Сабақ №1 Тақырыбы: Кіріспе. «Қазақстан құқығы» курсы туралы. Мақсаты: а оқушыларды құқық ұғымымен, құқықтың пайда болу



бет2/5
Дата22.02.2020
өлшемі0,69 Mb.
#58837
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
doc1548008473







БҰҰ-ның басты органдары

Бас ассамблея



Қауіпсіздік кеңесі

Хатшылық

Экономикалық әлеуметтік кеңес



Халықтық сот

Штаб пәтері Нью -Иоркте

БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары – жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғап, халықтық құқықты жүйелеу және оның ілгері дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Басты мақсаты – халықтық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.


Сабақты бекіту сұрақтары

1.БҰҰ қашан құрылды, мақсаты?

2.Неше мемлекет мүше болды?

3.БҰҰ—ның басты органдарын ата?

Үйге тапсырма: Баспасөз материалдарынан БҰҰ жаңалықтарын жинау.
Сабақ №6
Тақырыбы: Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы

Мақсаты: Азаматтың құқықтарымен бостандықтары туралы білімді

қалыптастырып, өз құқығын білімді қалыптастырып, өз

құқығын қорғай білетін, талап-талғамы терең, білімдерін жан-

жақты қалыптастыру. Адам құқығын бағалай білу мен

құндылықтардың маңызын түсіне білуге үйрету.

Сабақ типі: Жаңа материалдарды игеру

Сабақтың әдісі:әңгіме-сұхбат

Көрнекілігі: Заңнан үзінділер, баспасөз материалдары, т.б.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, қатынасын алу, сабаққа зейінін аудару

2.Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау.

3.Жаңа материал тақырыбымен таныстыру, баяндау.

Жер жүзінде1948ж 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассмаблеясы «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын қабылдады. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүние жүзінің прогресшіл күштері түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат. Декларация 30 баптан тұрады. Декларация бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінген.

Адам құқығы



Табиғи және айырғысыз құқықтар



Азаматтыққа байырғы құқықтар мен бостандықтар

Экономикалық әлеуметтік мәдени құқықтар

Осы Декларация қабылданғаны жыл сайын 10 желтоқсан да өзге елдердің бәрінде «Адам құқықтарының күні» аталып өтіледі. Соңғы 50 жыл ішінде әлемнің түпкір-түпкірінде болып жатқан аймақтық соғыстар, табиғи және экологиялық апаттар, нашақорлық, қарақшылық, жұмыссыздық – бәрі қосылып адамдарға келіп тіреледі. АҚЖ бірдей декларациясы адамды түріне, тіліне, саяси немесе діни сеніміне, ұлттық немесе әлеуметтік жағдайына,жылына қарамастан тең құқықты санайды.



Түсіндірме сөздік

Декларация - әртүрлі топтардың келісілген жалпы ұстанымдары мен мақсаттарын қалыптастыратын салтанатты акт.

Пакт – халықаралық келісім

Сөйлемді толықтырыңдар:

1948 ж 10 желтоқсан – Адам...........Бұл мереке құқық қорғау қозғалысының тарихындағы қандай оқиғамен байланысты?



Сабақты бекіту.

1.Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?

2.Декларация, пакт ұғымдарына түсініктеме беріңдер.

3.Адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарының жіктелуін сипаттап бер.



Үйге тапсырма:Қосымша материалдар жинақтау, жазбаша жұмыстар орындау.

Сабақ № 8
Тақырыбы: Балалар құқықтары туралы Конвенция

Мақсаты: А) Оқушыларға дайындалған ақпаратты қолдана отырып, бала

құқықтары туралы конвенция жайында түсінік беру.

Ә)Оқушыларға адам құқықтары мен өздерінің күнделікті

өмірлерінің арасындағы байланысын табуға көмектесе

отырып, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б)Құқықты өмірде пайдалануға баулу.



Сабақ типі: Аралас

Көрнекілігі: Сызбалар, қосымша материалдар т.б.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушы

қатынасын алу, оқушыларды психологиялық

жағынан жаңа сабаққа дайындау.

2. Оқушылар білімдерін әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сұрау.
Жаңа сабақ жоспары:

1.Құқықтар беті.

2.Бала құқықтары туралы Конвенция

Сөз бостандығы

Бостандық пен сенім


Ауадай қажет



құқықтар

Жеке адам құқықтары және саяси мақсаттар

Азаматтық құқықтармен міндеттер

Жеке адамның негізгі құқықтары:


  • Сөз сөйлеу және баспасөз бостандығы

  • Ар ұждан бостандығы

  • Жиналу және бірігу бостандығы

  • Заң алдында әділетті қорғану құқығы

  • Әділетті сот құқығы және оның дұрыс жүргізілуі.


Терминологиялық сөздікпен жұмыс
Конвенция – бала құқығының әлемдік конституциясы.

Демократия-грек тілінен аударғанда «халық билігі»

БҰҰ-ң Бала құқықтары туралы Конвенциясы - әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтары жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

Конвенцияға қатысушы мемлекеттер «ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстамдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге» міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар. Ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет.

Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы)Қазақстан Республикасы оны 1994ж. Маусымның 8-де бекіткен. Конвенцияның 44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-ға есеп беру тиіс..

1954жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде балалардың амансаулығын қамтамасыз етуге бағытталған игі іс-қимылдарға арналған балалардың бүкіләлемдік бауырластығы пен өзара түсіністігі күні ретінде «Дүниежүзілік балалар күнін» мерекелеу үрдісін барлық елдерде енгізуді ұсынды. Қарашаның 20-сы – Бас ассамблеяның 1959жылы ЮБалалар құқы декларациясын, ал 1989 жылы – Балалар құқы Конвенциясын қабылдауымен ерекшеленеді.

Бұл балалардың құқықтарын қорғау саласындағы маңызды құжатты республикамыз 15 жыл бұын 1994 жылы ТМД елдері бірінші болып ратификациялады.

БҰҰ-ның Балалар қоры – ЮНИСЕФ-тің есебіне қарағанда, жер шарында күніне 24 мыңға жуық жеткіншек безген ауруы мен аштықтан өледі екен, жыл сайын дамушы елдерде 11 млн. Бала бес жасқа жетпей өлім құшады. Әлемде алты милион бала аштық пен ашқұрсақтық салдарынан қаза табады. 121 млн бала мектепке бармайды.

Бала құқығын қорғау конвенциясы - әлем елдерінің барлығы дерлік ратификациялаған жалғыз ғана халықаралық құжат. Дегенмен, оған АҚШ пен Сомали әлі күнге дейін қосылған жоқ. Конвенция –өскелең ұрпақты білім алу, жақсы өмір сүру, озбрлықпен кемітушіліктен қорғау құқықтарымен қамтамасыз етуге шақырады.

Сабақты бекіту сұрақтарын қойып,қорытындылау.

Үйге тапсырма: Өзіндік ізденіс

Сабақ №10
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының « Балалардың құқығы туралы» заңы.

Мақсаты: А)Оқушыларға Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» заңымен таныстырып, ондағы негізгі құқықтарды айтып, құқықтық білімдерін арттыру.

Ә) Әр баланың құқығын жүзеге асыруға тәрбиелеу.

Б)Адамгершілік, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі:аралас

Сабақ әдісі: әңгіме-сұхбат

Көрнекілігі:Ұлағатты сөздер, «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы

«Адам.Қоғам.Құқық» хрестоматия 9-сынып



Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу, т.б.


Халық бұқарасына жаппай құқықтық білім беру мәселелері Қазақстан Республикасында қарастырылған. 1995ж 21 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің «Құқықтық жаппай оқытуды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы жарлығы шықты. Заң сыйлағыштың мәдениеті бар, заңғы мойн ұсынатын азаматтар да,заңды бұзушылар да бала жастан қалыптасады. Заң алдында жұрттың бәрі тең. Конвенция – дүниежүзілік құжат.Қазақстан Республикасының «Балалардың құқықтары туралы заңы №345 -11 2002жылы 8 тамызда қабылданып, 10 тараудан және 53 баптан тұрады.

Неге бұл Заңды қабылдау керек болды? БҰҰ кітапшасынан «Адам құқықтары №10 фактілер жинағынан» бірнеше фактілер:

- жанұясынан кетіп, 100 миллионға жақын балалар ауыр жұмыс істейді, ұрлықпен айналысады, босқыншылық, кедейшілікпен өмір кешеді.

- 120 миллион бала 6 жастан 11 жасқа дейін мектепке баруға жағдайы жоқ.

- жыл сайын 3,5 миллиондайға жақын бала емделетін аурулардан өледі.

Балалар құқығының конвенциясы қол қойған мемлекеттерді балалар құқығының мәселелерін шешуге іс-шаралар қабылдауға шақырады.

Қазақстан Республикасы осы Конвенцияға қол қойып, осы мәселелерді шешу үшін « Баланың құқығы туралы » заңды қабылдады.

Қазақстан Республикасының Заңы

1 тарау - Жалпы ережелер

2 тарау - Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат

3 тарау - Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері

4 тарау - Бала және отбасы

5 тарау - Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың

құқықтары

6 тарау - Мүгедек баланың құқықтары

7 тарау - Бала және қоғам

8 тарау - Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін

қорғау


9-тарау - Қорытынды ережелер

Бұл заңды құқықтың нормалар негізінде балалар қоғамдық қарым-қатынасқа араласу және өз құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету даярлығы мен қабілеттерін дамыту, мемлекеттегі саяси жағдайларды бағалап, жауапты шешім қабылдау үшін біз танысып, талдаудан өткізіп, санамызда берік ұстауымыз қажет. Бұл заңда мемлекет пен халықтың саяси тарихына, өмір құбылыстарына, бала өзінің және басқа адамдардың іс-әрекетіне баға беру, түрлі жағдайларды аналитикалық және сындық тұрғыдан бағалау, жауапты шешім қабылдауға, жауапкершілікке, іскерлік қарым- қатынас жүйесінде дағды қалыптастыруға жол көрсетілен. Азаматтар өз құқықтарын, бастандықтары мен міндеттерін, заңдарды басқа да нормативтік құқықтық актілерді жақсы білуі тиіс.



Қорытындылау. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан , өз құқығымызды құрметтей білейік оқушылар.

Үйге тапсырма: Жазбаша жұмыстар дайындау.

Сабақ № 11

Тақырыбы: Балалардың құқық нормаларын бұзу факторлары

Мақсаты: А) Оқушылардың алған білімдерін жаңа тақырыппен

байланыстыра отырып, жасөспірімдердің құқық нормаларын

бұзу факторлары туралы білімдерін толықтыру.

Ә)Ой-пікірін айту, білімді өмірмен байланыстыру, талдау

дағдысын дамыту.

Б)Құқық бұзушылыққа қарсы күреске білуге тәрбиелеу,

заңдылықты сақтауға үйрету.

Сабақ түрі: Ойталас

Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, т.б.

Көрнекілігі: Сызбалар,

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, оқушылар қатынасын алу, психологиялық тұрғыдан дайындау.

2.Оқушылар өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жаңа материалмен байланыстыру.

Мектеп жасындағы жасөспірімдердің құқық нормаларын бұзу факторлары. Халқымызда 13 жастан баланы отау иесі деп атайды. Ал, қазіргі Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан толық әкімшілік қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.


Құқықтық қабілеттілік

Әрекет қабілеттілігі

Әрбір жеке адамның өз басына тиісті құқықты пайдалану қабілеті туған кезде пайда болып өлген кезде жойылады.

Құқыққа ие болуы, өзі үшін міндеттер туғызу қабілеті 18 жасқа толған кезден пайда болады. Оған ҚР-ның барлық азаматтары ие болады.



Жасөспірімдердің құқық нормаларын бұзу факторы

Отбасындағы тәрбие, өнеге



Отбасындағы ынтымақтың бұзылуы

Отбасындағы ұнамсыз әрекеттер


Отбасының экономикалық-әлеуметтік жағдайының нашарлауы

Сыртқы ортаға әсері

Тобырлық санаға арналған басылымдар, жекеменшік телестудиялар т.б.




Мектеп ережелері мен оқушылар жарғысын өз дәрежесінде орындамау.


Құқықтық нормалар






Реттеуші,сақтаушы

ынталандырушы.



Жалпы негіздегі мінез .

Жалпы міндеттілік мемлекет тарапынан қабылданады.

Мемлекет тарапынан қорғалады.

Құқықты білмей, әлеуметтік мәнін түсінбей оны құрметтеу мүмкін емес. Әр азамат құқықтық қағидалармен бала кезінен танысуы қажет.



Құқық қағидалары:

1.Әлеуметтік бостандық

2.Адамгершілік

3.Демократизм

4.Теңдік

Қорытындылау. «Тәрбиелі – тәртіптің құлы» - демекші барлығымыз тәрбиесі мен білімі ұштасқан азамат болып өсейік.

Үйге тапсырма:Мысалдар келтіру, сұрақтар дайындап келу.

Сабақ №13

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары

Мақсаты: А)Оқушыларға құқық қорғау органдарының құқықтық

мәртебесімен, қызметінің маңыздылығымен таныстыру.

Ә)Қоғамдық өмір қауіпсіздігінің маңыздылығын ашып көрсету.

Сабақ әдісі: Пікіралысу, сұлбалар арқылы түсіндіру

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, сұлбалар, т.б.

Сабақ жоспары:

1.Прокуратура органы, құқықтық актілері

2.Ішкі істер органдары туралы ұғым

3.Адвокатура ұғымы

4.Ұлттық Қауіпсіздік органдары
Сұрақтар арқылы пікіралмасуды жүргізу.

1.ҚР Прокуратурасы қызметінің негізгі міндеттері қандай?

2.Ішкі істер министрінің құрамы туралы не білесің?

3.Адвокат қандай қызмет атқарады?

4.Адвокат қоғамға, адам өміріне аса қажет пе?
Прокуратура – мемлекет атынан әрекет ететін мемлекет аумағында заңдардың,ҚР Президентінің жарлықтарының, өзге нормативтік құқықтық актілердің, іздестіру қызметінің анықтау-тергеудің т.б. заңдылығын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Прокуратура (латын –қамын ойлайтын, басқарамын) алғаш рет ХІІІ-ХІVғ Францияда пайда болған.

Денсаулығының жарамдылығы


Прокуратура қызметін қабылдау кезіндегі қойылатын талаптар
Әскери қызметке жарамдылығы

Заңдық жоғары білімі

25 жастан асқан

3 жыл еңбек өтілі бар

3 жыл сайын біліктілік емтиханын тапсыру

Ант қабылдау

Наразылық Қаулы


Нұсқау Тапсырма


Санкция Ұсыныс

Арыз
ІІ. Ішкі істер министрлігі республика аумағындағы облыстағы, қаладағы ішкі істер басқармасының бірыңғай жүйесін, көлік жүйесін, қалалық, аудандық түзету мекемелерін – абақты ларды, лагерлерді, өрттен қорғау бөлімшелерін, ішкі әскерлерді басқарады.
Жедел басқарма бөлімдері


Қалалық, аудандық ішкі істер бөлімінің құрылымы


Май

Төлқұжат,штаб

Қосымша тергеу,секретариат

Кәмелеттік жасқа толмағанның

ісі жөніндегі полициясы,

иснпекцияның аумақтық

бөлімше



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет