Сабақ №1,2 Сандар тізбегі



бет12/17
Дата06.02.2022
өлшемі76,76 Kb.
#80298
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
матем.сауат тапсырмалары

Күні _____________


Сабақ №20,21 Үшбұрыштарға арналған есептер.
Үшбұрыштарға арналған есептерді шығару үшін олардың қасиеттерін толық білу керек. Айта кетсек: пифагор теоремасы,үшбұрыштар ұқсастығы,синустар мен косинустар теоремасы аудандарының формулаларын,тік бұрышты үшбұрыштарға байланысты қасиеттердің барлығын.
Тапсырмалар



        1. Үшбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 20см, ал қалған екеуінің ұзындықтарының қосындысы 125%-ын құрайды. Үшбұрыштың периметрін есептеңдер.

Жерде лентамен бекітілген батпырауық ауада 60 м биіктікте қалықтап тұр. Лента жер бетінен 300 жасаса, кеңістіктегі лентаның ұзындығын тап? Саяхатшы белгілі жерден шығып 3 км оңтүстікке,4 км батысқа қарай жүрді. Содан кейін 7 км оңтүстікке,7 км солтүстікке жүрді. Бастапқы пунктен соңғы пунктке дейінгі арақашықтықты тап? Ахмет сүйірбұрышты және доғал бұрышты үшбұрыштың бұрыштарын өлшеді. Олардың төртеуінің өлшемдері мынадай: 1100,750,650,150. Сүйірбұрышты үшбұрыштың кіші бұрышы неге тең. Бұрыштың биссектрисасы. Бұрыш салыңдар. Бұрыштың биссектрисасын жүргізіңіздер.
1-сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш берілген бұрыштқа тең болуы мүмкін бе? Жауабы: ____ .
2-сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш берілген бұрыштан артық болуы мүмкін бе? Жауабы: ____ .
3-сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш берілген бұрыштан 4 есе артық болуы мүмкін бе? Жауабы: ____ .
4-сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш берілген бұрыштан 3 есе кем болуы мүмкін бе? Жауабы: ______ .



        1. Үшбұрыштың бұрыштары АВС үшбұрышының С төбесіндегі бұрыш 57°-қа тең, ал А бұрышымен сыбайлас бұрыш – 163°.

1-сұрақ. ВАС бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ .
2-сұрақ. АВС бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ .
3-сұрақ. Үшбұрыштың В төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша? Жауабы: ______ .
4-сұрақ. Үшбұрыштың С төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша? Жауабы: ______ .


        1. Үшбұрыштың бұрыштары. АВС үшбұрышының В төбесіндегі бұрыш 48°-қа тең, ал С бұрышымен сыбайлас бұрыш – 102°.

1-сұрақ. АСВ бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ .
2-сұрақ. ВАС бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ .
3-сұрақ. Үшбұрыштың А төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша? Жауабы: ______ .
4-сұрақ. Үшбұрыштың В төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша? Жауабы: ______ .

        1. Теңбүйірлі үшбұрыш. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрыштарының қосындысының мәні 318°.

1-сұрақ. Үшбұрыштың төбесіндегі ішкі бұрышы доғал бұрыш болуы мүмкін бе? Жауабы: _______ .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет