Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет17/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

Аралық бақылау жүргізу жоспары

    1. билеттер бойынша ауызша және жазбаша білімін тексеру

    2. есептерді шығару дағдысын тексеру

Студенттердің білімін бақылау сұрақтары:

  1. Патологиялық физиология, шешетін мәселелері, зерттеу тәсілдері. Патофизиологиядағы тәжірибенің маңызы (кемшілігі және артықшылығы). Тіс жегі және пародонт ауруларының үлгісін алу.

  2. ҚР ДМ № 442 «Клиникаға дейінгі зерттеуді медициналық – биологиялық эксперимент пен клиникалық тексеруді Қазақстан Республикасындағы жүргізудің тәртібін бекіту» бұйрығының қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының индустрия мен сауда Министрілігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің 2006 жылдың 29 желтоқсандағы № 575 бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сай зертханалық тәжірибе туралы бұйрықтарының негізгі қағидалары

  3. Денсаулық пен аурудың анықтамасы. Аурудың негізгі нышандары. Аурулардың жіктелу ұстанымдары.

  4. Дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, мысалдар.

  5. А

    урудың сатылары, сипаттамасы. Жұқпалы аурудыңдаму сатылары.



  6. Ауру алды туралы түсінік. Жүктемелік сынаулармен ауру алдын анықтау.

  7. Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы.

  8. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.

  9. Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

  10. Организмге төменгі барометрлік қысымның ауру тудырушы әсері. Биіктік ауруы, этиологиясы, патогенезі,

  11. Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы.

  12. Аурудың пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы. Аурулардың этиологиясында тұқым қуалау және сыртқы орта жағдайларына байланысты аурулардың жіктелуі. Тұқым қуатын және туа пайда болған аурулар, себептері.

  13. Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Мысалдар.

  14. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Мысалдар.

  15. Бастапқы тізбек және кері айналып соғу шеңбері (биіктік ауруын мысалға келтір). Ауруларды патогенездік емдеу ұстанымы. Балалар организмінде бейімделу және қызметтердің қалпына келу үрдістерінің ерекшеліктері.

  16. Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру серпілісінің түрлері, мысалдар.

  17. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігінің аурулардың пайда болуындағы, өтуі және аяқталуындағы маңызы.

  18. Адамның жас мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы.

  19. Адамның жынысының реактивтіліктегі маңызы.

  20. Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (Кречмер, М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы.

  21. Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Жасушаның зақымдануға төзімділігі.

  22. Жасуша бүлінуінің түрлері. Жедел және созылмалы жасуша зақымдануының сатылары.

  23. Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары.

  24. Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, патогенезі, салдары.

  25. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары, сипаттамасы. МАТ әсерленуі жасуша мембранасының зақымдануының негізгі тетігі. Жасуша мембранасы зақымдану салдарлары.

  26. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары, сипаттамасы. Фосфолипаза және басқа гидролаза әсерленуі, осмостық бүліністері, иммундық бүліністері.

  27. Апоптоз туралы түсінік, патогенезі. Жасушаның қорғаныстық-бейімделулік жолдары.

  28. «Жедел кезең жауабы» себептері, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жедел кезең жауабы» нәруыздары, олардың қызметтері. «Жедел кезең жауабының» организм үшін маңызы.

  29. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері.

  30. Стрестің қорғану-бейімделу және патогенді маңызы. Адаптациялық аурулар туралы түсінік.

  31. Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, гемодинамика мен микроциркуляцияның өзгерістері.

  32. Кома, түрлері, даму механизмдері.

Есептерді силлабустың «Бақылау – өлшегіш құралдары» бөлімінен қараңыз. №1-11 есептер


4 сабақ

7 тақырып: СУ-ЭЛЕКТРОЛИТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ



Сабақтың мақсаты:

  1. Су-электролит тепе-теңдігінің негізгі бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  2. Теориялық материалдан алған білімін патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда және есептерді шығарғанда қолдана білу

  3. Машықтық дағдыларын жануарлармен жұмыс жасағанда бекіту

  4. Тақырыпты талдағанда атаусөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру

  5. ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын тәжірибе жасағанда қолдана білу

Оқыту міндеттері:

    1. дизгидрияның жіктелу, этиологиясы мен патогенезі және қалпына келтіру ұстанымдарын зерттеу

    2. әртүрлі клиникалық ісінулердің даму тетіктерін зерттеу және патогенездік сызбанұсқасын құрастыра білу

    3. тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру

    4. ісіну дамуымен байланысты жағдайларды патофизиологиялық сараптауды үйрену

    5. эксперименттік жануарлармен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру, эксперименттік ісінуде гемодинамикалық, онкотикалық және тіндік жайттардың маңызын зерттеу

    6. ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын тәжірибе жасағанда қолдана білу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Организмдегі су тепе-теңдігі бұзылуының түрлері.

  2. Сусыздану, патогенезі бойынша жіктелуі, себептері. Сусызданудың әртүрінле жасушаішілік және жасуша сыртында осмостық қысымның өзгерістері. Негізгі көріністері, олардың патогенезі.

  3. Оң су тепе-теңдігі (изо-, гипо-, гиперосмолялдық гипергидрия), себептері, патогенезі. «Сумен улану» туралы түсінік, себептері, даму тетіктері.

  4. Ісіну, түрлері. Ісінудің патогенездік жайттары, сипаттамасы.

  5. Ісінудің клиникалық түрлері, даму механизмдері.

  6. Натрий, калий алмасуы бұзылыстары, себептері, организмдегі өзгерістердің патогенезі

  7. Стоматологиялық аурулар дамуында микроэлементтер және фосфор-кальций алмасуы бұзылыстарының маңызы


Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, ісінулер патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру, ситуациялық есептер шығару.



Бақылау тәсілдері: ауызша сұрау, патогенезінің сызба нұсқасын құруды тексеру, есеп шығару, тест жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет