Сабақ №1. Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық- азаматтық бірегейлік


Тұтастай алғанда, президенттік институт егемен Қазақстанның бүкіл мемлекеттік басқару құрылымының негізгі тірегіне айналды



бет12/18
Дата29.12.2021
өлшемі71,49 Kb.
#106646
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Тарих РК
витаминдер, витаминдер, -9786010422438-9786010422452 convert compress, treatise136775, -a-9786010446380 convert compress, Силлабус КЖКФ 2015 4к яд, -9786010422438-9786010422452 convert, treatise8925
Тұтастай алғанда, президенттік институт егемен Қазақстанның бүкіл мемлекеттік басқару құрылымының негізгі тірегіне айналды. Оның қалыптасуы Халық депутаттары кеңестерінің толық билігі қағидатына негізделген Кеңестік республикадан билікті тармақтарға бөлуді қарастыратын президенттік республикаға көшудің жалпы үдерісі аясында өтті.

Аталған қағидат алғаш 1990 жылғы қазанда Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлылығының арқасында қабылданған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияда бекітілді. Оның ережелеріне сәйкес сол кездегі Жоғарғы Кеңес – биліктің заң шығарушы тармағының, Президент – басқарушылық-атқарушылық тармағының, ал Жоғарғы Сот сот билігінің қызметін атқаратын.

Сайлау жүйесін реформалау да сол кезде басталды. Мәселен, 1991 жылғы 16 қазанда «Қазақ КСР Президентін сайлау туралы» заңның қабылдануы арқасында Мемлекет басшысын жаңаша – бүкіл халықтың дауыс беруі арқылы сайлау тәртібі бекітілді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда сайлаушылардың 88,2%-ы қатысқан Қазақстандағы алғашқы осындай бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 98,8% дауыспен сайланды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 20 қарашада қабылдаған «Мемлекеттік билік пен Қазақ КСР-інің басқару құрылымын жетілдіру, Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң аясында Президент бір мезгілде республика басшысы да, биліктің атқарушы және басқарушы органының да басшысы болды.


6.6 Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация.

Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.
6.7 1991ж тамыз бүлігі. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет