Сүйек-буын синдромының патогенездік сызбанұсқасын оқып үйрену, ең жиі кездесетін остеопатияның патогенезін көрсету
Тұқымқуатын
|
Ахондроплазия. Аяқталмаған остеогенез
|
|
Марфан синдромы
|
|
Рахиттәрізді аурулар
|
|
Жүре пайда болған
|
Қарттық
|
|
Алиментарлық
|
|
Гормондық
|
|
Нефрогенді
|
|
Қабынулық
|
|
№ 2 тапсырма. Остеопороздың патогенездік сызбанұсқасын зерттеу
БОРКЕМІКТЕНУДІҢ (ОСТЕОПОРОЗ) ПАТОГЕНЕЗДІК ЖАЙТТАРЫ
Тұқымқуалаушылыққа бейімділік және кәлций алмасуы реттелу жүйесіндегі теңсіздік (жыныс бездері қызметінің төмендеуі, гипертиреоз, қалқанша маңы бездері қызметінің жоғарылауы, глюкокортикоидтар өндірілуінің жоғарылауы ж.б., D витамині алмасуының бұзылуы).
Өсу жайттары түзілуінің азаюы
Цитокиндер өндірілуінің көбеюі (ИЛ-1 т.б.)
Остекластар мөлшерінің көбеюі және олардың белсенділігінің жоғарылауы → резорбцияның күшеюі
|
Остебластар мөлшерінің азаюы және олардың белсенділігінің төмендеуі → сүйек түзілуінің төмендеуі
|
Сүйек тіні қайта үлгіленуінің бұзылысы
Жас сүйек (остеоид) түзілуінің және оның минералдануының төмендеуі
Сүйек тіні минералдық тығыздығының төмендеуі (сүйек қуыстануы)
Аяқ -қол сүйектерінің, омыртқа денесінің, сан сүйегі мойнының сынықтары
|
№ 3 тапсырма. Самай-төменгі жақ буынының жіті остеоартрозының негізгі көрінгістерінің патогенезін көрсетіңіз
Симптомдар
|
Патогенезі
|
Буын аймағындағы ауыру сезімі
|
|
Төменгі жақ қимылының шектелуі
|
|
Буынның ісінуі
|
|
Дене қызымының көтерілуі
|
|
№ 4 тапсырма. Самай-төменгі жақ буыны остеоартрозының патогенездік сызбанұсқасын оқып-үйрену
Буын шеміршегінің әдеттегі төзімділігі кезінде буынға механикалық жүктеменің шамадан тыс түсуі
|
Буын шеміршегінің төзімділігі төмендеу кезінде буынға әдеттегі механикалық жүктеменің түсуі
|
↓
Буын шеміршегінің беткейіне түсетін механикалық жүктеме мен оның осы жүктемеге қарсыласу мүмкіншілігінің сәйкес келмеуі
↓
Шеміршектің ыдырауы мен оның қалпына келуінің арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы
(қайта үлгілеу)
↓
Шеміршектің дегенерациясы және нәрсізденуі
↓
Синовит, шеміршек асты сүйектің зақымдануы
Самай-төменгі жақ буыны остеоартрозы жақтың қимылының бұзылуымен (ауызды ашқанда төменгі жақтың қисық қозғалуы), буындағы, құлақтағы, шайнау бұлшықеттеріндегі ауыру сезімімен сипатталады. Қозғалғанда сықырлаулар, соғылулар пайда болады.
№5 тапсырма.
|
Ситуациялық есептерді шешу.
|
№ 1 есеп. Емханаға 45 жастағы науқас екі қолының білезік, саусақ буындарындағы орташа ауыру сезіміне, оладың ісінуіне және таңертеңгілік құрысуға шағымданып келді. Ауру сезімі көбіне қимылдағанда пайда болады. Сонымен қатар кешкі уақыттарда науқастың дене температурасының 37,5-38,0ºС- қа дейін көтерілуі, жүрек қағуы, физикалық күш түскенде ентігу, әлсіздік, селқостық, арықтау мазалайды. Науқастың анамнезінен оның буындарындағы ауыру сезімі жедел респираторлық вирустық жұқпамен ауырып тұрғаннан кейінгі соңғы 3 айдан бері мазалайтындығы белгілі. Соңғы 1 айда дене қызымының көтерілуін, жүрек қағуын, арықтауын байқаған. Сол кезде тағы саусақ буындарының ісінуі мен құрысуын байқаған. Ем қабылдамаған. Науқастың ата-анасы қартайған шағында өлген, бірақ анасы аяқ-қолдарындағы буындарының ауыру сезімдеріне жиі шағымданған.
Зерттеу мәліметтері: бойы – 168 см, салмағы - 48 кг, дене қызымы– 37,6 , АҚ – 90/60 мм.с.б.,
Пульсі - 100/мин, ТЖ-20/мин. Бұлшық ет-сүйек жүйесі: проксимальды саусақтарының фаланга аралық, екі қолының жіліншік-білезіктік, білезік-фалангалық буындары ісінген, шамалы деформацияланған, терісі қызарған, ауыру сезіміне байланысты қимылы біраз шектелген. Қол саусақтары ұршық тәрізді. Шынтақ буындарының сыртқы бетінде теріастылық түйіндер және саусақ бұлшық еттерінің шамалы семуі байқалады .
Қан талданымы:
Эритроциттер 3,0 х1012
Гемоглобин 100 г/л
Түстік көрсеткіш 0,8
Лейкоциттер 10,0 х 109 /л
Эозинофилдер 3, 0 %
Таяқша ядросы 8 %
Лимфоциттер 14 %
Ретикулоциттер 5 ‰
Тромбоциттер 240 х109 /л
ЭШЖ 35 мм/сағ.
Жағындыда - гипохромия - ++;
Қанның биохимиялық талданымы: С-әсерлі нәруыз (СӘН) +++
Протеинограмма
Қалыпты жағдайда
Жалпы нәруыз 50 г/л 65 – 85 г/л
Әлбуминдер 30 г/л 40 - 50 г/л
Глобулиндер 42 г/л 30 - 40 г/л
Фибриноген 6 г/л 2 - 4 г/л
Достарыңызбен бөлісу: |