2 есеп. А. есімді науқас 16 жаста, дәрігерге қалқанша бездің үлкеюіне байланысты шағымданып келген. Бездің аздап үлкейгенін ең бірінші төрт жыл бұрын, қоныс аударғаннан бір жылдан кейін байқаған. Тексеруден кейін эндемический зоб диагнозы қойылды.
Зоб деген не?
Зоб дамытатын негізгі тетіктерді атаңыздар.
Мына жағдайда қайсысының маңызы бар?
3 есеп. Жас және кәрі егеуқұйрықтар тобының қалқанша бездері алынып тасталынды.
Қай егеуқұйрықтарға тиреоидэктомия ауыр тиеді және не себепті?
4 есеп. 27 жастағы науқас В., әлсіздіктің біртіндеп күшейгеніне, жұмысқа қабілетінің төмендегеніне, ұйқысыздыққа, тәбетінің болмауына, жүдегендігіне шағымданып клиникаға түсті. Артериалық қысым 80/60 мм с.б.б., бұлшық еттің межеқуатының төмендегені, іштің орталық ақ жолағының терісінде, шынтағының ішкі бетінде лас-қоңыр сепкілдер, гиперкалиемия, гипонатриемия, қандағы глюкоза мөлшері – 3,3 ммоль/л. Клиникада емделу барысында тісінің қауырт ауруы байқалды, дене қызуы көтерілді. Тіс дәрігері науқасты қарағанда мынадай өзгерістерді анықталды: Ауыз қуысында, ерінінде, қызыл иегінде, тілінің екі жағында, ұртының ішкі бетінің шырышты қабатында қабыну көріністерінсіз сүр-қара түсті ұсақ дақтар анықталды. Созылмалы гранулематозды перидонтиттің асқынуына байланысты ауру тісті жұлып тастау ұсынылды. Астыңғы сол жағында периостит.
Науқаста эндокрин жүйесінің қандай дерті бар? Диагнозын негізденіз.
Осы науқаста тіс жұлу отасынан кейін қандай асқынулар күтуге болады? Алдын алу шаралары.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 662-704
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 580-596
Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2т., 2010.-С. 470-522.
Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. С. 433-448
Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 538-558
Есембаева с.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта.– Алматы, 2010., с.81-84.
Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006.С. 192-228.
Қосымша:
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 315-322; 332-361.
Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 624- 637
БАҚЫЛАУ
Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 415 - 445
№ 10 САБАҚ
№ 21 тақырып. «Тері мен тірек қимыл құралының дистрофиялық және қабынулық зақымдануының патофизиологиясы» .
Сабақтың мақсаты:
Буындық синдромның, тері ауруларының, остеопатиялардың этиологиясын және патогенезі бойынша білімін қалыптастыру
Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
Остео -, артропатиялардың, терідегі біртектес дерттіке үрдістердің этиологиясы мен патогенезін зерттеу
Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу және пікірсайыс жүргізу дағдысын үйрену
Теориялық білімді ситуациялық есептер шығарғанда қолдана білу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Сүйек тіні дамуы бұзылысының этиологиясы және патогенезі.
Остеогенді жасушалардың белсенділігі реттелуінің бұзылыстары. Сүйектің боркеміктенуі (остеопороз) және жұмсаруының (остеомаляция) патогенезінде кәлций, фосфор алмасуының рөлі.
Тірек қимыл құралының біртектес бұзылыстары. Остеопатиялар туралы түсінік, этиологиясы және патогенезі.
Буындардың дегенерациялық, қабынулық өзгерістері (артропатиялар). Буынның қабынуы мен шорбуын (артрит пен артроз) туралы түсінік, этиологиясы мен даму тетігі. Құздамаға ұқсас артрит туралы түсінік.
Тері ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Экзогенді және эндогенді этиологиялық жайттардың сипаттамасы. Терінің зақымдануға төзімділігі.
Терідегі біртектес дерттік үрдістер. Тері аурулары патогенезіндегі жалпы және жергілікті жайттардың өзара арақатынасы.
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірсайыс, «мылқау» кестені толтыру, есептерді шешу.
Бақылау әдістері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер мен орындалған тапсырмалардың қорытындыларын тексеру, тест жүргізу
МАШЫҚТЫҚ жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |