Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет20/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

МАШЫҚТЫҚ жұмыс

1 тапсырма.
2 тапсырма.

«ҚСҮ бұзылыстары» тақырыбы бойынша мультимедиялық көрсетіліммен жұмыс

Ситуациялық есептер шығару

Организм ҚСҮ жағдайлары бойынша есептер шығару АЛГОРИТМІ.



  1. артериялық қанның рН бағаланады.

  2. сарапталады: I. артериялық қанның рСО2; 2. Стандартты гидрокарбонат және буферлік негіздердің ауытқуы.

  3. ион алмасу реакциясы сипатталады (қандағы К, Na, CI¯ ж.б. катиондар мен аниондар).

  4. ҚСҮ көрсеткіштері және несептегі көрсеткіштер (бүйрек қызметі), оларды қандағы ҚСҮ көрсеткіштерімен салыстырады.

  5. организмдегі ҚСҮ жағдайының ауытқуымен қабаттасатын бұзылыстардың қан мен несептің басқа да биохимиялық көрсеткіштері сарапталады









ҚСҮ көрсеткіштері, электролиттік құрам ж.б. қан мен несептің биохимиялық көрсеткіштері

Қалыпты жағдай

Есептер

№1

№2

№3

№4

№5

№6

Артериялық қанның рН

7,35-7,45

7,27

7,28

7,30

7,29

7,48

7,42

РСО2 (кПА)

4,8-6,2

3,9

4,1

7,5

3,9

3,2

6,8

Стандартты гидрокарбонат ммоль/л)

21-25

18,0

18,5

26,0

17,0

20,0

28,0

Буферлік негіздің ауытқуы (ммоль/л)

-2,4..2,3

-5

-5

1,3

-4

-3

6

Қан плазмасындағы натрий ммоль/л)

134-169

160

140

168

125

130

140

Қан плазмасындағы калий (ммоль/л)

3,8-5,2

5,2

5,7

5,3

5,8

4,0

3,8

Қан плазмасындағы хлор (ммоль/л)

95-100

96

100

92

94

115

82

Қандағы зәрнәсіл (ммоль/л)

3,33-8,32

4,6

2,1

5,25

22,4

4,6

6,22

Қан плазмасындағы аммиак (ммоль/л)

7,14-21,42

16,5

24

14,1

25,5

15,3

16,8


Кетондық денелер (ммоль/л)

до 5,2

7,2

5,6

4,0

5,2

4,2

3,5

Қандағы глюкоза (ммоль/л)

4,44-6,66

8,8

4,45

4,3

6,1

5,8

5,24

Қандағы сүт қышқылы (ммоль/л)

0,33-0,78

0,8

3,0

0,85

0,62

0,42

0,34

Плазмадағы жалпы билирубин (ммоль/л)

1,7-20,5

1,9

10,0

16,3

1,29

12,7

16,5


Диурез (л/тәу)

0,6-1,6

2,6

1,6

1,5

0,3

1,8

1,8

Несептің рН

әлсіз қышқыл

4,6

5,2

5,4

7,4

7,9

8,0

Титрлік қышқылдық (мл 0,1 М NaOH/тәу)

70-100

584

547

285

20

44

50


Несептегі аммиак (г/тәу)

0,5-1,0

2,4

1,1

1,0

0,03

0,22

0,25

Несептегі ацетон

жоқ

бар

бар

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

3 тапсырма: Р.Стефанның тәжірибелік (қанттың микробтық гликолизі нәтижесінде өзгерген жұғындының немесе аралас сілекейдің рН) графиктерін талдау.

Стефан графигінде келесі ақпараттық көрсеткіштер берілген:

А – Стефан графигінде рН, А = рНi - рНw;

S – рН күрт түсу қарқындығы,

S = (Тk + Тa)(рНk – рНw)2 / 2(рH1 – рНw);

рНi –рН-тың бастапқы мәні;

рНk – рН –тың кризистік мәні;

рНw –рН-тың ең аз мәні.

Тk – түсу уақыты (төмендеуі)

Тa – көтерілу уақыты (жоғарылауы)

1 - сурет.

График амплитудасы ауыздағы микофлораның қышқыл бөлу белсенділігін және ҚСҮ реттелу тетіктерінің тиімділігін сипаттайтын маңызды ақпараттық көрсеткіш болып табылады. Графиктің амплитудасы неғұрлым жоғары болса, микрофлораны көмірсумен күшейтілуіне соғұрлым жоғары жауап береді және ҚСҮ реттеу жүйесінің ацидозды жою мүмкіншілігі соншалықты төмен. Түсу уақытының мәні микробтық қышқыл бөлу жылдамдығы жоғарылағанда артады және оның ацидогендік белсенділігін сипаттайды. Көтерілу мәні, керісінше, ҚСҮ реттеу жүйесінің гомеостазды қалпына келтіру қабілеттілігін көрсетеді.

Стефан графигі (ацидоздық) ауыз қуысына микробтық гликолиздік ферменттердің әсерінен ыдырайтын сахароза түскенде ауыз сұйықтығында, тіс және тіл жұғындыларында қышқыл түзілуін сипаттайды (2-сурет). Көмірсуларды қолданғаннан кейін қышқылдардың өндірілуі кариес түзілуіне қолайлы жайт болып табылады. Көмірсулар ыдырағанда қышқылдардың түзілуі ауыз сұйықтығында рН-тың бірнеше минуттың ішінде бірден түсуін және кейіннен біртіндеп түсуін тудырады.



2-сурет


2-сурет. Сахароза қабылдағаннан кейін аралас сілекейдің рН өзгерісінің графигі
Стефан графигі (алкалоздық) ауызды 7% карбамид ерітіндісімен шайғаннан кейін тіркеледі (3-сурет). Тіс пен тіл жұғындысының көптеген, әсіресе гингивопатогенді микроорганизмдеріне (зәрнәсіл) мочевина уреаза әсерінен аммиак түзілуіне қажетті зат болып есептеледі. Аммиактың аммоний ионына тез айналуы тіс жұғындысы мен ауыз сұйықтығында алкалоз дамуына септеседі.


ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 146-172

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 195-207

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 747-764

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 288-296

  5. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 60-76.

  6. Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта. Алматы, 2010., с.16-31

  7. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с. 80-103

  1. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 205 -214

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 176-187.

  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 262-278.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С.349-358

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 405-447.

БАҚЫЛАУ:

Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 205-213


5 САБАҚ

9 тақырып КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ



Сабақтың мақсаты:

  1. Көмірсу алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  2. Көмірсу алмасуы бұзылыстарымен сипатталатын ситуацияларды патофизиологиялық сараптағанда теориялық білімін қолдану.

  3. Тақырып көлемінде дискуссия жүргізуге дағдыландыру.

  4. Жануарларда гипогликемиялық команы үлгілеуде және оны осы жағдайдан шығаруда жануарлармен жұмыс істеуді үйрену.

Оқыту міндеттері

  1. Көмірсу алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  2. Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу және пікірсайыс жүргізу дағдысын қалыптастыру

  3. Ситуациялық есептерді шешкенде теориялық білімін қолдана білу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары

  2. Бауырда гликогеннің түзілуі және ыдырауының бұзылуы. Гликогеноздар туралы түсінік.

  3. Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы (гиперлактацидемия, гиперпируватацидемия), патогенезі.

  4. Гипогликемия, себептері. Гипогликемиялық команың патогенезі.

  5. Гипергликемия, түрлері, даму тетіктері.

  6. Ұйқыбездік және ұйқыбезден тыс инсулиннің жеткіліксіздігі, даму тетіктері.

  7. Қантты диабеттің I және II түрінің этиологиясы мен патогенезі

  8. Диабеттік синдромның патогенезі. Диабеттік команың патогенезі.

  9. Қантты диабеттің асқынулары. Макро және микроангиопатиялар

  10. Қантты диабет кезінде ауыз қуысының өзгерістері.


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Студенттер мен оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірсайыс, тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау



Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелері мен ситуациялық есептер нәтижелерін тексеру, тест жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет