәрбие беру, азаматтық жауапкершіліктерін арттыру.

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының Конституциясы, т.б.

Сабақтың типі: аралас



Сабақтың әдісі:Баяндау, сұрақ-жауап,өздік жұмыс орындау

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа зейінін аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау

1.Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесің?

2.Тәуелсіздік бізге қалай келді?

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Ата Заңның тарихы

2.Ата Заңның құрылымы

3.Мемлекет, адам құқығы және Ата Заң.


Ашық сұрақ:

- Конституция дегеніміз не?

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы. Мемлекетте қабылданатын барлық заңдар, ережелер, қаулылар, құжаттар конституциясы негізінде ғана жасалады. Осылардың барлығы Конституция талаптарына қайшы келмеуге тиіс.


    • Алғашқы Ата Заң (1993 жылы 28 ақпан)

    • Соңғы Ата Заңның қабылданған уақыты (1995жылы 30 тамыз)

    • Қандай тәртіппен қабылданды? (Бүкілхалықтық референдум негізінде).

1995 ж 30 тамыздағы Конституцияға 2 рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

1998ж 7 қазанда ҚР Конституциясына 19 өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.



2007ж 21 мамырда енгізілді.


Ата Заңның құрылымы туралы түсінік беру.


ҚР –ның Ата Заңы (9 бөлім, 98 бап)

Бөлімдер

Тақырыбы

Баптар саны

І бөлім

Жалпы ережелер

1-9

ІІ бөлім

Адам және азамат

10-39

ІІІ бөлім

Президент

40-48

ІV бөлім

Парламент

49-63

V бөлім

Үкімет

64-70

VI бөлім

Конституциялық кеңес

71-74

VII бөлім

Соттар және сот төрелігі

75-84

VIII бөлім

Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару

85-89

IХ бөлім

Қорытынды және өтпелі ережелер

90-98


Термин сөздігі

Конституция (constitution – құрылу, түзілу, өкім)

Референдум – (латын referendum – жариялану тиіс нәрсе) – мемлекеттің және қоғамның өміріндегі қандай да бір маңызды мәселе бүкілхалықтық дауыс беру, бүкіл халықтық пікірін сұрастыру.

Преамбула – Конституцияның кіріспе бөлімі
Оқушының өзіндік жұмысы



ҚР –ның Ата Заңы (9 бөлім, 98 бап)

Бөлімдер

Тақырыбы

Баптар саны


















































































Қорытындылау.

  1. Конституциялық мемлекет өміріндегі орны қандай?

  2. Ата Заңның басты ерекшелігі қандай?

  3. Референдум дегеніміз не?

  4. Конституцияда Қазақстан мемлекетінде қандай сипат берілген?

  5. Неліктен Конституцияны құрметтеу біздің борышымыз болып саналады?

Үйге тапсырма: Қазақстан Республикасы Конституциясын оқып, мазмұндау, талдау.

Сабақ №5

Сабақтың тақырыбы: Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)

Мақсаты: а) Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып,

БҰҰ-ның құрылуы, мақсаты т.б. туралы мағлұмат беру.

ә)Өзіндік ой-пікірлерін жүйелі жеткізе білуге, дағдыландыру.

Б)Оқушыларды танымдық, патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, баяндау, сұрақ-жауап т.б.

Көрнекілігі: Қосымша баспасөз материалдары, үлестірмелі карточкалар,

суреттер, т.б.



Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, қатынасын алу, зейінін сабаққа

аудару.

2.Оқушылар білімін тексеру.

3.Жаңа сабақ жоспарымен таныстыру.

1.БҰҰ құрылу тарихы



2.БҰҰ-ң мақсаты, негізгі бағыттары, басты органдары
БҰҰ- халықаралық бейбітшілікті сақтап, қауіпсіздікті нығайту және мемлекеттер арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылып, дүниежүзілік мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін халықаралық ұйым. БҰҰ жарғысына 1945ж.26.06. 50 мемлекет өкілдері қол қойып, 1945ж 24.10. күшіне енді. Бұл күн – БҰҰ құрылған күні. Құрамында 192 мемлекет бар. 1991 ж 20.12. еліміздің сыртқы істер министрі Ақмарал Арыстанбекова ҚР БҰҰ-на өкіл етіп жіберілді. 31.12. БҰҰ-ң бас хатшысына ҚР-дің
Президенті қол қойған ҚР –н БҰҰ мүше етіп қабылдау туралы өтініші табыс етілді. 1992ж2 наурызда БҰҰ-на ҚР-сы мүше болып қабылданды. БҰҰ-ның 168-ші мүшесі болды. 1992 ж 5 қазанда мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев алғаш рет БҰҰ-ның мінбесінен сөз сөйледі. БҰҰ-ның бас хатшысы - Пан Ги Мун. Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі 62 жаста.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет