Сабақ №1. Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық- азаматтық бірегейлік



бет11/18
Дата29.12.2021
өлшемі71,49 Kb.
#106646
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Тарих РК

Практикалық сабақ №6. Қазақстандағы орталыққа карсы күштер мен ұлттық сананың өсуі.

6.1 Жариялылық пен демократияны насихаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер. Экономикалық дағдарыс.


6.2 Ұлттық республикалардың экономикалық өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі қаржыландыруға қол жеткізу жолындағы талпыныстары. Экономиканы басқарудағы өзгерістер.

6.3Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі.

6.4Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.


Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2]

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.

17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.

Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.

Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
6.5Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы.

1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстанда тұңғыш рет президенттік институт құрылып, сол кезде өткен Жоғарғы Кеңес отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Бұл айтулы оқиғалар Қазақстанның мемлекеттігі мен егемендігінің нығаюында, сондай-ақ еліміздің табысты дамуында маңызды рөл атқарған президенттік институттың қалыптасуының бастамасы болды.

Басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыру, оның содан кейінгі жаңғыртылуы, әлеуметтік және экономикалық дамудың түрлі кезеңінде мемлекет алдында тұрған міндеттер спектрінің өзгерістеріне бейімделуі – Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың зор еңбегінің нәтижесі. Бұл үдерістің өзіндік ерекшелігі – оның Кеңестік саяси жүйенің өзінде басталып, кейіннен тәуелсіз Қазақстан жағдайында әбден пісіп-жетілуі.   

Тарих көрсеткендей, мемлекеттік билік қызметінің Кеңес Одағында және социалистік жүйе елдерінде қолданылған партиялық-мемлекеттік тетігі жаһандық экономикалық, әлеуметтік және саяси міндеттерді шешуге қабілетсіздігін байқатты әрі қоғамдық даму жолындағы кедергіге айналды.

 Сөйтіп 1990 жылдардың басына қарай республика өмірінде Компартияның басқарушы рөлінен айырылуы салдарынан билік жүйесінде вакуум пайда болғаны айқындала түсті. Бұрынғы билік институттары мен құрылымдары, кеңестік әкімшіліккомандалық жүйенің сарқыншақтары қоғам құрылымының жаңа түрінің талаптарына сай бола алмады. Жоғары, атқарушы және заң шығарушы биліктің функцияларын бойына жинақтаған, Жоғарғы Кеңес бастап тұрған депутаттар кеңесінің архаикалық жүйесінің толыққанды басшылықты қамтамасыз етуге талпыныстары сәтсіз болып шықты. Әбден тығырыққа тіреліп, барынша тез және тиімді шешуді талап ететін түйткілдердің көптігінен туындаған әлеуметтік ширығыс шегіне жеткенін көрсеткен митингтер, ереуілдер, басқа да жаппай белсенді қарсылық көріністері сол жылдардың шынайы сипатына айналды.

Басқарудың ескі моделінің кемшіліктері – төрешілдік, біліксіздік, органдар мен лауазымды адамдардың жеке жауапкершілігінің жоқтығы айқын көрініп тұрды. Басқару жүйесінің бұрынғы құрылымын өзгерту ғана елге қажетті серпін бере алатынын түсінген Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтарын айқын жіктеп, бөлісу қағидатын енгізу ісімен белсене айналысты. Сол күш-жігердің арқасында біртіндеп елде пәрменді президенттік билік, екі палаталы кәсіби парламент және тәуелсіз сот жүйесі түріндегі негізгі саяси институттар қалыптаса бастады.

1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымының белгіленуі республикадағы саяси билік трансформациясының түп бастауы болды. Ол кезге дейін Нұрсұлтан Назарбаев кеңестік Қазақстанның жоғары партиялық және шаруашылық лауазымдарында табысты жұмыс тәжірибесі жеткілікті, мойындалған көшбасшысына айналған-ды. Республика халқы арасында ол кеңінен танылып, биік беделге ие болған еді, сондықтан оның Қазақ КСР Президенті лауазымына баламасыз тағайындалуы дау тудырған жоқ.

Бұл таңдау республиканың басқарушылық құрылымында қажеттігі объективті себептерден туындаған жаңа мемлекеттік институттың пайда болғанын көрсетіп берді. Ең алдымен айтар нәрсе, әлемдегі саяси үдерістер тәжірибесі қилы кезеңдерде биліктің шоғырлануын арттыру арқылы мемлекет өз рөлін айтарлықтай күшейтетінін аңдатады. Кезектен тыс міндеттерді жедел шешу үшін оның функциялары мен өкілеттіктері кеңейтіледі. Қазақстанға қатысты алғанда әңгіме халықтың тұрмыс деңгейі күрт төмендеуіне, әлеуметтік бағыттан ауытқуға және басқа да көптеген күрделі түйткілге әкеліп соқтырған жүйе дағдарысын бастан өткерген қоғамды тұрақтандырып, нығайта алатын мемлекеттік құрылымның жаңа формасы жөнінде еді.

Жұмылдырушы фактордан басқа да жайттар өте өзекті болды. Атап айтқанда, нақты егемендікті, стратегиялық жоспарлау ісін жүзеге асыру және көзделіп отырған өзгерістерді жасау, тиімді сыртқы саясат қалыптастыру қажеттігі туындаған еді. Бұдан бөлек, халықтың көпұлтты және көпконфессиялы құрамы, республика аумағының орасан кеңдігі, Семей ядролық полигоны мен Арал төңірегі, тағы басқа да сондай ауқымды экологиялық апат аймақтарының болуы өте маңызды мәселелер саналатын.

Қажетті билік өкілеттіктері бар президенттік институт қана басқарудың қалыптасу үстіндегі жаңа моделінің орнықтылығын, саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын. Экономикалық бейберекеттік, түбегейлі саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, құқықтық нигилизм, пайда болып жатқан саяси партиялар институтының әлсіздігі жағдайында транзит кезеңіндегі Қазақстан үшін президенттік басқару формасының таңдалуы бірден-бір дұрыс шешім еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет