Пәні:математика,5 «А» - сынып.Күні 04.02.2015ж
|
Тақырыбы:
|
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу.
|
Мақсаты
|
1.Білімділік: Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға есептер шығару арқылы машықтандыру.
2.Дамытушылық: Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға толық үйренеді.
3.Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,жауапкершілікке,бір - біріне көмектесуге тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиже
|
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуды орындай біледі.
|
Ресурстар
|
Электрондық оқулық, кішітіректер.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
«Ойлан, тап» әдісі, «Айналмалы бекет» әдісі.
|
Пәнаралық байланыс:
|
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Оқушылармен амандасу,түгендеу. «Менің сүйікті пәнім» әдісін қолданып,оқушылар өздерінің қандай пәнді ұнататынын сағат тілі бағытымен айтып,психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
I.Қызығушылықты ояту.14 минут
|
Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында «Ойлан, тап» әдісі қолданылады:
А
А
А
А
С
С
Р
Н
Л
1)Бөлігі бойынша санды қалай табуға болады?
2)Теңдеу құру арқылы бөлігі бойынша санды қалай табуға болатынын түсіндіріңдер.
3)Санның бөлігі қалай табылады?
4)Қандай жағдайда санның бөлігі сол саннан кіші болады?
5)Қандай жағдайда санның бөлігі сол саннан үлкен болады?
6)Бөлу амалын көбейтумен алмасиырып есептеу үшін қандай түрлендіру пайдаланамыз?
7)Көбейту амалына кері амал қалай аталады?
8)Натурал санды қалай бөлшекке бөле аламыз?
9)Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін тұжырымдаңыз.
|
Топтар өзара 3 топқа бөлінеді:
«Сантики», «Фантики», «Лимпопо».
«Ойлан, тап» әдісі бойынша шеңбершедегі сұрақтарға жауап беріп,артындағы әріптерден математикалық термин сөзді құрастыру.
|
|