Ортасы
|
Миға шабуыл: «Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма» - деп, бүгінгі сабағымызды жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге)
Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ақша жүйесінің қызметі».
Дәйексөз
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ
Ақша деген мал шықты.
( Шортанбай ақын).
Осы нақыл сөздері жолдары арқылы Шортанбай ақын тауар - ақша қатынасының экономикада үстемдік ететінін суреттеген. Біздің экономикамызда ақша үлкен роль атқарады. Ақша - барлық тауарлар мен қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар.
Материалды түсіндіру кезеңі
Кіріспе: Әңгіме
Ақша елі
Ақша елі өте ертеде пайда болған, онда ертедегі адамдар өмір сүрген. Осыдан он мыңдаған жылдар бұрын осы елдің жер өңдеушілері аңшылықпен айналысатын тайпаларды ығыстырып, өздерінің алғашқы қауымдастығын құрды. Олардың біреуі – ұсталықпен, енді біреулері - балық аулаумен, тағы біреулері – зергерлік бұйымдарымен айналысты. Ендігі жерде балықшылар үшін – ау, ұстаханадағыларға – түрлі құмыралар, жер өндеушілерге – ат тағалары қажет болды. Осы жерде бір – бірімен айырбас жасауға мүмкіндік туды. Айырбасқа түскен өнімдер тауар деп аталады. Тауар айырбасын жасап, ендігі жерде оларды салыстыра білу қажет болды. Сөйтіп «Ақша елінде» цифрлар мен сандар пайда болды.
«Ақша елінің» солтүстігінде «Балықшы» деген елді мекенде бір балықшы өмір сүрді. Бір күні балығын аулап, үйіне келсе, балықшының әйелі оған ұрса қоя берді. «Сен кешке дейін балық аулай бересің, ал үйде ескі екі құмған ғана қалды, терілер ескірді, аттардың тағалары жеңіліп кетті, олар ақсап жүр. Өстіп, біздің шаруашылығымыз құрыйтын болды». Оған ашуланған балықшы: «Маған ұрысқанша, содан шығатын жол ойлап тапсаңшы!» - деді. Балықшының әйелі ойланып - ойланып мынадай шешімге келді.
• Шынында да, еркектер керек заттар үшін әр жерге шапқылайды, онан да өзім әрқайсысына барып құмғандарды, ат тағаларын, терілерді «Балықшыға» әкеліп алайын, содан кейін керек заттары үшін бәрі осында келеді, - деген оймен балықшының әйелі «Темірші» деген елге келіп, таға сұрайды, бірақ олар тегін бергілері келмей, айырбастайтын құмған, тері әкел, - дейді.
• Тығырықтан шығу үшін балықшының әйелі «Теңге» еліндегі Тиынов деген ғалымға келеді. Ол ғалым арнаулы құралмен бақыр жасайтын. Оның үлкен бақыры – теңге деп, жүз кішкене бақыры - тиын деп аталды. Ол ғалым балықшының әйеліне мынадай кеңес берді. «Біздің еліміздегі қолөнершілер тауарларын теңге мен тиынға айырбастасын, сонда барлық жерде тауарға айырбастайтын ақша пайда болады». Сол күннен бастап, ақша елінің ақша айырбасы жүре бастады. Міне, осы кезден бастап балықшының әйелі сатушы болды. Жан - жақтан қолөнер шеберлері тауар әкеліп, тауар айырбастайтын орын, базар алаңы (нарық алаңы) деп аталды. Басқа елдерде өзгерістер өтіп жатты, енді ел арасында байланыс басталып, ол экономикалық қатынастар деп аталды.
Көптеген жылдар өтті. «Ақша елі» дамып, өсіп әдемі қалалары көп қабатты үйлері пайда болады. Бірінші қабатында дүкендер, шеберханалар орналасты. Бұл елде банкілермен биржалар пайда болды. «Ақша елі» сауданың орталығына айналды.
Ақша дегеніміз – қандай да бір затты сатып алу үшін қолданылатын, заттың құнын білдіретін металдан, қағаздан белгілер мен бірлік.
Ақша түрлері (презентация)
|