Сабақ №2 Сабақтың тақырыбы Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері Бөлім



Дата06.02.2022
өлшемі321,5 Kb.
#81897
түріСабақ
Байланысты:
№2 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері


ТІРЕК КОНСПЕКТ
ФИЗИКА



Пән: Физика

Сынып: 7

Тоқсан: I

Сабақ №2

Сабақтың тақырыбы

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері

Бөлім

Физика – табиғат туралы ғылым

Ресурстар

https://www.youtube.com/watch?v=GMLI2pNASN8

Сабақтың мақсаты

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін біліп, ажырата алады.

Қысқаша тірек конспект

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.
Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.
Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.
Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.
Физикалық эксперимент арқылы бақылаулар жүргізіліп, жаңа деректер жимнақталады; ғылыми болжамдар мен теориялар тәжірибеде тексеріледі. Эксперимент жасау үшін ұқыптылық, нақтылық, дәлдік және жауапкершілік аса қажет.
Эксперимент барысы:
1) эксперименттік жұмыстың тақырыбы;
2) эксперименттің құрал-жабдықтары;
3) эксперименттің мақсаты;
4) эксперимент сұлбасы;
5) эксперимент барысын баяндау;
6) эксперимент нәтижелері;
7) эксперимент қорытындысы.
Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу әдістері.
Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын рет - ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды. Жаңа деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп - салдарлық байланыстар бар ма? Деген негізгі сұраққа жауап іздейді. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды В. Франклин (1706 - 1790жж) ұсынды. Оның болжамы бойынша найзағай – әр түрлі зарядталған бұлттардың арасындағы немесе бұлт пен Жердің арасындағы аса қуатты электр электр ұшқыны. Ондай ұшқын әр түрлі электрленген (зарядталған) денелердің араларында байқалады.
Астрономиялық бақылау үшін де әр түрлі құралдар мен аспаптар қолданылады. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы – телескоп. Оның жәрдемімен жақын тұрған аспан денелерінің (Айдың, Күн жүйесіндегі планеталардың және олардың серіктерінің) беткі дедерлерін көруге болады. Телескоптың арқасында көзге көрінбейтін басқа да аспан денелерін бақылап, ғылыми деректер жинақталады.


Тапсырма

Теориялық зерттеудің ең жауапты кезеңін жаз.
Эксперименет жасауға қажетті қасиеттер.

Кері байланыс

(whatsapp мобильді қосымшасы арқылы немесе электронды почтаға):
Мен не білдім?
Мен үшін бұл жаңалық болды.
Бұл менің білгендеріме қарама қарсы болды.
Бұл туралы көбірек білгім келеді.


Әзірлеуші: Дабылова Тоқжан Мамыралықызы №200 МГ физика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет