Панорамалық сабақ
№2 Сабақ тақырыбы: «Блузканы модельдеу»
1.Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу
Семинарға қатысушылармен психотренинг «Күншуақ» (парақшаларды тарату)
Тақырыпқа мұғалімнің сөзі (интерактивті тақта арқылы түсінік)
Панорамалық сабақ – бұл мұғалімдерге қажет сабақ жүйесі. Яғни мұғалімдер өз тәжірибесіне байланысты өткізетін сабағы.
Панорамалық сабақ мақсаттары----- және озат мұғалімнің ұстаздық шеберханасының қыр – сырымен таныстыру, тәжірибесін көпке таратуды қамтиды.
Панорамалық сабақ өткізуші мұғалімге қойылатын талап – оның сабақ өткізуде өзіндік тәсілдерінің болуы. Олай болса бүгінгі менің шыгармашылық шеберханама қош келдіңіздер.
2. Сабаққа кіріспе
Оқушылар кіреді. (төртеуден отырады)
Партада үш түрлі түстен көйлектің қиындылары жатады. Әр оқушы өздері таңдаған түсті алып тақтаға барып, құрастырады. Құрастырғанда көйлек моделі шығады
Оқушылар таңдаған түстерімен партаға топ болып отырады.
Мұғалім құралған түрден сабақ тақырыбын шығарады.
«Блузканы модельдеу»
Жүзеге асыру қадамдары
1– қадам. Көлекті модельдеу туралы сызбаны тақтаға және дәптерге сызып алу
-
Білемін
|
Білгім келеді?
|
Үйрендім
|
|
|
|
2 – қадам. Оқушылармен екі бағанды толтыру
3 – қадам. Мұғалім түсінігі. Слайд арқылы көйлекті модельдеуді түсіндіру
4 – қадам. Оқушылардың жаңадан алған білімдерін сызбаның соңғы бағанын
толтыруы
5 – қадам. Екі баған бойынша қандай сұрақтарға жауап тапқандарын топта
талқылау
Рефлексия:
Бірнеше көйлек түрлерін ауызша түрде модельдеу.
Сабақты аяқтау:
Ықылас білдіру, қоштасу
Отырған мұғалімдермен жұмыс
Панорамалық сабақ түрінде сабақтың тақырыптық негізін теориялық меңгерту бөлімін панорамалағанында түсіндіру
Алған тәжірибелік, әдістемелік жерлерін «Күншуақ» түрінде рефлексиялау
Ықылас білдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |