Сабақ 120-121 Білімділік: Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту



бет2/5
Дата04.03.2020
өлшемі2,86 Mb.
#59534
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Кері байланыс
-
сөздер мен сөз тіркестерінің баламаларын айтады
- сурет бойынша өз пікірін білдіреді

Тапсырма

1) «Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы бойынша жұмыс істеу. Екі топқа екі түрлі шағындау мәтін таңдап алынады. Мәтін бір бет қағазға жазылады, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлінеді. Ол бөліктер партаның бетіне орындары ауыстырылып, араластырылып, жайылып қойылады. 


Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай тауып құрастырады. Әр топқа құраған мәтіннің мазмұнын айтады. Бірінші топ мазмұндағанда келесі топ мұқият тыңдайды. Себебі бірінші топ мәтін бойынша тірек сөздер ұсынғанда, келесі топ сол тірек сөз бойынша дерек, мәлімет айту керек.

Тірек сөздер

Дерек/мәлімет


















2) Ұсынылған мәтіннің әр бөлігіндегі негізгі ойды тауып, бір сөйлеммен жазу тапсырылады. Әр топтың жазғанын тыңдай келе, ішінен біреуі таңдап алынып, тақтаға жазылады. Міне, осылайша мәтін жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Дайын болған жоспарларды бағалау критериіне сай топтар бағалайды. Оқушылар топта жоспар құру туралы ойларын ортаға салады



1-топ мәтіні

Билл Гейтс — қазіргі заман бизнесінің әлем мойындаған бірегей феномені мен техномагнаты. Нарықты бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы көшбасшы атанған ең бай тұлға. Билл Гейтстің ұлы идеясы: «Әр үстелде және әр үйде — компьютер». Біле білсеңіздер экран, клавиатура осыдан жиырмы жыл бұрын ғылыми қиял болған. Ерте кезден-ақ Гейтс компьютердің индустриялы жетістігі үшін ең бастысы — стандарттар жасау керектігін түсінді. Ол осыны ең бірінші жасап шыққандар ғана, бүкіл компьютерлік өнеркәсіпте билікке жететінін де ұғынды. 

Гейтс он екі жасынан бастап компьютерге деген ерекше құлшыныспен қарады. Колледжде оқып жүргенде өзінің кейінгі әріптесі Пол Аленмен әр түрлі бағдарламалық жобаларға көптеп қатысты. Кейін ол Алленмен Microsoft компаниясын құрады.
1975 жылы студент кезінде ол Аленмен бірігіп, компьютер тілдерінің бірі — BASIC нұсқасын жасады. Алғашында екі адамнан құралған ұжымда қазір қырық сегіз мыңнан астам адам жұмыс істейді және 25 миллиард доллардан астам таза кірістері бар.

2-топ мәтіні

Facebook Марк Цукербергтің компьютеріндегі бір жоба ғана болатын. Егер ол өзінің қалауы болғанда оны әлдеқашан сатып жіберген болар еді. Ол желіні сатудан бас тартты. Себебі ол Thefacebook-ке белгіленген сомаға емес, болашақта әлемді дүр сілкіндіретін жобаға қызықты. Facebook кішкене бастама болғанымен, Марктің мақсаты үлкен болды. Алдымен Facebook бір университеттің (Гарвард) деңгейіндегі жоба еді. Сосын Yahoo компаниясы желіні 1 миллион АҚШ долларына бағалағанда, ол миллиондық жобаға айналды. Дегенмен, Марк оны миллиардтық сатыға жеткізді.

Марк Цукербергтің үлкен мақсаттары мен тамаша жоспарлары болатын. Ол бүкіл әлемді өзіне тартатын ықпалды ойластырды. Миллиондаған қаржыны қамтитын капиталды күтпей, өзінің университеттегі жатақханасынан, бар жоғы бірнеше мың АҚШ долларымен бастады. Ал қазір ол әлемдегі ең жас миллиардер атанып отыр.

Марк Цукерберг Facebook-ті ғаламтордың негізгі орталығына айналдыруды мақсат етті. Ол Google-мен бәсекелес болуға дейін барды. Тәуекелге бас ұрмаған кәсіпкер сәтті бизнеспен айналыса алмайды. Марк Цукерберг те тәуекелдің аттауынан өтті. Марк Facebook желісін дамыту үшін оқудан кетіп, тәуекелге барды. Google-ға қарсы келіп, тәуекелге барды. Демек, тәуекелсіз үлкен дүмпу орын алмайды.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Айтылым.

Ақпараттық технологиялардың қолданылатын орындары туралы айтады,

«Егер компьютер болмаса»тақырыбында пікір алмасады, полилог құрады.

Жазылым. Диаграмма толтырады.

Тыңдалым.

Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.

Жазылым. Сөздердің аудармасын дәптеріне жазады, мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып жазады, тірек сөздерді анықтайды.

Оқылым. Сөйлемдерді толықтырып оқиды.

Айтылым. Мәтін мазмұнын қысқаша айтады, «Аквариум» тәсілі бойынша жағдаяттық тапсырманы орындайды.

Қалыптастырушы бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды. Кестеде түрлі түсті қарындашпен күлтешені бояп, өз ойларын білдіреді.

Жасыл - жақсы түсінді, оқу мақсатын орындай алды;


сары - әлі де дамытуы керек;
қызыл - мүлде түсініксіз




Бағалау критерийлері





1

Шағын көлемді мәтін мазмұнына жоспар құра алады





2

Жоспарға сай ойын баяндай алады








http://blogtime.kz/ERNUR/bill-geytstyn-10-syry.html
https://www.zharar.com/kz/3595-milliarder.html


Сабақтың соңы Рефлексия
7 минут


Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.

Тапсырманың шартын орындайды.

Топтық жұмыс. «Броундық қозғалыс» әдісі. Оқушыларға мәтін құрау үшін «Компьютердің қызметі» деген тақырып береді.

Аталған тақырыпқа қатысты сыныпты аралап ақпарат жинайды. Басқалар мен ой бөліседі. Мәтін құрайды.


Сабақтың соңында оқушылар:

Үйренгендері туралы ойланады

1. Не үйрендік?

2. Не оңай болды?

3. Не қиын болды?











Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет