Сабақ: §11 Глобус Жердің моделі Мектеп: Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп интернат



Дата22.08.2017
өлшемі97,52 Kb.
#23805
түріСабақ



Бекітемін: -------------------------- «-----» ---------------- 2016 жыл





Сабақ: §11 Глобус – Жердің моделі

Мектеп: Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернат

Күні:13.10.2016жыл

Мұғалімнің есімі: Құлбарақова Фариза Қиынғалиқызы

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты ( мақсаттары ):

Оқушыларға глобус, географиялық координаталар, географиялық ендік, географиялық бойлық глобустан қашықтықты есептеу туралы мағлұмат беру. Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • Оқушылардың тақырыпты ашу үшін өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік беру;

  • Ойлау, сөйлеу, талдау, түсіндіру қабілеттерін арттыру;

  • Саяси картамен, глобуспен жұмыс жасай білу икемділіктерін дамыту.

Оқушылардың басым бөлігі: жеке, жұп және топ болып жұмыс жасайды

Кейбір оқушылар: жеке тапсырмалар орындайды

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

  • Өтілген тақырыпты ден қойып тыңдау, түсіну

  • Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды топ, жұп болып орындау

  • Өз ойларын еркін жеткізе алу, керек деректерді дәптерлеріне жазып алу

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • «экватор», географиялық координата;

  • Географиялық ендік;

  • Географиялық бойлық.

Сыныптағы диалог, жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: «глобус» туралы түсініктерін жинақтау үшін мәтінмен жұмыс жасату

Талқылауға арналған тармақтар

  • Географиялық координаталар

  • Географиялық ендік

  • Географиялық бойлық

  • Глобустан қашықтықты өлшеу

Сіз неліктен ... ... ... екенін айта аласыз ба?

Глобустан әрі ендік, әрі бойлық басталатын нүктені таба аласың ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Мәтінді талдау, қызығушылықтарын ояту үшін сандармен жұмыс жасату, есептер шығартып, диаграмма сыздырытып, кесте толтырту. Мәтінде кездесетін жаңа сөздердің анықтамасын сұрау.

Алдыңғы тақырып

План және карта бөлімін қайталау

Жоспар:

І. Ұйымдастыру. ІІ Өткен тақырыпты қайталау. ІІІ. Жаңа сабақ. ІҮ. Сабақты қорытындылау. Ү. Үйге тапсырма беру. ҮІ. Бағалау

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған жаттығулар ( төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Ресурстар

Сабақтың басталуы

( 10 минут )

( 3 минут )

( 7 минут )

І.Ұйымдастыру. шеңбер құрып, әр түрлі сәтті сөздер арқылы жылы лебіздерін білдіреді ( Диалог түрінде). «Глобус», «Карта», «Ендік», «Бойлық» сөздері арқылы топқа бөлінеді.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау

І – нұсқа Сәйкестендіру тесті

1.Бергштрих А) Екі нүктенің биіктік айырмасы

2.Азимут Ә) Жалпақ, тегіс

3.Масштаб Б) Өлшеуіш құрал

4.Горизанталь В) Жол, бұрыш

5.План Г) Сызық

6.Салыстырмалы биіктік Ғ) Өлшеу, таяқ

7.Абсалюттік биіктік Д) Шектеуші



8.Деңгейлегіш Е) Толық, сөзсіз

1 - Г. 2 - В. 3 - Ғ. 4 – Д. 5 – Ә. 6 – А. 7 – Е. 8 – Б.

ІІ – нұсқа

Семантикалық карта




план

Гло бус

Масш таб

Ази мут

Таспа

GPS

План шет

1:1000







*













Нав жүйе
















*




Жалпақ, тегіс

*



















шар




*
















40х30см



















*

Құрал













*







0 - 3600










*













Бағалау парақшалары, үлестірмелер
Үлестірмелер, атлас, слайд

Сабақтың ортасы

( 20 минут)

( 5 минут )

( 5 минут )
( 10 минут )

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Қызығушылықты ояту Сурет бойынша өлшем жасау ( топпен жұмыс )

Бір нәрсе – бетінде жоқ ой мен қыры,

Өзінің кіндігінен айналып жүр

Өзіне назар салып қарасаңыз,

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр

2.Мағынаны тану Түртіп алу ( барлық оқушы тақырыппен танысып шығады, қажет жерін дәптерге түртіп алады)

3. Ой толғаныс ( топтық жұмыс )

1 – топ. 1. Географиялық ендік деп нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығы.

2. экватор мен меридианның 10 ұзындығы 111 км.



3. 490с.е, 20ш.б – Париж қаласы

2 – топ. 1. Географиялық бойлық деп Жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан алған қашықтығы.

2. Экватордың ұзындығы – 40 000 км.

3. 390с.е.770б.б – Вашингтон қаласы

3 – топ. 1. Географиялық координата – нүктенің жер бетіндегі орнын белгілейтін шама.

2. Гринвич меридианы – Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласының маңындағы Гринвич обсерваториясын басып өтетін меридиан. «Нөлдік меридиан» деп те атайды.

3. 530с.е. 130 ш.б – Берлин қаласы

4 – топ. 1. Бір полюс пен екінші полюсті қосатын сызықты меридиандар деп аталады.

2. Қазақстанның кез келген нүктесі солтүстік ендікте, шығыс бойлықта орналасқан

3. 160о.е., 520ш.б. – Антананариву қаласы


Оқулық, 6 сыныпқа арналған Атлас картасы, глобус, слайд

Оқулық, атлас


А3 қағазы, маркер, сызғыштар, глобус, атлас, оқулық


Сабақтың аяқталуы

( 15 минут ) ( 5 минут )

( 5 минут )

( 2 минут )

( 3 минут )

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

  1. Глоссарий

Географиялық координата – нүктенің жер бетіндегі орнын белгілейтін шама.

Географиялық бойлық – деп Жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан алған қашықтығы.

Географиялық ендік – деп нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығы.

Глобус – шар – Жердің нақты үлгісі

Меридиан – ( латынша меридиянус – талтүстік ) – Жер бетінде полюстен полюске дейін ойша жүргізілген сызық.

Экватор – ( латынша – теңестіргіш ) – екі полюстен де бірдей қашықтықта жүргізілген үлкен дөңгелек сызық.

  1. «Т» кестесі




Географиялық координата

Географиялық нысандар

1

600с.е. және 300ш.б.




2

300с.е. және 300ш.б

Каир қаласы

3

340о.е. және 200ш.б





Ү. Үйге тапсырма беру. §11 Глобус – тақырыпты оқу, анықтамаларды жаттау, тақырып соңындағы 4,5,6 тапсырмаларды орындау

ҮІ. Бағалау

презентация,

презентация, үлестірмелер

кесте
Оқулық, атлас, дәптер,қалам

Бағалау парағы




Қосымша ақпарат «География және табиғат», Интернет материалдары, Қазақстан және әлем елдері

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ – мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

-Картамен жұмыс беру

-Деңгейлік сұрақтар қою



Оқушылар жинаған ұпайлары арқылы бағаланады және жұптық бағалау жүреді.

Математика, тарих, Слайдтар, географиялық карта, глобус, ғаламтор деректері

Рефлекция

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз )?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз )?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет