Сабақ «1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі» тақырыбына дидактикалық материал (1-сабақ) Қосымша-1 Карточкаға ұсынылған жаңа ұғымдар



бет4/5
Дата14.12.2021
өлшемі116,47 Kb.
#126664
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дидактикалық материал 8 сынып 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 3-сабақ (2)

IV- топ. «Жазалаушылар»

Көтеріліс нәтижесі.

Тастөбе маңындағы шайқастан кейін көтерілістің бірінші және екінші кезеңі жеңіліспен аяқталады. Исатай мен Махамбет Кіші жүзге өтіп, 2000 жігіт жинап, Хиуа ханының қолдауымен патша өкіметіне және оның қолшоқпары Баймағамбет Айшуақовқа қарсы күреседі. Кіші жүз даласындағы халық қозғалысы енді орта жүзден Торғай өңіріне келген Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысымен жалғасады. Сондай-ақ, осы тұста Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісте өрши түсіп, ол Кенесарыға қосылуға бағыт алады.

Бұл уақытта жазалаушы әскер мен Баймағамбеттің жасағы Исатайларды тынымсыз іздеуде болатын. Исатайдың қайда жүргеніне қатты мазасызданған Жәңгір хан Кіші жүздің ішіне өз тыңшыларын жіберіп, бақылауды күшейтеді. Ал Орынбор губернаторы Перовский болса Кіші жүздегі көтерілістің басуға қосымша әскер жібереді. Полковник Гекке мен Баймағамбеттің отрядтары Ақбұлақтың жағасына орналасады. Исатай 500-дей жігітімен Қиыл өзенінің қарсы жағалауындағы биік қырға келіп тоқтайды. Көп кешікпей екі арада шайқас басталады. Жазалаушы әскер көтерілісшілерді үш жақтан шабуылдап, зеңбіректен оқ атады. Шайқаста көтерілісшілердің 70-80 адамы қаза табады да, амалсыздан шегінеді. Жазалаушы әскер көтерілісшілердің соңына түседі, көтерілісшілер болса шегіне отырып, біршама шайқасады. Кезекті қақтығыста Исатайдың атына оқ тиеді де, оған көмекке Махамбет пен Үбі келіп, аттарын ұсынады, бірақ батыр атқа мінбей жаяу ұрыс салады. Осы шайқаста Исатай қолға түседі, Баймағамбеттің үш нөкері оның қолын артына қайыра байлайды да, біреуі батырдың кеудесіне мылтық тақап тұрып атады. Оған қоса Иван Богатырев деген урядник батырдың басын қылышымен шауып түсіреді. Осылайша елі үшін еңіреген есіл ер қанышерлердің қолынан қаза табады. Басшысы өлген көтерілісшілер Ойыл өзенінің жағасындағы қалған топқа қосылады. Кіші жүзді қаптаған патшаның жазалаушы әскерлері көтерілісшілердің бірігіп ары қарай әрекет жасауына мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін Исатайдың ұйымдастыруымен болған көтеріліс жеңіледі.

Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісұлы біраз адамдармен Хиуа хандығына өтіп кетеді. Кейін Орынбор әкімшілігі оны қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтанның адамдары 1846 ж. қыркүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді.

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі.


Сұрақтар:

1.Көтерілістің нәтижелерін анықтаңыз;

2.Көтерілістің жеңілу себептерін атаңыз;

3.Көтерілісшілердің түпкі мақсаты неге орындалмағанын түсіндіріңіз;

4.Көтеріліс барысындағы басты тұлғалардың тағдыры туралы әңгімелеңіз;

5.Көтерілістің тарихи маңызын бағалаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет