Сабақ №1. Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық- азаматтық бірегейлік



бет13/18
Дата29.12.2021
өлшемі71,49 Kb.
#106646
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Тарих РК
витаминдер, витаминдер, -9786010422438-9786010422452 convert compress, treatise136775, -a-9786010446380 convert compress, Силлабус КЖКФ 2015 4к яд, -9786010422438-9786010422452 convert, treatise8925
Тамыз бүлігі - 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс. КСРО вице-президенті Г.И.Янаев, КОКП ОК-нің әскери саясат жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңес төрағасының бірінші орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі В.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы В.А.Крючков, КСРО ИМ Б.К.Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Шаруалар одағының торағасы В.А.Стародубцев, КСРО Мемл. кәсіпорындар қауымдастығының терағасы А.И.Тезяков, КСРО Жоғ. Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т атты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Осы кезде Қырымда болған КСРО Президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз б-нде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-тің №1-қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқталатын болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды. Аталған к-тке қолдау көрсетпейтін бұқаралық ақпарат кұралдары «Комсомольская правда», «Московский комсомолец», «Московские новости» секілді газеттер жабылып, қалғандарының үстінен қатаң бақылау қойылды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей Президенті Б.Н.Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г.Попов, Ленинград облысы мен қаласының басшысы А.Собчак, КОКП басшыларының бірі А.Яковлев, Э.Шеварднадзе және т.б. қолдады. Украина мен Кырғызстан басшылары республикаларында Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-ттің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Балтық бойындағы республикалар Тамыз бүлігін «басқа, шет мемлекеттің мәселесі, біздің оған қатысымыз жоқ» деп мәлімдеді. Өзбекстан мен Түрікменстан республикалары үнсіз қалды.

Әзірбайжан мен Тәжікстан республикаларының басшылары А.Муталибов пен K.Max - камовтар Тамыз бүлігіне қолдау білдірді. АҚШ Президенті Дж.Буш Тамыз бүлігін айыптады. Еуропа экономикалық қоғамдастығы Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитетке қарсы шығып, заңды екіметті қалпына келтіруін талап етті. Төңкерісшілерді жоғары шендегі әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде Тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, Тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. комитет мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет