Сабақ «1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі» тақырыбына дидактикалық материал (1-сабақ) Қосымша-1 Карточкаға ұсынылған жаңа ұғымдар



бет5/5
Дата14.12.2021
өлшемі116,47 Kb.
#126664
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дидактикалық материал 8 сынып 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 3-сабақ (2)

Қосымша ақпарат:

Исатай Тайманұлы (1791–1838 жж.) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының Жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.

Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.)-1836-1838 жылдары Ішкі Ордада (Бөкей Ордасы) болған Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің белсенді ұйымдастырушысы, батыр, жалынды ақын. Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынборқаласында тұрған. Махамбет Өтемісұлы белгілі орыс жазушысы әрі этнографы В. И. Дальмен жақсы таныс болды. В.И. Даль Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік қызметін атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин әр кездері Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген болатын. Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс.

 http://e-history.kz/media/scorm/280/361/text/text.htm

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет