Сабақ №21 Мұғалiм: Нурахунова Қундыз Сынып: 3 Тақырып: Жомарттық пен кеңпейілділік


Мектеп № 169 мектеп-лицей Мерзiм: Сабақ №22



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі71,89 Kb.
#91173
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Жомарттық пен кеңпейілділік
АТА-АНАЛАРҒА ЖАДНАМА, жаднама, жаднама
Мектеп № 169 мектеп-лицей Мерзiм: Сабақ №22
Мұғалiм: Нурахунова Қундыз Сынып: 3
Тақырып: Жомарттық пен кеңпейілділік
Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: бауырмалдылық, кешірімділік, достық.

Сабақтың мақсаты: Кеңпейілділік пен жомарттықтың маңыздылығы туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:

  • Оқушыларға кеңпейілділік пен жомарттылықтың маңыздылығын ұғындыра отырып,бауырмалдылық касиеті туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды кешірімділікпен қарым-қатынас жасауға дағдыландыра отырып, достық қасиетіне баулу.

  • Оқушыларды бауырмалдылыққа, ақкөнілдікке, достыққа тәрбилеу.

Ресурстар:
(құралдар, мәліметтер)
эссе жазу, ми шабуылы, шағын-дәріс, пікірталас

Сабақ барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5Т-ны сақтау




2. Үй тапсырмасын тексеру Атымтай Жомарт аңыз әңгімесін сұрау

Әр оқушының жеке пікірін тыңдау

Дәйексөз. Адамның қадірлісі-жомарт кісі. Ж. Баласағұни

Хормен қайталап, мағынасын сұрау

Әңгімелеу. Бірге оқимыз. Ермек Өтетілеуұлы «Жомарт»

  • Нұрланның кеңпейілділігін қандай іс-әрекетінен байқауға болады?

  • Кеңпейілді болудың мәні неде?

  • «Ақылды десе боларсұрамай білгенді, жомарт десе боларсұрамай бергенді» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Жомарт адамды қандай қасиеттерінен тануға болады?

  • Өзіңнің жомарттық көрсеткен кезің болды ма? Айтып бер.

Сабақта ұжымдық тыңдауға жайлы жағдай тудыратын ойлау және тілдік әрекет

Жаңаны білеміз. Халықтық салт- дәстүр тәрбиесінде әрбір ата- ана ұрпағына жомарттықты ұғындырып отырған. Жомарттықтың бірқатар қыры болады.Мысалы: қол жомарттығы, көңіл жомарттығы, жол жомарттығы.Бұл қасиеттер адамның басқа адамдарға деген риясыз мейірімділігі мен қамқорлығының көрінісі болып табылады. Жомарттық- көңіл байлығы. Жомарт болу үшін міндетті түрде бай, дәулетті болу қажет емес.Жомарт адам- қолыңдағы барымен бөлісуге даяр, көңілі мөлдірдей таза адам.




Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.Мәтінді негізге ала отырып, өз күнделіктеріңді жасаңдар.Онда өздеріңнің жомарттық іс-әрекеттеріңді түйіндеп жазыңдар.
2-тапсырма. Түймедақ жапырағындағы сұрақтарыңды оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

3-тапсырма.Мәтінді оқыңдар.Мәтіннің негізгі ойын анықтаңдар.Мәтінге байланысты сұрақ құрастырыңдар.

Оқушыларда өзіне сенімділік сезімі нығаяды, ынтымақтастық, іс әрекеттегі келісімділік дамиды.

Жүректен жүрекке.
Біз өмірдің гүліміз. Сөзі Ә.Дүйсенбиевтікі, Әні Б.Ғизатовтікі

Музыкасын қосу

Үй тапсырмасын беру. Отан туралы өлең шумақтарын жаттау
Рефлексия: «Бас бармақ» әдісі

Күнделікке жаздырту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет