Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет21/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

МАШЫҚТЫҚ жұмыс

1 тапсырма.

Ақ тышқандарда гипогликемиялық команың үлгісін алу, оның дамуын бақылау.

Әдісі: Тәжірибе үш тышқанға жасалады. Екі тышқанның әрқайсысына инсулин 1-2 бірлік мөлшерінде енгізіледі. Олар банкаға отырғызылады. Бақылау тышқан бөлек ыдысқа отырғызылады. Екі ыдыс жылы жерге қойылады. Жануарларды бақылайды. 40 минуттан соң тәжірибелік тышқандарда гипогликемиялық команың белгілері байқала бастайды (дене қалпы әдеттен өзгеше, тыныс жиілеген, қозғалыс үйлесімдігі бұзылған). Сол кезде тәжірибелік тышқанның біреуіне іш қуысына 1,0-1,5 мл 10% глюкоза ертіндісін жіберіп, екі тәжірибелік тышқандарды салыстырып, бақылауды жалғастырады. Бақылау аяқталған соң жануарлар жағдайының айырмашылығын түсіндіреді, қорытынды жасалады.


2 тапсырма.

Гормондардың көмірсу алмасуына тигізетін ықпалының кестесін құру. Сонда демейтін ықпалы (+) тежейтін ықпалды (-) ешқандай әсері болмаса (0)-мен белгілейді

Гормондар

Гликогенолиз

Гликогенез

Глюконеогенез

Гликемия

Қосымша ықпалдар

Инсулин
















Глюкагон
















Адреналин
















Глюкокортикоидтар
















АКТГ
















СТГ
















Тироксин















1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп. 72 жастағы артериалық гипертензиямен зардап шегетін науқас Б.,, соңғы екі жыл ішінде аяқтарындағы мұздау, жансыздану және жүрген кездегі сосын тыныштық жағдайында мазалайтын (көбінесе түнде мазалауға байланысты, ұйқысы да бұзылды) балтыр бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне шағымданады. 6-шы айында оң сирағында емге берілмейтін және ауырмайтын жара пайда болды. Науқас дәрігердің қабылдауында жоғарыда аталған шағымдарға, сонымен қатар аузының құрғауына, қатты шөлдеу сезіміне, жиі және көп мөлшерде кіші дәретке шығатынын айтты.

Қарап тексергенде: сирақ терісі құрғақ, бозғылт, ұстап көргенде суық. Артерияларды (табан, шап) сипап қарағанда пульсі білінбейді. Қан талдауында: холестерин, фибриноген, тромбоцит деңгейлері жоғарылаған, ашқарынға ҚПГ деңгейі 8 ммоль/л.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет