Күні _____________
Сабақ №18,19 Сандар және оның қасиеттеріне байланысты есептер.
Қосындысы 16, ал айырмасы 4 болатын екі санның көбейтіндісі қаншаға тең?
Шешуі: x+y=16, x-y=4 шарты бойынша сол себепті, x=10,y=6 болады. Сонда екі санның көбейтіндісі 60 қа тең.
Тапсырмалар
Екі тізбектес натурал санның квадраттарының қосындысы сол сандардың көбейтіндісінен 57-сі артық. Осы сандарды тап?
Тізбектес екі натурал санның көбейтіндісі олардың кішісінен 2 есе үлкен. Осы сандарды тап.
Үш таңбалы сандарды қосқанда Әйгерім мынадай қате жіберді: бірінші санның ондығындағы 8 цифрын 3 деп, ал екінші санның бірлігіндегі 3-ті 8 деп ауыстырып қосындыда 713 санын шығарды. Қосындының дұрыс мәнін табыңыз. 7412*5 санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифрды қойғанда, пайда болған сан 3-ке қалдықсыз бөлінеді. а санын 5-ке бөлгенде 3 қалдық қалады. Онда 2а санын 5-ке бөлгенде неше қалдық қалады? 8 санының оң жағына да сол жағына да өзінен басқа бір санды жаздық. Шыққан сан 6-ға бөлінеді. Біз қандай сан жаздық? 1-ден 100-ге дейінгі сандарда 7 цифры неше рет қайталанады? 3,4,5-ке бөлгендегі қалдығы 2 болатын ең кіші сан қандай? Цифрлары әртүрлі болатын еі үлкен және ең кіші үш таңбалы сандардың қосындысы неге тең?
Достарыңызбен бөлісу: |