Сабақ №1. Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық- азаматтық бірегейлік



бет2/18
Дата29.12.2021
өлшемі71,49 Kb.
#106646
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Тарих РК

Практикалық сабақ №3. Қазақстандағы кеңестік биліктің әлеуметтік- экономикалық және саяси өзгерістерінің ерекшеліктері.

3.1. Уақытша өкіметтің мемлекеттік институттарының ыдырауы, большевиктердің билікке келуі.



Уақытша үкімет – Ақпан революциясының нәтижесінде Ресейде құрылған билік органы.

Төртінші Мемлекеттік Дума мүшелерінен тұратын уақытша комитет пен Петроград жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің келісімі бойынша 1917 жылы 2 наурызда құрылып, оны князь Г.Львов басқарды. Уақытша үкімет Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы шақырылып, мемлекеттік басқару шешімін тапқанға дейін билік жүргізуі тиіс болды. Уақытша үкімет Ресей азаматтарының құқығында діни-нанымына, ұлтына қарай ешқандай шектеушілік болмайтынын жария етті. Бұл өз кезегінде бұрын ұлттық езгіде болған халықтардың Уақытша үкіметке қолдау танытуын арттырды. Орталық Азия халықтарының Уақытша үкіметке қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, майданның тыл жұмысына адамдар алуды тоқтатуы және он алтыншы жылғы көтеріліске қатысушыларға кешірім жариялауы елеулі дәрежеде әсер етті. 



 1917 жылы 20 наурызда Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің ұйғарымымен Торғай облысының комиссары болып тағайындалды. Оның ұсынысымен Қостанай уезінің комиссары болып А.Бірімжанов, Торғай уезінің комиссары болып О.Алмасов, Ырғыз уезінің комиссары болып Ғ.Теміров бекітілді. 7 сәуірде Уақытша үкімет Түркістан өлкесін басқаруды қамтамасыз ететін Түркістан комитеті құрамын бекітті. Мемлекеттік Дума мүшесі, кадет партиясының өкілі Н.Н. Щепкин төрағалық ететін Түркістан комитеті құрамында М.Тынышбаев, С.Мақсұдов, А.Дәулетшин секілді жергілікті ұлттық қайраткерлер болды. Уақытша үкімет жағдайында Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарының қоғамдық-саяси өмірі жандана түсіп, ұлттық саяси элита өкілдерінің белсенділігі артты. Қазақстанда облыс, уездік деңгейдегі қазақ съездері және бірінші жалпықазақ съезі өтті. Ресей деңгейінде Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өткізіліп, онда мұсылман халықтарының Уақытша үкімет жағдайында мүддесін қорғайтын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі құрылды. 17 маусымда Уақытша үкімет дала облыстарына земство енгізу жайлы қаулысын шығарды. Соған орай Орал, Ақмола, Семей, Торғай облыстарында земстволық мекемелерді құру қолға алынып, оларға қазақ өкілдерін енгізу жүзеге асырыла бастады. 7 шілдеде А.Ф. Керенский Уақытша үкіметтің төрағасы болып тағайындалды. Тамыз айының соңында Уақытша үкіметтен билікті тартып алу мақсатында Л.Г. Корнилов бастаған бүлік болды. Бірақ Уақытша үкімет басшысы Керенский жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің көмегіне сүйеніп, бүлікті басуға қол жеткізді. Дегенмен, Уақытша үкімет ұзаққа созылған соғыстан туындаған әлеуметтік ауыртпалықтарды, әсіресе, азық-түлік тапшылығын шешуге дәрменсіздік танытты. Бұл өз кезегінде Уақытша үкіметке оппозициялық күштердің халық арасында беделінің артуына ықпал етті. 1917 жылы 25 қазанда Уақытша үкімет Қазан төңкерісі нәтижесінде құлады. Билікке В.И. Ленин бастаған большевиктер партиясы келді де көп ұзамай елде Азамат соғысы басталды.
3.2. Желтоқсандағы жалпықазақ съезі. Ә.Бөкейхановтың төрағалығымен Алашорда (Халық кеңесі) үкіметінің құрылуы. Алаш автономиясын жариялауға дарялық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет