Сабақ №25 Сыныбы: 4 а Пәні: Шахмат Пән мұғалімі: Жанар Орынбаева



Дата26.08.2017
өлшемі40,93 Kb.
#28511
түріСабақ
Бекітемін: Келісілді:

Мектеп директорының Мектеп директорының

бастауыш оқу ісі жөніндегі ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары _____ Ж.Әлиева орынбасары ______ Қ.Жұмағалиева

«__» _____ 2015 жыл « ___» _____ 2015 жыл
Күні: 7.03.2016

Сабақ № 25

Сыныбы: 4 а

Пәні: Шахмат

Пән мұғалімі: Жанар Орынбаева

Сабақтың тақырыбы: Шахмат ойынының стратегиясы мен тактикасы

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік мақсаты:

Оқушыларға стратегия және тактика сөзінің мағынасын түсіндіре отырып,шахмат ойынының принциптері мен ережелері туралы мағлұматтар беру

ә) Тәрбиелік мақсаты:

Өз ойларын ашық айтуға, адамгершілікке,бір-бірін құрметтеуге,шахмат ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.

б) Дамытушылық мақсаты:

Шахмат ойынын үйрету барысында оқушылар бойында стратегиялық жоспарды тактикалық тәсілдермен дамытудың тиімділігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, шахмат, қоржын,кубик,бейнеролик

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Пән аралық байланыс: Математика

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

- оқушыларды түгендеу

- назарларын сабаққа аудару

психологиялық дайындық

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз,

Той күні оны бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз, - деп қонақтарға оқушылар өз тілектерін айтып гүл тапсырады.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Кубизм әдісі бойынша,сұрақтарға жауап аламын,үйге қандай тапсырма берілді?

үйге шахмат ойынының негіздері.

1.Шахмат ойынының негіздері дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Шахматпен дойбы ойынының айырмашылығы неде?

3.Шахмат тақтасындағы әріптермен цифралар нені білдіреді?

4.Шахмат фигураларының атауларын ата?

5.Шахмат фигураларының ішіндегі ең күшті фигураны ата?

6.Шахмат ойыны қай жылдан бастап қолданысқа енгізілді?

7.Қазақстандағы шахматшыларды ата?

8.Қызылордалық шахматшылардан кімдерді білесіңдер?

(оқушылардың жауаптары)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

«Сиқырлы қоржын ойыны» арқылы бекітемін

ІV.Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту.

Шахматтан басқа қандай ойындардың түрлерін білесіңдер?

«Менің көңіл күй» көңіл-күй тақтасында смайлинктер арқылы өздерінің көңіл-күйлерінің белгісін көрсетеді

-бәріміздің көңіл күйіміз керемет екен, менде өте қуаныштымын!Ендеше сабағымызды бастайық.

-Балалар біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы «шахмат ойынының стратегиясы мен тактикасы » бүгінгі күннің ретін жазып сабаққа назар аударайық.

Мұғалімнің түсіндірмесі

Ойында белгілі бір мақсат болғандықтан,сол мақсаты жүзеге асырудың айла- тәсілдеріде болады.Тақтадағы қияң-кескі күрестің жалпы барысын,негізгі жоспарды стратегия деп,ал жеке айла- тәсілдерді тактика деп атайды. Бұл екі ұғым өте тығыз байланысты.

Енді мына шахмат тақтасына назар аударалық.Шахмат ойыныны негізгі принциптер бар олар.

1.Қолда бар фигураларды өрбіту.

2.Орталық шаршылар үшін күрес

3.Өз королін берік қорғаныста ұстау.Тек осы мақсаттарды жақсы түсінгеннен кейін ғана стратегиялық жоспарлар құрып,оны тактикалық айла-тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады.

-дәптермен жұмыс

сергіту сәті

-шахматшылар ойыны (қысқа партия ойынын ойнайды)

Шахмат партияларының жазылуы:



  1. қысқа рокировка

    1. ұзын рокировка

+ шах!

Х мат.


! күшті жүріс

!! өте күшті жүріс

? әлсіз жүріс

?? өте әлсіз,қате жүріс

V.Жаңа сабақты бекіту

Балалар бүгінгі сабақта не білдік?

VІ.Бағалау.

VІІ.Үйге тапсырма

Шахмат ойындарының принциптерін жаттау

VІІІ.Шығармашылық жұмыс

Ермек саздан шахмат фигураларын жасау

ІX.Сабақты қортындылау.

Шахмат фигураларына 4 қатар өлең айту.

Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы:

Шахмат ойынының стратегиясы мен тактикасы

Сыныбы: 4 а

Пәні: Шахмат

Пән мұғалімі: Жанар Орынбаева



2015-2016 оқу жылы







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет